Табиғатқа фармацевтиканың 10 әсері

10. Судың ластануы

Судың ластануы
Заманауи тазалау құрылғылары суды кез келген қоқыстан тазалауға бейімделген болса да, олар зиянды химиялық заттарды тазалауға мүмкіншілігі жетпейді. Біз ауыз су алатын өзен мен көлдерде дәрілік заттар қалдықтары бар. Олардың концентрациясының аз болғандығынан олар ағзамызға тікелей әсер ете алмайды.

9. Абайсыз асшаяндар

Абайсыз асшаяндар
Ғалымдар зерттеулері бойынша асшаяндар кейбір антидепрессанттары бар заттарға сезімтал келеді. Табиға ортада асшаяндар жыртқыштардан көлеңкелі қараңғы жерлерде тығылады. Суға флуоксетин қосқанда олар қорқынышын «жоғалтады» , жарыққа ұмтылады және өзінің қараңғы жерлерінен шығып жыртқыштарға жемтік болады.

8. Агрессивті каракатицалар

Агрессивті каракатицалар
Антидепрессанттар басқа да теңіз жануарларына әсер етеді — олар каракатицалар. Кішігірім тәжірибе қызықты жағдайды шығарды. Шыны ыдысқа асшаянды салған (каракатицаның дәстүрлі аңшылық объектісі), қалыпты күйде каракатица асшаян екеуінің арасында бөгет барын түсінгенде аңшылығын тоқтататын. Алайды «дәріде отырған» каракатицалар аңшылығын тоқтатпаған, көп энергиясын жұмсап, агрессивті болды. Бұл қалыпты жағдайда қайталанса каракатицадардың өлімінің жоғарлауына себеп болады.

7. Планктон өлімі

Планктон өлімі
Зоопланктондар қоректік тізбекте маңызды орын алады: егер олардың саны азайса, бұл балықтар популяциясының сананың азайуына себеп болады. Тәжірибе барысында зоопланктон (дафния) өкілдерін әртүрлі заттар, антидепрессант және холестерин бар дәрілер ерітінділеріне салды. Дафниялар әртүрлі жауап берген және тірі қалған. Керіісінше холестерол және антидепрессанттар ерітіндісінде 90% популяция өлген.

6. Балықтарда жынысының ауысуы

Балықтарда жынысының ауысуы
Үлкенбас көкталма Pimephales promelas, жүктілікке қарсы медикаменттерге өте сезімтал болып келеді. Жүктілікке қарсы дәріге қосылатын аз мөлшерде экстроген суға қосқанда аталық көкталма «ұрықтанып» уылдырық шаша бастаған. Мұндай жыныс ауыстыру популяция санына өте қауіпті.

5. Топырақ ластануы

Топырақ ластануы
Бұл жайлы көп айтыла бермейді, бірақ көптеген фермерлер құнарлатқыш есебінде адамнан бөлінетін қалдықтарды қолданады. АҚШ Геология қызметі осылай өңделген топырақты анализдеді. Олар дәрі, тазалағыш заттар және косметика қалдықтарын тапқан. Ғалымдар болашақта бұл жер асты суына дейін түсін ауыз суды ластау қаупінен қорқады.

4. Өсімдіктерге әсері

Өсімдіктерге әсері
Эксетер университетінің зерттеушілері ең кең тараған ауру басатын дәрілердің — диклофенак пен ибупрофен — әртүрлі өсімдік өсуіне әсерін зерттеді. Нәтижелер әртүрлі болды, мысалы, диклофенакпен өңделген өсімдік тамырлары өсуін баяулатты, ал ибупрофен шөптік өсімдіктер тамырларының ерте дамуына әсер еткен.

3. Жұртшы жойылуы

Жұртшы жойылуы
90 жылдар аяғында Оңтүстік Америкада жаппай жұртшылар жойыла бастады. Қысқа уақыт ішінде популяциясы 95 % дейін қысқарды, және 3 түр толық жойылу қаупінде. Оған себеп диклофенак, бұл ірі қара малдың безгектен емдеуге қолдарнылды. Егер сиырға ол оң әсерін берсе, құстарда бауыр жетіспеушілігіне алып келді.

2. Қуықалды бездің қатерлі ісігінің ықтималдығын ұлғайту 

Қуықалды бездің қатерлі ісігінің ықтималдығын ұлғайту
Жаңа зерттеулер жүктілікке қарсы дәрілер мен қуықалды без ісігінің арасында байланыс тапты. Эстрогендер, дәрігер құрамында болатын, соңында ағын суларға түседі. Гормондар эндокринді жүйеге жойқын әсер етеді, нәтижесінде қатерлі ісік.

1. Антибиотиктерге төзімділік 

Антибиотиктерге төзімділік
Бактериялар күн өсе антибиотик әсеріне төзімді келеді. Бұл миллиондаған адамдар өліміне алып келеді. Әсіресе бұл көп дәрілер шығарылатын жерлерҮндістан мен Қытайда анық көрінеді. Ауыз суда дәрілердің қалдықтары бұл жағдайды одан өте қиындатады.

Пайдалы кеңестер 19.05.2015 жариялады
116,035 сұрақ
294,403 жауап
152,841 пікір
60,365 қолданушы