Ғалымдар ғажайыптары

Зигмунд Фрейд

ЗИГМУНД ФРЕЙД

Австриялық психолог, психиатр, невролог, психологиялық талдаудың негiзiн қалаушы Зигмунд Фрейд 62 санынан өлердей қорқып өтiптi. Әсi­ресе, жолға шығар сәтте “қонақүйден 62 санды бөлме тиiп қала ма?” деген үрей бойын билеп алады. Өле-өлгенше бұл қорқыныштан арыла алмаған. Ол да сол кездегi замандастары секiлдi кокаин қабылдапты.
Фрейд өзiнiң сүйiктi қарындасына “Менi таңда немесе пианиноны таңда” деп шарт қойыпты. Сөй­тiп, кенже қарындасының пианиносының көзiн құр­тып тыныпты. Оған себеп: музыкаға не таланты, тiптi есту қабiлетi де болмаған. Музыканы жек көретiнi соншалық, оркестрi бар мейрамханалардан ұдайы қашық жүрген.
Фрейд өзiмшiл адам болыпты. Әйелiне үйленбей тұрып-ақ төркiнiмен ешқашан араласпауын, егер олармен қарым-қатынасы барын естiсе, екеуi­нiң айырылысатынын айт­қан. Әйелi атақты психологты қатты жақсы көрсе керек, Зигмундтың айтқанын қалт етпей орындаған. Туыстарымен араласуды қойған.
 

Авиценна

АВИЦЕННА

Абу Али Хусейн ибн Абдаллах Ибн Сина әлемге Авиценна деген атпен белгiлi. Әйгiлi ғалым көп жазған, көп еңбектенген, бiзге оның 240 кiтабы ғана жеттi. Ол тек дәрi­гер, фармацевт қана емес, астрономия, философия, геология, поэзия және т.б. салаға зерттеу жүр­гiзген. Ол 57 жасында қайтыс болды. Бiрақ оның өмiрi мен дарыны осы уақытқа дейiн аңыз болып келедi.
Авиценна 17 жасқа тол­ғанда-ақ дәрiгер ретiн­де атағы елге мәлiм едi. Бiрде Бұхар әмiрi қатты ауырып қалады. Науқастарды емдегенi, олардың жазылып кеткенi туралы естiген әмiр Авиценнаны шақыртады. Ел арасында әртүрлi алып-қаш­па әңгiме тарайды: “Оның ем-домы тек қара халыққа ғана арналған. Әмiрдi жаза алмайды” десе, ендi бiрi: “Әмiрдi ауруынан жазу үшiн әмiрдей болу керек” дейдi. Кiмнiң аузына қақ­пақ боларсың?! Жас дәрiгер Бұхар әмiрiн емдеген соң, ол ауруынан құ­лан-таза айығып шыға­ды. Әмiр: “Не сұрасаң да беремiн!” дейдi. Авиценна оған ештеңенiң қажетi жоғын, тек қана әмiрдiң жеке кiтапханасынан кiтап алып оқуға рұқсат беруiн сұрайды. Әрине, оған әмiр ке­лiседi.
Бұхара әмiрiнiң бұл үлкен кiтапханасы бiрнеше жылдан соң өртенiп ке­тедi. Өртеген – билiкке қарсы шыққан, ашынған халық. Өкiнiшке қарай, Авиценнаны көре алмайтындар, оның жетiстiгiне қызғанатындар өрттi ға­лымнан көрдi. “Авиценна ешкiмнiң ол кiтаптарды оқығанын, өзi секiлдi бi­лiмдi, дана болғанын қаламағандықтан өртедi” дес­тi.


 
Гиппократ

ГИППОКРАТ

Ежелгi грек дәрiгерi, көне медицинаның реформаторы Гиппократ ауруды туғызатын – май деп есептедi. Сондықтан өзiне емделуге келетiн науқастарға алдымен ем-дәм (диета) ұстауға кеңес бередi. Ал өкпесi ауыратындарға Везувия етегiнде дем алуға жiбередi. Себебi, “ол жердiң ауасы өзгеше” деп есептейдi ол. Және “алоэ – емдiк қасиетi бар өсiмдiк” дейдi. Тiптi, алоэ өсетiн Үндi аралындағы Сокотроны жаулап алу керек дегендi де Гиппократ айтқан.
 

Булгаков

МИХАИЛ БУЛГАКОВ


Әдебиетке келмей тұрып, Булгаков медицина университетiн тәмамдаған. 1916 жылы сту­денттердi ауылдық жер­дегi ауруханаларға жi­бередi. Ал Михаил Афанасьевич пен оның әйелi Татьяна Смоленскiнiң бiр ауруханасына тап болады. Ерлi-зайыптының бiрiншi күнгi кезекшiлiгiнде босанатын әйелдi алып келедi. Әлгi әйелдiң күйеуi жас Булгаковқа тапаншасын кезеп: “Өлсе, сенi атып тастаймын”, – дейдi. Бiр қызығы, Булгаковтың зайы­бы Татьяна гинекологиялық кiтап арқылы Булгаков­қа не iстеу керегiн тез-тез оқып бередi. Ал жазушы кiтаптағы нұсқауды айна-қатесiз орындап, жас келiншектi аман-есен босандырып алады.

Дереккөз.

Қызықты деректер 19.05.2015 жариялады
116,035 сұрақ
294,371 жауап
152,840 пікір
60,340 қолданушы