Ұлылардың жұмбақ өлімі - 2

Әміре Қашаубаев

Әміре Қашаубаев (1888-1934) – атақты әнші, актер әрі музыкант. 1888 жылы туған. 12 жасқа толғанда Исабек деген байдың ат айдаушысы болып, ол жас әншіні той-жиындарда ән салғызады. Әміре 1921 – 24 жылдары Семейде құрылған қазақ жастарының ағарту ұйымы «Ес-аймаққа» мүше болып, әншілік өнерін шыңдай түсті. 1925 жылы Парижде өткен Бүкіл дүние жүзі сән өнері көрмесінде«Ағаш аяқ», «Қанапия», «Үш дос», «Жалғыз арша», «Қосбалапан», т.б. әндерді орындап, 2-бәйгемен қоса күміс медаль алды.«Париж апталығы» газеті мен «Ле мюзикаль» журналы оның сирек кездесетін талант екенін жазса, Сорбонна университетінің профессоры Перно фонографқа Әміренің орындауында бірнеше ән жазып алған. 

Францияда ол Мұстафа Шоқаймен кездескен. Онда ол өз жерлесімен табақтас болып, пікір алмасқан. Кездесу құпия өткенімен құрығы мол НКВД қызметкерлері мұны ашып, елге келгеннен тергеуге алып, соңына адам салады. 1934 жылы 6 желтоқсанда қаза болады. Бұл - репрессияның ең алғашқы кезеңі болатын. Өлімін ауыр сырқаттан қаза болғандай етіп ұйымдастырған.

Заманбек Нұрқаділов

Заманбек Қалабайұлы Нұрқаділов (15.1.1944, Нарынқол ауданы, Алматы облысы – 12.11.2005, Алматы) — саясаткер, қоғам қайраткері. 

Өз үйінде қаншама камера мен қорғаушылардың бірінің де көмегі тимей, бәрі "істен шығып", өзін өзі 3 рет атып (1 оқ басынан!), ақжаймасын  жамылып өлген ел серкесі.

Гагарин

Юрий Гагарин (9 наурыз 1934 жылы, Гжат (қазіргі Гагарин) ауданы Клушино ауылы Смоленск облысы — 27 наурыз 1968 жылы, Владимир облысы) – КСРО ұшқыш-ғарышкері, Кеңес Одағы батыры, ғарыш кеңістігіне сапар жасаған ең бірінші адам, полковник (1963), Кеңес Одағының Батыры (1961). 1961 жылы 12 сәуірде Восток ғарыш кемесімен Байқоңыр ғарыш алаңынан тарихта тұңғыш рет ғарышқа ұшты. Ол Жерді айналып ұшып, 1 сағат 48 минуттан кейін Жерге қайта қонды. 

Ол әлемдегі АҚШ-тан басқа барлық елге қонақ болды, Вангамен (әулие Вангелие) жолығып, өз тағдырын сұрады. Көріпкел оған енді қайтып әуеге көтерілсе оны ажал күтіп тұрғанын айтты. Ол Құдайдың шектеп берген дүниесінен тысқары шыққан адамды күткен өлімді толық сипаттап берді. Жас Юрий мұны елемеді.

Ғарышкердің "дублері" болады, яғни нақ ұшар алдында ұшқыштың (ғарышкердің) денсаулығы сыр берсе, оны алмастыратын запастағы адам болады. Владимир Комаровскийдің дублері Юрий аяқ астынан бас ғарышкердің орнына ұшатын болады. Бірақ Юрий Гагаринге келетін атақ пен даңқты қызғанған К.Комаровский денсаулығына қарамастан өзі ұшып кетеді. Нәтижесінде жан түршігерлік азаппен қиналып өледі. Егер рұқсат болмай, Юрий ұшқан жағдайда да мұны осы күтіп тұрған екен.

Юрий Гагарин мұнымен аяқ тартпай, МиГ ұшағын сынамақшы болды. Қарсылықтарға қарамай айтқанын орындады да. Тек қала үстінде мотор ақау көрсетіп, қалаға соқтығысатын ұшақты орманға бағыттап, серігі екеуі ерлік өліммен қаза болды. Олардың өліміне арнап, Эдита Пьеха "Огромное небо" әнін шырқады.

Тәңірдің жіберген ажалы бәрібір жетпей тынбады. Ванганың айтқаны айдай келді.

Гитлер

Адольф Гитлер (нем. Adolf Hitler) - (1889 ж. сәуірдің 20 — 1945 ж. сәуірдің 30) — Үшінші рейх тоталитарлықдиктатурасының негізін қалаушы, ұлттық-социализмнің орталық тұлғасы, неміс ұлттық-социалисттік жұмысшы партиясының нкөсемі (1921—1945), Германия рейхсканцлері (1933—1945), Германия фюрері (1934—1945), Екінші дүниежүзілік соғыста Германия қарулы күштерінің бас қолбасшысы.

Ресми ақпарлар бойынша 1945 жылы 30-сәуірде жеңіліс сезген бойда өзін - өзі атып өлтірген. Өлімінің бірнеше нұсқасы бар. Тіпті ол өлмеген деген де нұсқалар кездеседі. Ашылмаған шындық деуге тура келіп тұр.

Рахат Әлиев

Әлиев Рахат Мұхтарұлы (10 желтоқсан, Алматы 1962 - 24 ақпан 2015, Вена)— іскер және саясаткер.

Нұрсұлтан Назарбаевтың 2007 жылғы мамырдың 26-сындағы № 333 Жарлығымен Рахат Әлиев Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілі қызметінен босатылды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен Рахат Әлиев Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйыммен ынтымақтастық мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының арнаулы өкілі қызметінен босатылды.

2007 ж. мамырдың 28 — Рахат Әлиевке халықаралық іздеу жарияланды. Бас прокуратураның санкциясымен оны тұтқындауға ұйғарылды. 2015 жылы 24 ақпан күні Рахат Әлиев түрмеде қайтыс болды. Алдын ала мәлімет бойынша, ол өзіне-өзі қол жұмсаған.

2008 жылдың 20 cәуіріндегі ҚР Президентінің Нұсқауымен барлық марапаттаудан, "қаржы полициясының генерал-майоры" арнайы атағынан, "генерал-майор" әскери атағынан және елшілік дәрежелерінен айырылды.

Өлу себебі ресми түрде ашылғанымен, шындықтың беті әріде жатыр.

Өз ойым 19.05.2015 жариялады

2 пікір

Адам өз жүрегіне 2 рет басына 1 рет ата алмайды
Сондықтан да ол осы тізімге еніп отыр.
116,025 сұрақ
294,324 жауап
152,839 пікір
60,310 қолданушы