Қазақстан тарихы 19.05.2015 жариялады

Ақымақ солдат

Соғысқа әскерге шақыру барысында неше түрлі әділетсіздіктер, теңсіздіктер болған. Басына қанша құйсаң да оң аяғы мен сол аяғын айыра алмайтын сауаты жоқтарды да соғысқа шақырған ғой.

Зеңбірек қасында күзетте ұйықтап қалған Кеңес жауынгерін неміс барлаушысы тіл етіп ұстап алып кетеді. Тергеудің астына алады, бірақ ол қырғыз жігіті екен, "билмаймын, билмаймын" деген жауаптан басқа ештеңе айтпайды. Пол, дивизион, командирлерін сұрап, ақыры шаршаған соң олар "ұлтың кім, қандай тіл білесің?" деп сан алуан тілде сұрай бастайды. Әбден "билмаймыннан" ығыры шыққан соң "Мынадай адам қалай соғысып жүр?" деп ойлап, орыстарды мазақ ету үшін шешіндіріп, жамбасына "Орысқа солдат емес, неміске тіл емес" (Русскому - не солдат, немцу - не язык) деп күйдіріп жазып, "мөр басып", біздің жаққа ұрмай-соқпай қайтарып жібереді. 

Кейіннен бұл солдат тексеруден өткен соң ешқандай айыптаусыз, комиссиясыз  еліне қайтарылыпты.

* * *

Маршал Жуков

1945 жылғы 24-маусым күні Қызыл Алаңдағы шеруді ақбоз атқа мінген маршал Жуков қабылдайды. Сол шеру болар күні Мәскеуде жауын жауып кетеді. Қасқайып, әскери шеруді қабылдамақ болып отырған маршал, бір кезде ойға берілсе керек, жаңбырдың суымен қоса қос жанарынан жастың да сорғалағанын өзі байқамағанымен, бір қырағы оператор көріп қалған екен.

Кім біледі, бәлкім, атақты қолбасшы, осы Жеңіс шеруінің салтанатпен келуі майдандағы қан қақсаған миллиондаған жауынгердің құрбан болуының нәтижесін мойындаған сәті ме екен?!

* * *

Үшбұрышты хат

Соғыстың алғашқы күндерінде неміс басқыншылары Кеңес әскерлерін шегіндіріп, Мәскеу түбіне дейін келген ғой. Сондай шегініс үстінде бір жауынгер елге хат жазып:

 - Немістер қуып келеді, біз қашып келеміз. Осы қалыпта болсақ 2-3 айда елге де жетіп қалармыз - депті. 

Өкінішке орай, үшбұрышты хат саяси органдар қолына түсіп, жауынгер "Халық жауы" болып, атылып кеткен екен.

* * *

Майдан хабаршылары

Майдан даласында орыс тілінде шығып жатқан әскери газеттің бірінші бетінде басылған бас мақаланың тақырыбындағы "Главнокомандующий" деген сөздегі "л" әрпі байқайсызда түсіп қалыпты. Сөйтіп, "Главнокомандующий" деген сөз "Гавнокомандующий" деп жарияланып кеткен екен.

Осы жылдары қазақ елінде шығып жатқан бір мақала тақырыбында керісінше , бір әріп артық басылып кетіпті. Ол енді былайша болып шыққан: "Совет халқы Германияның опасыздығына ыза болуда" деген сөйлем - "Совет халқы Германияның опасыздығына ырза болуда" деп жарияланып кетіпті. 

Егер сол кездегі саяси ахуал қаталдығының қандай дәрежеде екенін көзге елестететін болсақ, мақалаларда кеткен қателердің кесірінен  аталмыш басылымдар басшыларының қандай "репрессияға" ұшырағанын ойлаудың өзі қорқынышты.

* * *

За нами Москва

Бауыржан Момышұлының Мәскедуе өткен тойында Ресей Жазушылар Одағының екінші хатшысы, ақын Пяпин тебірене сөйлеп, төмендегі ойды айтыпты:

 - ... "Россия велика, а отступать некуда, за нами Москва" деген сөзді алғаш Бауыржан Момышұлы айтқан екен. Оны қандыкөйлек жауынгер досы В.Клочков қайталаған. Бауыржан Момышұлының ұлылығы - бұл менің сөзім еді деп таласпаған...

(Б.Момышұлы бірде-бір кітабында бұл сөздің тарихы немесе ауызға алынуы жайлы "фікір" келтірмеген - авт.)

* * *

Комиссар Логвиненко

Бауыржан Момышұлының кітаптарында айтылатын комиссар Логвиненко жазықсыз қызыл әскерлерді өлтірген. Батырдың "Айтылмаған ақиқат" атты кітабының 34-бетінде Логвиненконың еш кінәсіз, соғысып жүрген солдатты тапаншасымен өлтіргені, жауынгердің қиналып, көзі бозарып, сырғып бара жатып  "За что?" деп өлгеніне куә болғаны айтылған. Командирлерді арыстанның аузына жіберіп сынауы, айтқанынан қайтпай, өзі бірнеше взводтарды қырып алуы да оның ұшқалақтығының дәлелі. Орынды маневр жасамақшы болған Б.Момышұлының досы Ақтан Хасановты екі жақтан атып, қинап өлтіргенін кітаптың 45-бетінде көрсетіпті. Кейіннен танк қасында тұрған 2 қарапайым танкистті атып өлтіріп, оларды тонағаны үшін зорға (Лобачевтің көмегімен) аман қалған.

Қай командир еш кінәсіз солдатты ешқандай аяусыз атып өлтірген еді?..

* * *

Приказ Сталина

Немістер жаулап алған жерде адамды өлтіргенімен, қыз балаларды зорламаған. Олардың "арийлік идеясы", яғни "өзінің асыл тұқымын орыс халқына қалдырмау" жайлы жоғарыдан нұсқау болған. 

Ал орыстар жеңіс үстінде 1945 жылы Берлинде 2 миллионнан астам қызды зорлаған (дереккөз). Ал бұған кім бұйрық бергені жоғарыдағы карикатурада көрсетілген.

Әскери әдебиеттерде немістердің қыз зорлағаны жайлы әңгімелер жай әшейін - бос сөздер.

* * *

Неміс жауыздарының бейнесі

1943 жылы жаппай шабуыл барысында командир Ефремовке әскері мен жау әскерінің мөлшерін есептемеген "Жауға өршелене соққы беру" жайлы бұйрық түседі. Ешқандай артдайындықсыз, ешқандай үстеме техниканың қолдауынсыз саны азайып, қансыраған әскер соғысқа кірісіп, бұйрықты орындап, жауға өршелене тіке сыналай кіріп, шайқасқа түседі. Арттан көмек болмаған соң олардың қоршауға түсуі шартты еді. Бірнеше күн жан алып, жан беріскен шайқастан соң он шақты жауынгер қалғанда жау майоры елшілікпен келіп, берілуін айтады. Ертеңіне оларға жауынгерлік ту мен жаралыларды, командирді алып кетуге тікұшақ жібереді. Командир жаралылар мен жауынгерлік туды, өлгендердің, немістердің, өздерінің құжаттарын тікұшаққа салып жіберіп , өзі азғана жауынгермен өлгенше шайқасып, ерлікпен қаза табады. Немістердің өлгенін қорлап, көрген бойда атуға бұйрығы бар 3 түрлі адамдар тобы болатын (еврейлер, саяси жетекшілер, басшылар), Ефремов өзі саяси жетекші, еврей, әрі командир болатын. Неміс әскерінің басшысы оған, дәлірек айтқанда оның өлігіне не істеді дейсіз ғой?..

Неміс командирі қате бұйрықтан, келмеген көмектің кесірінен қаза болған, өжет жау командирін қадірлі түрде салтанатпен көміп, аспанға бірнеше дүркін оқ атып, дәріптеп жерлеген екен. Жаудың көрсеткен құрметі мінекей.

 

117,722 сұрақ
302,762 жауап
153,348 пікір
65,093 қолданушы