Теодолит дегеніміз не?

Теодолит — жер өлшеу жұмыстарында, жерді тексеріп шолуда және ірі масштабты съемка жасауда көп пайдаланылатын бұрыш елшейтін геодезиялық аспап. Оның ең маңызды бөліктеріне: қарау түтігі, градусталған екі — вертикальды (тік) және горизонтальды (жазық) — шеңбері жатады. Сондықтан теодолитпен горизонтальды, вертикальды бұрыштарды бірдей анықтауға болады. Бұл аспап арқылы шырақтың не жердегі нәрсенің горизонталь координаталары, яғни азимут пен биіктігі анықталады. Аспап онша үлкен емес, экспедицияға алып жүруге ыңғайлы.

Негізгі түрлері: оптикалық және электронды. Соңғысын алғашқыда көптеп шығарған, сапалы, оңай болғанмен бағасы жоғары болғандықтан тез қолданыс аясы азайды. Қазір оптикалық теодолиттер кең тараған.

Теодолиттер құрастырылуына қарай верньерлік және оптикалық болып бөлінеді, олар өз кезегінде қайталанатын және қайталанбайтын болып жіктеледі.

Дәлдігіне қарай жоғары дәлдікті (Т1), дәл (Т2, Т5) және техникалық (Т15, Т30, Т–60). Мұндай классификация Ресейді қабылданған және Беларуссияда көп қолданылады.

Қазіргі кезде тек оптикалық теодолиттер шығарады (суретте). 

Пайдалы кеңестер 13.01.2015 жариялады
115,820 сұрақ
293,609 жауап
152,783 пікір
59,728 қолданушы