«Қара мысық» немесе «Air Jordan» Майкл Джордан

Майкл Джордан

АҚШ, Нью-Йорк, Бруклинде 1963 жылдың 17 ақпанында дүниеге келген.

Мектепте оқып жүрген уақытында жоғары мектептің баскетбол құрамасына бойының қысқалығынан өте алмай қалған (178 см). Бірақ оның ерекшелігі өте жоғары жылдамдығы және ынтасының зор болуында. Сондықтан, бойының қысқалығын жою үшін үлкен биіктікке секіруге жаттықты. Осының арқасында 1 жылда 10 см-ге өскен. Бойы 186 см-ге жетіп, жоғары мектептің баскетбол құрамасына қабылданып, 23-нөмірді таңдады. Бұл нөмермен карьерасының соңына дейін ойнаған.

9000 мәрте допты кәрзеңкеге сала алмай қалған, 300 ойында жеңіліске ұшыраған. Жеңіске жетуге бір ғана допты кәрзеңкеге салу қажет болғанда, 26 рет дәл тигізе алмаған. Өз сөзі бойынша «Мен сәтсіздікке қайта-қайта шыдай білдім. Сондықтан ғана дәл қазіргі жетістіктерге жеттім» деген.

Майкл Джордан

Ойыншы сипаттамасы

Вертикалды секіруінің биіктігі 1,2 м, ал бойы 1,98 м бола тұра 3,05 м биікте орналасқан баскетбол кәрзеңкесіне оңай жете алады. Көптеген чемпионаттарда Майкл Джордан доп салуда баскетбол сақинасынан 4,57 м арақашықтықта орналасқан айыппұл сызығынан секіре доп салған. Майкл Джорданның Данктары (сақинаға доп сағанда, қолының сақина деңгейінен жоғары болуы) ерекше болады, мысалы, «диірмен» деп аталатын данкты салу үшін ойыншы ауада айналып доп салады. Ойында ерекшеліктерінің бірі қарсы команданың қорғаушыларының арқасынан келіп допты секіре салуы.

Майкл Джордан

Джордан шабуылшы-қорғаушы позициясында ойнайды. Чикагоның ең басты шабуылдаушысы болған. NBA есептеулері бойынша ең нәтижелі ойыншы. Доп салуда ауада секіруінің арқасында «Air Jordan» деген аты бар. Джордан — ең әмбебап ойыншы кез келген позицияда өзін жоғары профессионалды деңгейде көрсетеді. Жылдамдығы жоғары, және керек кезде темп қоса алады. Клубта ең сенімді адам, шешуші айыппұл орындаулар үнемі Джорданға тиесілі болған. Дене бітімі - кең иықты, майы аз, белі жіңішке. Ойнауының басты ерекшелігі таланты бола тұра ойында жетістікке жету тек командалық ойын және жақсы тактика деп есептеген.

Жетістіктері:

  • Баскетболдағы карьерасында 1072 ойын өткізген. Екі дүркін әлем чемпионы. 
  • NBA (Ұлттық Баскетбол Ассоциациясы) тарихы бойынша ең алғашқы миллиардер.
  • NBA тарихы бойынша 1996 жылы ұлы 50 баскетболшылар тізімінде.
  • ESPN-ң нұсқасы бойынша ХХ ғасырдың 100 үздік ойыншыларының арасында 1-орын;
  • SLAM журналы бойынша 75 спорттағы үздік ойыншылардың арасынан 1-орын (2003 жыл);
  • SLAM-ң нұсқасы бойынша 50 баскетбол лидерлері арасында 1-орын және т.б. 
  • 2009 жылы Баскетбол Даңк Залына есімі еңгізілді.
Спорт 13.05.2015 жариялады
116,053 сұрақ
294,506 жауап
152,845 пікір
60,451 қолданушы