Радиация туралы 5 миф

Радиация

Радиацияны адам «жасады»

Шындық емес.
Радиацияның шығу тегі табиғи. Мысалы, күннің сәулелері радиациялық фон тудырады. Оңтүстікте орналасқан елдерде солтүстікпен салыстырғанда радиацияның табиғи фоны жоғары. Одан бөлек ғарыштық сәулелер бар, олар алыс ғарыш объектілерінен біздің атмосфераға дейін жетеді.
Бірақ радиация дегеніміз не? Жоғары энергиялық бөлшектер атмосферада атомдарды жарып, оларды иондайды. Адам денесінде де бөлшектер атомдарды иондайды, электрондарды сыртқы қабатынан бөледі, молекулаларды бұзады және т.б. Кез келген атомның ядросы тұрақсыз болуы мүмкін, сол кезде ол әртүрлі бөлшектерді шығарады және тұрақты күйге келеді. Альфа-сәулелер, бета-сәулелер кейде гамма-сәулелер шығарады. Альфа — бұл гелийдің зарядталған ядросы, бета — бұл электрондар, гамма — бұл электромагнитті сәулелену. Бұл радиация.
Бөлшектер барлық жерде ұшып жүреді. Сол себепті табиғи радиационды фон болады. Адам реактор немесе үдеткіш соғу арқылы радиационды фонды жоғарлата алады.

Қорғасыннан жасалған қабырғалар радиациядан қорғайды

Бұл тек ішінара рас.
Бұл тұжырымдаманы түсіндірмес бұрын екі жағдайды қарастыру керек. Біріншісі — зарядталған бөлшектерге байланысты радиацияның бірнеше түрі бар. Альфа-сәулелену — бұл гелий-4 атомдарының ядросы(He-4). Олар айналада барлық затты тез уақытта иондайды. Бірақ оларды сіздің киіміңіз тоқтата алады. Мысалы, сіздің алдыңызда альфа-сәулелену, бірақ сіз киімдесіз және көзілдіргіңіз бар. Демек сізбен ештеңе болмайды.
Бета-сәулелену — бұл электрондар. Электрондардың иондау қабілеті төмен, алайда тереңірек енетін радиациялық күші бар. Бірақ оларды тоқтатуға болады. Мысалы, алюминий фольгасының жұқа қабаты. 
Және ең соңғысы, гамма-сәулелену, әсер ету белсенділігін салыстырғанда ең төмен иондаушы күші бар, алайда ең терең енетін күші бар. Сол себепті өте қауіпті деп есептеледі. Қандай да бір қорғаныш киімін кисеңіз де, сіз белгілі бір мөлшерде гамма-сәулесін аласыз. Сол себепті қорғасыннан жасалған бункерлер гамма-сәулеленуден қорғану шарасы.
Біріңғай қабатты қорғасын қабырғасы бетон не сығымдалған топырақтан жасалған қабырғадан тиімдірек. Қорғасын ғажайып материал емес. Қорғанудың ең басты шарты – тығыздық, ал қорғасында ол жоғары. Өзінің тығыздығының жоғарлығына байланысты қорғасын ХХ ғасыр басы, ядролық кезеңде кең қолданылды. Қорғасынның улылығы бар, сол себептен соңғы кездері осы мақсаттарда бетонның қалың қабаттары қолданылады.

Йод радиациялық ластанудан қорғайды

Шындық емес.
Йод және оның қосылыстары радиацияның кері әсерлеріне қарсы тұра алмайды. Алайда неге дәрігерлер қоршаған ортаға радионуклеотидтер шашыраған техногенді апаттан кейін йод қабылдауға кеңес береді. Себебі, атмосфераға немесе суға радиоактивті йод-131 бөлінсе, ол адам ағзасына тез енеді және қалқанша безінде жиналады, нәтижесінде ісіктің және осы мүшенің басқа ауруларының дамуына жағдай жасайды. Алдын ала қалқанша безін йодпен толтырсақ радиоактивті йодтың қалқанша безінде жинақталуын және оның ұлпаларын зақымдануын сәл төмендете аламыз.

Радиобелсенді заттар жарық шығарады

Бұл тек ішінара рас.
Радиобелсенді заттардың жарық шығаруымен қатарлас ұғым «радиолюминесценция» деп аталады, және оны кең танымал сөз деп атай алмаймыз. Бұл радиобелсенді материалдың жарық шығаруы емес, радиацияның қоршаған материалдармен байласынан пайда болады.
Алайда бұл түсініктің қайдан шыққаны белгілі. Себебі 1920- 1930 жылдары радиобелсенді заттарға қызығушылықтың жоғары болғандығы соншалықты, тұрмыстық заттарда радийдің бояуын қолданды. Ең жиі қолданылатын бояу мыс және мырыш сульфидінің қоспасы негізінде құрылды. Радий қоспалары бояумен әрекеттесіп жасыл түске бояла бастайды.

Радиационды сәулелену мутация тудырады

Шындық.
Радиобелсенді сәулелену ДНҚ спиралінің әртүрлі бұзылысына алып келеді, егерде ол ДНҚ-ның екі тізбегіне де әсер етсе белгілі бір ақпарат түгелдей жоқ болып кетуі мүмкін. Нәтижесінде бұзылыс пайда болған жерде геномның тұтастығы үшін ДНҚ репарациясы кездейсоқ нуклеотидтермен кеңістікті толдырады, бұл –мутация. Бұл жаңа мутация пайда болу жолы. Егер ДНҚ зақымдануы ауқымды болса, клетка мұндай мутациямен тіршілік ету мүмкін емес деп өзіндік жойылу – апоптозға өтуі мүмкін. Осы жүйеде қатерлі ісіктің сәулелі терапиясы негізделген: ісік клеткаларында ДНҚ-ны көп мөлшерде зақымдап апоптозға өтуіне жағдай жасау. Алайда табиғи фонда радиация ағзаға қатты әсер етпейді, және ДНҚ бір тізбегін бұза алса ағза оны өзінің қорғаныш реакциясымен тізбекті қайта орнына толтырады. Ең қауіптісі ол ультракүлгін сәулелену, себебі сәулелер тікелей теріден өтіп оны зақымдайды, нәтижесінде меланома пайда болады.

Қызықты деректер 13.05.2015 жариялады
116,035 сұрақ
294,371 жауап
152,840 пікір
60,340 қолданушы