Эрратив - қателесу

Эрратив

Эрратив (лат. «қателесу») – сауатты жазу принциптері мен ережелерінен толықтай хабары бар адамның белгілі бір сөздер, я тіркестерді әдейі бұрмалап, фонетикалық қағида, яғни айтылуы бойынша жазуы. Бүгінде әлеуметтік желілер мен блогсфераларда «не стеватсың?», «няғып отсың?», «баратырм» деген секілді тіркестер мен сөздер эрратив терминінің пайда болуына әсер етті. Бұған дейін какографиялық сөздер дейтін ұғым болды, ол дидактикалық әдіс үшін саналы түрде қате жазылған сөздерді сипаттау үшін айтылатын. Алайда, 2005 жылы филология ғылымдарының докторы, ресейлік лингвист Гасан Гусейнов сол сөздерге ортақ түсінік беретін «эрратив» терминін енгізді. 
Эрративтің сөздерді жазу сауаттылығы деңгейінің төмендігінен сөздерді қате, не лексикалық жағынан орынсыз қолданатын малапропизмадан айырмашылығы – қателерді қасақана жіберу, әдейі қосып, не айтылуынша жазу.

Саналы түрде сауатсыз жазуды екі деңгейге бөліп қарастыруға болады. Алғашқысы — сөздің негізгі формасын бұзып, қалай естілсе солай жазу. Сол сөздердің қатарына шет тілдегі күрделі сөздерді фонетикалық қағидаға сай жазуды да алғашқы топқа жатқызамыз. Мысалы, «не деватсың?». Ал екіншісі – сөздерде оқылуға қиын етіп, формасын түгелдей өзгертіп, қысқаша үш-төрт сөзді қосып жазу, мысалы, «ушівөл».

Қызықты деректер 13.05.2015 жариялады
116,035 сұрақ
294,371 жауап
152,840 пікір
60,340 қолданушы