"Құрғақ су" Novek 1230 деген атпен танымал

Құрғақ су

«Құрғақ су» Novek 1230 деген атпен танымал. Ол 1968 жылы ашылды, бірақ біраз уақыт бойы қолдынылмады.

Оның құрамына 95% қарапайым су кіреді. Бірақ сыртқы пішіні ұнтақ қантқа немесе ұнға ұқсайды. Әрбір ұнтақ кремний диоксидінен тұратын гидрофобты (су өткізбейтін) қабықпен қапталған. Бұл жерде кремний және оттегі молекулаларының қосылысы тұрақты болып келеді. Кремний диоксиді су тамшыларының тарап, бір-бірімен араласуын болдырмайды. Ұнтақтардың мөлшері 1 мкм-ден артық емес.

«Құрғақ су» кәдімгі су сияқты: оның да дәмі мен иісі жоқ. Бірақ жай суда тотықтырғыш рөлін оттегі атқарса, құрғақ суда ол – фтор. Novek 1230-дің қайнау температурасы 49 С, қату температурасы -180 С. Қызығы қайнап тұрған құрғақ су адам денесінде күйік қалдырмайды.

Практикалық сынақтар барысында ол заттың газдарды тамаша сіңіру қабілеті бар екендігі анықталды. Ғалымдар бұл қасиетті қолдану жолдарын іздеп, құрғақ судың қарапайым суға қарағанда көмірқышқыл газын 3 есе көп жұта алатынын тапты. Ал көмірқышқыл газы – жаһандық жылынуды тудыратын парниктік газдардың бірі екенін білеміз. Зерттеушілер сонымен қатар бұл химиялық қосылысты мұхит қабатында орналасқан метанды алу үшін пайдалануға болатындығын ұсынды. Сонда «құрғақ су» арқылы қауіпті суйықтықтар мен газдарды оңай тасымалдауға болады.

Novek 1230-дің тағы бір маңызды қызметі – жай суға қарағанда бірнеше есе тез кебеді. Мысалы, компьютерлік монитор, ұялы телефон, қағаз сияқты заттарды осындай суға салып шығарсақ, заттар қасиеттерін жоғалтпай, екі минут ішінде кеуіп қалады. Осындай қасиеттерінің арқасында, құрғақ су от сөндіру үшін пайдаланылады. Әрине ондай су ішуге жарамды емес.

Қызықты деректер 13.05.2015 жариялады
116,035 сұрақ
294,371 жауап
152,840 пікір
60,340 қолданушы