Әлемге әйгілі жетімдер

Жетім

Бауыржан Момышұлы айтқандай «Ақылдың артықтығы, кеңестің көптігі жоқ». Сіздерег замандастарыңыз, ағаларыңыз әрі інілеріңіз, бір сөзбен айтқанда бауырларыңыз ретінде айтарға сөз табылар еді. Өмірінің қатесін ешкім де өз аузынан айтып бермейді. Бір адамның өмірі мың адамға сабақ. Сондықтан тарихта өздеріңізбен тағдырлас болған адамдар жайлы біліп жүрсеңіздер деймін.

Лев Толстой (жазушы) 10 жасында әке шешесінен (атылған), 12 жасында екі ағасынан айырылды. Нәтижесінде бұғудың орнына келеңсіздіктердің бәрін тек мінсіз және табысты болу жолына пайдаланды.

Мандела Нельсон  - Оңтүстік Африка Республикасының 8-ші және тұңғыш қара нәсілді президенті, 9 жасында туберкулезден әкесінен айрылды. Мұнан соң  саяси тұтқын ретінде 27 жыл 6 ай 6 күн түрмеде отырса да, жарым жетім жігіт әлемде ойып тұрып орын алатын республиканың басшысы болып сайланды.

Майк Тайсон Кас д’Амато атты әйгілі жаттықтырушының көзіне түспесе қарапайым ғана әкесін есінде сақтамаған, анасының есірткіден өлгенін ғана білетін қаңғыбас бала болатын еді. Оның қатарлас достары тірілер санатында жоқ: олар түрмеге отырды немесе өлді, бұлардың бәрі Тайсонның көз алдында болды.

Стив Джобс - американдық өнертапқыш және бизнес-магнат. Apple корпорациясының негізін қалаушы. Тұл жетім бола тұра әлемдегі ең танымал адамдар санатында.

Коко Шанель 12 жасқа жетер жетпей тұрғанда анасы, артынша төрт туған бауыры және әпкесімен бірге әкесі өмірден озды. Балалар үйінен басқа баратын жері болмаған бұл қыз «CHANEL» сән үйінің негізін қалаған атақты француз дизайнері, XX ғасырдың сән саласына көптеген жаңалықтар енгізген сәнгер.

Үлкен кісілер білетін болар, бұрынырақта «Касабланка» әні өте танымал болатын. Оның орындаушысы Ингрид Бергман 3 жаста болған кезде анасы, 10 жасында әкесі қайтыс болды. 3 жылдан соң жалғыз туысы – әпкесінен айырылып, 13 жасар қыз мүлде тұл жетім болды.

Юрий Шатунов – бәріміз білетін әнші, Аркадий Абрамович – бәріміз білмейтін миллиардер де жетімдер қатарынан шығып, шыңыраудан шыңға дейінгі биіктікке жалғыз өзі көтерілді.

Әкесі тырысқақтан, анасы өкпе туберкулезінен қайтыс болып, жас шағында бомж болған Максим Пешковтың кейін өзі өзгерткен тегі де оның тағдырын әйгілеп тұрғандай: Горький. Қазақша «ащы», яғни ащы тағдыр тезін көруіне байланысты Максим Горькийдің аты-жөні туындады, ал қазір Орта Азияда бұл кісіні танымайтын адам кемде-кем.

Мінеки, жасты да, жағдайды да тек жақсы жаққа қарай бұра білген біздің баянды бауырластарымыз бар, оларды естен шығармайық. Қазақ халқында өзінің ақ ниетін білдіргісі келген кісі оны батасымен білдіреді екен. Халқымыздың салтынан аспай сіздерге ақ ниетімді білдіргім келеді. Момыштың ұлы Бауыржанға берген батасын өздеріңізге ізгі ниетпен айтып берсем деймін.

Ақ жүрек болсын жолдасың,

Адалдық сені қорғасын.

Жақсылық үшін күрессең,

Жаныңды арың қорғасын.

Арынды болсын шабысың,

Алымды болсын табысың,

Найзадай болсын намысың,

Ер жігітке – бәрі сын.

Қиындық көрсең – мұқалма,

Ауырлық көрсең – жұқарма.

Қамқоршы бол кішіге,

Үлкенді үлгі тұт, АЛҒА!

Қызықты деректер 5.05.2015 жариялады
116,035 сұрақ
294,371 жауап
152,840 пікір
60,340 қолданушы