Стив Джобс өз-өзін қалай дамытты?

Becoming Steve Job, стив джобс

Жақында Стив Джобс туралы «Becoming Steve Jobs» атты жаңа кітап шыққан болатын. Автор оның ішінде Джобстың өмірінде орын алған түрлі оқиғаларды баяндайды. Тіпті көпшілігін бірінші рет естиді екенбіз.

Қазіргі таңдағы Apple компаниясының директоры Тим Куктың Стив Джобсқа өз бауырын алуды ұсынғаны туралы факт оқырман арасында көп айтылады. Куктың ұсынысына Джобс айқай сөзбен жауап беріп, бұндайды ешқашан жасамайтынын айтқан. Уақыт өте Джобс бұл ұсынысқа келісіп, бауыр ауыстыру операциясына кіріседі. Көпшілік оқырмандар басында бұл бас тартуы оның қабылдаған дініндегі (буддизм) адамның дене мүшелеріне қол сұғуға тыйым салынуына байланысты деген пікірде болды. Оның не үшін басында келіспей, кейін келіскені туралы ақиқатты сонда да біле алмаймыз.

Бірақ, ол шығыс тәжірибесін қолдана отырып, өзінің миын жаттықтырумен айналысқан. Джобс басқа түсетін стрессті азайту және ойлау қабілетін жақсарту үшін күнделікті медитациямен айналысқан.

Биограф Уолтер Айзексон кітапта Джобстың мынадай сөзін келтірген:
«Егер сен жәй ғана тыныш отырып, айналаңды бақылаумен отырсаң, сенің ойлау қабілетіңнің қаншалық шексіз екенін байқайтын боласың. Ойларды тоқтатамын деп әуре болсаң, олар бара-бара күшейе береді. Бірақ уақыт өте сен оларды басқара алатын дәрежеге жетесің.
Сол кезде сенің интуицияң ояна бастайды. Айналаңды бұрыңғыдан өзгеше, жақсырақ көре бастайсың.»

Джобс бұл сөздерінде дзен-буддисттер мен таоисттер қолданатын медитация түрін баяндап отыр. Ол бұнымен біраз уақыт айналысқан болатын. Кейіннен, Target, Google және Ford компаниялары дәл осы медитация тәсілін өз қызметкерлеріне үйрете бастайды.

Бұл уақыт өте корпоративтік медитация деп атала бастады. Inc.com сайтының редакторы әрі журналисті Джеффри Джеймс Джобспен қайтыс болмас алдында осы медитация тақырыбында сұхбаттасып үлгерген.

Оның сөзі бойынша Джобс пайдаланған техника осылай болады:
1. Тыныш жерде отырасыз. Астыңызға жастық төсеп қойсаңыз болады. Бұл сізге ыңғайлы отыруға көмек береді. Бірнеше терең тыныс алыңыз.
2. Көзіңізді жұмыңыз. Ішкі монологыңызға үңіліп, біраз тыңдаңыз. Сіздің миыңыз неше түрлі бір-біріне байланыспайтын ойлар, оқиғалар, жақында көрген жәйттерді қозғайды: теледидар бағдарламалары, оқыған кітаптар, достарыңмен сөйлескен тақырыптар. Ойлауды тоқтатпаңыз.
3. Өз кезегімен ойдан ойған ауысып отырыңыз. Бұл істі күнделікті 5 минут бөліп жасауға дағдыланыңыз.

Бірнеше аптадан кейін сіз өз ішіңізде монологты басқара алатын дәрежеге жетесіз. Сөйтіп бұл деңгейден өтіп, келесі жоғары деңгейге көшесіз:
1. Енді басыңызда еш мағынасыз ойлар шыға бастаса, оларды дыбысын төмендетіп, жәй ырғақпен алыстай беріңіз.
2. Миыңыз тазарғанда, оның назарын айналаңыздағы дыбысқа, иіске, денеңіздегі түйсіктерге аударыңыз. Бұның арқасында денеңізге тиетін желді немесе жұмыс жасап тұрған тоңазтқыштың дыбысын басқаша сезінуіңіз мүмкін. Бұл сіздің бәрін дұрыс жасап жатқаныңыздың белгісі.
3. Тағы да бір белгі: медитация кезіндегі уақыт білінбей тез өтіп кетеді.

Бұны сіздерде байқап көріңіздер, бәлкім пайдасы тиіп қалар!

Пайдалы кеңестер 29.04.2015 жариялады
116,054 сұрақ
294,517 жауап
152,845 пікір
60,461 қолданушы