Алматы Марафоннан кейін көшеде шашылып қалған қоқыстың фотосы

Марафоннан кейін көшеде шашылған қоқыстың фотоларымен бөлісіп, адамдар мысқылдауға көшкен екен. Осы ретте түсініктеме беріп кетейін.

Қалдықтардың шашылуы бұндай бұқаралық шараларда қалыпты нәрсе. Мысалы, Тур де Франсты алайық. Велошабандоздар шақшиған күннің астында жүздеген шақырымды артқа тастап келе жатыр. Бұндайда адам миы тек бір ғана мақсатқа жұмыс істейді: финишке аман жету, мүмкін болса жақсы орын алу. Басқа нәрсені ойлауға шамасы болмайды. Сол себепті, жарысқа қатысушылар су ішкен ыдысын, басқа да тамақ қалдықтарын аяқ астына лақтырып жүре береді. Оны трансляция кезінде байқап жүрген шығарсыңдар?

алматы марафон

ТВ-дан көрсетіле бермейтін тағы бір нәрсені айтайын: велошабандоздар бірнеше сағат бойы тоқтамай жарысады, сол кезде әрине табиғи қажеттіліктер де туындайды. Мысалы олар бұтына газет қыстырып, соған сиеді. Сосын ол газетті лақтырып тастайды. Сондайда ешбір жанкүйер, ешбір тұрғын айқай көтеріп, шу шығармайды. Тіпті кейбір адамдар таза газетті өздері қолдарына ұстап алып келеді, реті келсе шабандоздарға ұстатып жібереді екен.

Алматы Марафон кезінде де күн ыстық болды. Температура 20-дан асып кетті. 15 мыңнан асатын халық. Әрине, ішілген судың ыдыстары жерге шашылады. Әркім тазалықты ойлап, қоқыс жәшігін іздеп кетсе, жарыстың мәні қайда? Бұл мәселе алдын-ала ойластырылған: сол себепті жол шетінде волонтерлар қызмет етті, қаланың тазалық сақтау мекемесінің қызметкерлері үзбей жұмыс істеді. Фотодан көрген қалдықтарың да, жарыстың кесірінен жиналған басқа да қоқыстар 1-2 сағаттың ішінде жиналды.

алматы марафон

Есесіне, бұқаралық спортты дамытуға қанша үлес қосылуда, білесіңдер ме? Жыл сайын қатысушылар саны да, географиясы да кәдімгідей өсіп келеді. 15 мың халық тек тіркелгендері ғана, тіркелмей жүгіргендер қаншама! Әр тіркелген марафоншы кем дегенде 1500 теңге жарна төлейді. Аталған сомадан бірнеше есе артығымен ақша төлегендер де аз емес. Жиналған сома мүгедек балаларға түрлі жабдықтар алуға жұмсалады.

Сондықтан, үйінен шықпайтын чмощниктердің сырттай айтқан/жазған сөздеріне ере бермей, қатысушылар мен ұйымдастырушылардың да позитив посттарына назар аудара жүріңдер. Елде кәрі мен жастың, мүгедек пен спортшының, бай мен кедейдің басын қосатын осындай ауқымды спорттық-әлеуметтік шара өткеніне қуаныңдар.

Ернар Бекенов

Интернет қолданушы үшін 29.04.2015 жариялады
116,264 сұрақ
295,192 жауап
152,913 пікір
61,078 қолданушы