"Өлтірі" кәдесі туралы.

«Өлі-тірі»- деген, қазір ел аузында «өлтірі»-деп аталып жүрген кәденің толық атауы. Қызы кеткен үйге қыз алған жақ қызының барған жерінен хабардар ету үшін, әрі кешірім сұрап елдестірмек ниетімен қызы кеткен үйге адамдар (парламентарий) жібереді. Міне сол кісілер кешірім пұлы мен бірге ала баратын қой малы. Бұл қой міндетті түрде союға жарарлық семіз болуы шарт. Себебі қыз берген жақ осы малды сойып, асып ауыл ақсақалдарын, көрші-қолаңдарын жинап «Қызымыз ауылымыздан кетіп орнын тауыпты, сол қуанышымызды сіздермен бөлісіп, аруақтарға (өлген ата-апалар) құран оқытып, осы тірілер өздеріңіздің баталарыңызды алайық деп едік» деген жорамен таратады. Міне осы өлі мен тірілер батасына деп жіберілген қой «Өлітірі»-деп аталады. Сонау 1980-ші жылдардан осы кәдеге қосарлана жүретін бір жаман әдет жабысты, ол осы өлітірі малымен бірге арақ апару деген. Бұл өте жаман, ғұрыпты тоздыратын, анайы іс-әрекет. Ойласаңыз Әруақтарға құран бағыштап, солардан бата тілеу үшін жіберілген малға арақ қосақтап жіберу қаншалықты дұрыс, қаншалықты әдеп бола қойсын. Соңғы кездерде сол арақтың орнына кей аймақтарда «Құдалығымыз қанттай тәтті болсын»- деген ниетпен, өлі-тірі малына қоса бір қап қант беріп жіберетін болды. Бұның өзі де артық нәрсе десекте арақ қосарлағаннан көрі қант анағұрлым жақсы ма деп ойлаймын.

Қазақ салт-дәстүрлері 13.01.2015 жариялады

2 пікір

Естімеген салт дәстүр екен))
Өкініштісі сол осы секілді кереметтей ғұрыптарымыздың қазіргі уақытта еліміздің кей өңірлерінде қолданылмай бара жатқаны.
115,849 сұрақ
293,674 жауап
152,787 пікір
59,778 қолданушы