Иман жайлы………

Иман

Сынып ішіндегі оқушылардың айқай-шуы  мұғалімнің  келуімен сап тыйылды.  Ол  уақытты  босқа өткізбей  тақтаға бір (1)  деген санды жазды да:

– Балалар, мынау иман. Бұл адам баласына берілген ең үлкен бақыт,–деді.

Сосын 1-дің артына бір нөл қойды да: –Мынау жетістік. Иман арқылы бір 10-ға айналды.

Тағы да бір нөл тіркеп: – Мынау, тәжірибе!  Он  100-ге  айналады,– деді.

Нөлдерді осылай қосып кете береді: Қабілет... сүйіспеншілік... тәртіп...

Тіркелген әрбір  нөл иманды одан сайын күшейте түсті.   Біраздан кейін  қолына суланған матаны алып,  1 санын өшіріп тастады.   «Бұл имандарың  болмаса, басқа әрекеттерің түкке тұрғысыз»,–деп айтпақшы болған ұстазының сөзін шәкірттері  іштей ұғынған болатын.
Ақ парақтағы ойлар 20.04.2015 жариялады
116,756 сұрақ
296,965 жауап
153,081 пікір
62,483 қолданушы