Тасбақаның көз жасы

Тасбақа, тасбақа суреті

Дүниеде бір армансыз, қамсыз, уайымсыз жан иесі бар болса,ол тасбақа шығар деп ойлаушы едім. Мейір шөпті тауып алып,соны тістеп жатып,жүз жыл жасай беретін, Құдайдың сүйген мақұлығы сияқты көрінуші еді.

Сөйтсем, кинодан көрдім, тасбақадан қасіретті жәндік жоқ екен. Теңіз тасбақасын айтам.

Теңіз тасбақасы баласын жұмыртқадан шығарады. Бірақ жұмыртқаны суда туа алмайды. Теңізден шығып, жағалаудағы құмды қазып,жұмыртқа туып, құмға көміп кетеді екен.

Кетерінде көз жасы көл болып,іштен шыққын тұқымды қия алмай,құрлықта ұзақ уақыт қала алмай,амалсыз теңізге оралады. Міне,сұмдық сол сәтте басталады. Тасбақа жұмыртқасына алдымен адамдар әуес, тіпті жерік десе де болады.

Адам сондай болғанда, басқа жыртқыштарға не жорық? Олар да жұмыртқа жегіш.

Ал енді жегіштерден аман қалған жұмыртқалар құмның қызуымен ай-күніне жетіп,балақай болып,жарық дүниеге шығады ғой. Әне,содыр сойқан сонда басталады. Енді оларды аулауға аспандағы жыртқыш құстар де шүйлігеді.

Тумай жатып, жарық дүниеге келмей жатып,ажал аранына түсетінін Жаратқанның берген түйсігі арқылы сезетін балақайлар сол сезім жетектеп,дереу теңізге жетуге асығады.

Теңізге жеткені-жетті,жетпегені-желкесі үзіліп,қорқаулардың құлқынына түседі.

Бұл да бір кем дүние,арпалыс әлемі.

Қызықты деректер 19.04.2015 жариялады

3 пікір

Аянышты екен......................
Аяныштысы аянышты бірақ әр нәрсеге обал деп айта беруге болмайды. Алла солай жаратқан соң аяушылық жасап керек емес деп ойлаймын. Соңшалықты жар салып айтар нәрсе емес.  Жалғыз тасбақа емес осы әлемдегі бар тіршіліктің өзінің басына түскен қйыншылықтары бар.
Сізге көп рахмет. Аянышты өте қиын.
116,054 сұрақ
294,517 жауап
152,845 пікір
60,461 қолданушы