Қазақ хандығы: қысқаша құрылу тарихы

XIV — XV ғасырларда барлық қазақ тайпалары ұлан-байтақ аймақты мекендеп жатты. Ертістен Оралға, Алтайдан Каспийге, Қараталдан Сырдарияға, Тянь-Шань тауларынан Қаратауға дейінгі аумақты қамтыды. Қазақ даласын мекендеген негізгі тайпалар: үйсін, қаңлы, қоңырат, найман, керей, маңғыттар болды.

Қазақ даласындағы көшпенді тайпалар, сол кездегі үш ірі мемлекет — Ноғай Ордасы, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы немесе Өзбек Ұлысының құрамында болды. Бірақ олардың қайсысы болмасын, күнделікті өмірде қажетті қауіпсіздік пен этникалық аймақтың бірлігін қамтамасыз ете алмады.
Әбілхайыр хандығы экономикалық және саяси құлдырауды бастан кешіп жатқан еді. Мемлекеттің ішкі саясаты негізінен, билікке таласып жатқан Жошы ұрпақтарымен күресуге бағытталды. Күннен-күнге күшейген феодалдық езгімен, хан билігінің қысымына шыдамаған халық көтеріле бастады.

Қазақ хандығы: қысқаша құрылу тарихы

Жағдай, 1457 жылы Әбілхайыр ойраттардан жеңіліс тапқан соң тіпті ушыға түсті. Бұл жайт, халықты Әбілхайыр билігінен құтқарар, билеуші іздеуге мәжбүр етті. Орыс ханның ұрпақтары Жәнібек пен Керей сұлтан, қазақ тайпаларының мұң-мұқтажын жеткізуші, көсемдерге айнала бастады.
Әбілхайыр ханмен күресуге лайықты сәт таппаған, Керей мен Жәнібек туған далаларын тастап шығып, өздерін құрмет тұтқан Моғолстанға кетуге мәжбүр болады. Моғолстан билеушісіЕсен-Бұға қазақ сұлтандарын сый-құрметпен қарсы алып, Шу өзенінің жағасынан жер береді.

Қазақ хандығы: қысқаша құрылу тарихы

Есен-Бұға қазақ сұлтандарына жер бере отырып, ойраттар жиі шабуылдап жатқан шекарасын бекітпек болады. Мұхаммед Хайдар Дулатидың жазуынша осылайша 1465 жылы Керей мен Жәнібек сұлтандар Қазақ хандығының іргетасын қалады. Бірінші хан болып, Керей сайланды.

Айта кету керек, ру-тайпалардың өзара бөлініп, басқаларға қосылуы ол заманда қалыпты құбылыс болып саналатын. Бірақ, ру-тайпалардың Әбілхайыр аймағынан жаппай қоныс аударуы, билік үшін соғысып жатқан Шыңғыс ұрпақтары арасында аймақта ерекше жайт болды.
Оқиғаның салмақ алып бара жатқанын түйсінген Әбілхайыр, Моғолстанға жорыққа жақсылап дайындала бастайды. Алайда, жорық үстінде ауырып, қайтыс болады.

Әбілхайыр өлімі мен Өзбек ұлысының күйреуі, қазақ сұлтандарына Дешті Қыпшақ даласына қайта оралып, сайын далада билік үшін жүріп жатқан күреске араласуға, мүмкіндік берді. Олардың басты ойы, бұл аймақты жаңа мемлекеттің орталығын айналдыру болатын. Сол кезден бастап, далалық тайпаларды бағындыру олардың саяси, әскери қызметтерінің негізіне айналды. XV ғасырдың70-80-ші жылдары Жәнібек пен Керей, кейінірек таққа отырған Бұрындық хандардың бар күштері жаңа мемлекеттің іргесін кеңейтіп, күшейтуге жұмсалды.

Қазақ хандығына 550 жыл 18.04.2015 жариялады
116,265 сұрақ
295,203 жауап
152,913 пікір
61,090 қолданушы