Он саусағынан өнері тамғандар 18.04.2015 жариялады
«Базар жоқ» әзіл-сықақ театрының жетекшісі, Қазақстан бойынша гонорары ең қымбат тамада Тұрсынбек Қабатов Орал қаласының мүгедектерін алдап кетті. Ол 2014 күзінде Орал қаласына барған сапарында ұлттық қолөнермен шұғылданатын мүгедектердің кеңсесіне барып, солардың жұмысымен танысады. Оның ешкім тілінен тартпаса да, ол шеберлердің  жұмысын жеңілдету үшін ағаш өңдейтін станок сатып әперем деп үәде береді. Бұған қатты қуанған қолөнершілер Тұрсынбек Қабатовқа үш сандық, «Базар жоқ» театрына арнап мінбер жасап қояды. Бірақ, Тұрсынбек Қабатов сол кеткеннен мол кетеді – уәде еткен станок та жоқ, өзі де мүгедектерге қарасын көрсетпей кетеді.
Қолөнермен шұғылданып жатқан мүгедектердің жетекшісі Біржан Кужаковтың айтуынша, Тұрсынбек Қабатов «Базар жоқ» театрымен наурыз айының 14-15-16 күндері Орал қаласына келіп концерт беріпті. Бірақ, ол қолөнершілерге соқпапты. «Енді тіпті телефонын алмайтын болды» дейді Біржан. Оның айтуынша, қолөнершілерге Қабатов станок алып бергенде, кәсіпорын жұмысын кеңейтіп тағы бірнеше мүгедек адамдарды жұмыспен қамтуға болушы еді. Енді оған мүмкіндік болмай тұр. Тұрсынбектің уәдесінен құлағдар болған оншақты жігіт «Біржан аға, бізді қашан жұмысқа аласың?» деп қиылып жүр екен.«Мен оларға(мүгедектерге -«S»)не айтарымды білмеймін. Жақсы. Бір амалын табармын. Сізге бір өтініш, Тұрсынбек, телефонды алмасаң алма, мен ренжімеймін. Мүгедектердің сыйлығын саған тегін берем, алшы. Мүгедектер бұл еңбегін саған шын ниетпен жасаған!!!» деп жазды Біржан әлеуметтік желіде.  Ал Тұрсынбек болса, ізім-ғайым жоқ. Телефонын көтермей қашқақтап жүр.
Төмендегі видеодан Біржанның Тұрсынбек Қабатовқа арнаған сөзін тыңдауға болады. http://m.youtube.com/watch?v=zt3CNeicHVE&itct=CAIQpDAYACITCOaIlbbM_cQCFRCLfgodvxgARlJQ0KLSsdGA0YHRi9C90LHQtdC6INKa0LDQsdCw0YLQvtCyINC80q_Qs9C10LTQtdC60YLQtdGA0LTRliDQsNC70LTQsNC_INC60LXRgtGC0ZY%3D&**=US&hl=en&client=mv-google
117,379 сұрақ
300,610 жауап
153,171 пікір
64,156 қолданушы