Ұлы Отан Соғысындағы Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігі

Ұлы Отан Соғысындағы Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігі

Баршаға белгілі ақиқат кешегі Кеңес заманында ұзақ жылдар бойы КСРО жəне Қазақстан тарихына байланысты ғылыми-зерттеулерде маңызды оқиғалардың шындығы бүркемеленіп, бұрынғы үстем идеологияның арнасында жазылып келген болатын. Солардың бірі – Ұлы Отан соғысы тақырыбы болды. Соғыс тарихы кеңестік мемлекеттік жүйедегі идеологияның аясына, талаптарына бағындырылып, біркелкі жағымды жақтарынан ғана баяндалды. Қатаң идеологиялық бақылау жағдайын да зерттеушілер соғыс тарихының көлеңке жақтарын ашып көрсете алмады. Осының салдарынан шынайы тарихтың біршама бетте рі көпшілік назарынан тыс қалып отырды.

Еліміз тəуелсіздік алғаннан кейін тарих беттерін қайта саралап зерттеу батыл қолға алынып, соғыс тарихы егемен ел талабына орай зертте ліп, бұрмаланып келген жəне ақиқаты ашылмаған мəселелер қайта қаралып, оған дерек көздерімен дəлелденген объективті бағасы беріле бастады.

Тəуелсіз еліміздің ақиқатын танып, елі мен жері үшін, елінің намысы үшін күрескен аға ұрпақ өкілдерінің өмірі мен қызметін зерттеу – қазіргі таңда аса өзекті болып отырған мəселелердің бірі. Кез келген мемлекеттің рухани негізі – халықтық патриотизм. Осы орайда ақ таң дағы көп Кеңес дəуірінің Ұлы Отан соғысы жылдарында тек Қазақ стан ғана емес, бүкіл одаққа белгілі болған көптеген қай рат кер лердің өмірімен қоғамдық саяси жəне мемлекеттік қызметі əлі де толық зерттелмей келеді. Бұған себеп, кеңестік дəуірде ерлік жасаған кей бір қайраткерлер дің есімдері тоталитарлық жүйенің арнайы жүргізілген шараларының негізінде жасанды түрде төмендетіліп, кейінгі орынға ығыстырылды, тіпті əдейі ұмыттырылды. Болашағымыз өскелең ұрпақ ты ұлттық сана-сезім, патриотизм рухында тəрбиелеу туралы айтқан да, нақ осы мəселенің алтын арқауы – халқымыздың талай сын сəттер де суырылып шыққан көсемдерін айтпау мүмкін емес. Солар дың бірі – Рақымжан Қошқарбаев. Ұлы Отан соғысы кезінде ерлік көр сетіп, жеңіс жалауын Рейхстагқа алғаш тіккендердің бірі болды. Бірақ Кеңес Одағы кезінде ерлігі лайықты бағасын ала алмады. Академик Манаш Қозыбаевтың «Кеңес тарихының ең сүбелі бөлігі Ұлы Отан соғысының тарихы зерттеліп келеді. Алайда əлі де шешуін күтіп тұрған проблемалар баршылық» деуі [1], Р.Қошқарбаевқа қатысты айтылғандай, себебі Р.Қошқарбаевқа қатысты кейбір мəселелерді қайта қарауды, бағалауды талап етеді.

Қазақстан тарихнамасында тарихтағы жеке адамның рөлін зерттеу дəстүрі кенже қалған. Тек соңғы жылдары ғана жекелеген тұлғалар дың өмір жолындағы қасиетті де қасіретті қызметін арнайы зерттеу қолға алынып, бүгінгі тарих пен уақыт сұранысын қанағаттандыру бағытында бірсыпыра игілікті істер тындырылды. Көптеген тарихи тұлғалар, асыл азаматтар тарихтағы өз бағаларын алып, бүгінде арамызға қайта оралған дай болды. Өз кезегінде Р.Қошқарбаевтың да қызметі, өмірінің сан-қилы жақтарын ашудың ғылыми-теориялық қана емес, практикалық маңызы бар екендігінде түсінеміз. Өйткені тарихтағы жеке тұлғаның өмірімен, қызметімен танысу, оның халқына сіңірген адал еңбегіне, ерлігіне объективті баға беріп, тəлім алу. Оның үстіне қазіргі таңда ғы ұлттық сананың қайта жаңғырған тұсында төл тарихымыздың жаңа мазмұн, соны сипат алуына кең жол алып, мол мүм кін дік тер бері ліп жатқан мезгілде ғана ұзақ уақыт бойы бұрмаланып, біржақ ты қара лып, ақиқаты айтылмаған тарихи құбылыстарды қайта ой еле гі нен өт кі зіп, шынайы бағасын беруге талпыныс күшейе түсті. Сондықтан Р.Қош қар баев тың өмірі, қызметі жəне ерлігіне жаңа көзқарастар, біздің ойымызша, күрделі зерттеудің тоғысында тұрған тақырып болып табылады. Сонымен бұлардың барлығы Р.Қошқарбаевтың ерлігіне арнал ған тақырыптың өзекті екендігін аңғартса керек.

Ұлы Отан соғысында қанды қасап майданда қазақ халқының абыройын асқақтатып, тарихқа алтын əріптермен жаздырған батырларымыз баршылық. Халқы үшін қасықтай қанын, елі үшін шыбындай жанын берген батырлары қаншама. Солардың бірі, əрі бірегейі – Ұлы Отан со ғы сы кезінде Рейхстагқа бірінші болып Жеңіс туын тіккен Қазақ стан Республикасының Халық Қаһарманы, аты аңызға айналған халық батыры Рақымжан Қошқарбаев. Рақымжан Қошқарбаевты əскери мін де тін атқарғаннан кейін 1944 жылы қазан айында Варшава қаласына аттандырады. Ол көптеген жауынгерлермен бірге фашистерге соққы бе ре тін 3-ші армияның 79-шы атқыштар корпусына қарайтын 150-ші Идрицк дивизиясына тың күш ретінде жіберілген болатын. Дивизия ІІ дə ре же лі Кутузов орденді иеленген ерлік тарихы бар. Осы ди ви зияның құ ра мын да ғы 674-ші полктің бірінші батальонында Р.Қош қар баев взвод командирі болды.

Табаны күректей төрт жыл бойы ғаламат күш-қайрат көрсеткен жəне сұрапыл шығындарға ұшыраған біздің еліміз фашистік Гер ма нияның қуатты əскери машинасын тас-талқан етті. Төрт жыл бойы со ғыс қырғыны Отан қорғаушылардың қатарын селдіреткені, ал мұ ның өзі қалалармен ауыл-селоларға «қаралы қағаз» болып жетіп, же сір лер дің көз жасына айналып жатқаны да кешегі ақиқат. Төрт жыл бойы өз басы ның қамын ойламаған тылдағы еңбеккерлер майданға əскери өнімдер ді эшелондап жіберіп жатты. «Біз фашизмнің омыртқасын опырамыз!» – деп ант берді жауынгерлер 41-ші жылы. «Фашистік жырт қыштар ды өз інінде құртамыз!» – деді олар 45-ші жылы. Сөйтіп олар өз сертінен шықты.

1945 жылдың 29 сəуірінде Кеңес əскері, соның ішінде Р.Қош қарбаев тың взводы да бар, картада белгіленген Мольтке көпірінен өтіп, Швейцария елшілік үйінде түнге дейін ұрыс жүргізді. Осы елшілік үйін алуға 674-ші полктен В.Давыдовтың бірінші батальоны ғана қа тысты. Таң ата осы елшілік үйін фашистерден толық тазартқаннан кейін Р.Қошқарбаевтың взводы таңғы жетіге дейін демалып алды да, «Гиммлер үйіне» шабуылдарын бастады. Гиммлер үйі тұтас бір кварталды алып жатқан он алты қабатты үлкен үй. Фашистер оның терезелерін кір піш пен қалап, амбразура жасап алған. Түске дейін Гиммлер үйі нің тек екінші қабаты ғана алынды. Əрбір қабат, əрбір бөлме үшін ұрыс жүр гі зіл ді. Осы Гиммлер үйі үшін Р.Қошқарбаев взводы көп те ген ержү рек батырларынан айырылды. «Гиммлер үйіне» бірінші болып кірген Р.Қошқарбаевтың взводы туралы «Правда» газетінің əскери тіл ші сі Мартын Мержанов 29 сəуір күнгі шайқас туралы былай дейді:

«Корпус штабында маған күні бойы Қошқарбаевтың взводы ғи марат қа басып кірген сəттен бастап «Гиммлер үйі» үшін ұрыс жүр гіз генін айтты. Енді жаңадан – қаншама рет десеңізші – олардың сипаты да өзгерді: отрядтың, ротаның, взводтың маневрлері кеше ғана Маобит ауданында болған жай көшелер мен тұйық көшелердің арасында емес, тек үлкен бір үйдің ішінде ғана болып жатты. Мұнда тұт қиыл дан операция жасау онша келте емес (мен кейін көргенімдей) дəліз дер, залдар, кабинеттер, басқыштар, шатырлар, подвалдарда ғана жүргізілді. Бұл ғимарат үшін екі полк шайқасты, бірақ табыс сəтсіздікпен алмасып отырды, айқас ылғи күшеюмен болды, қабаттар мен бөл ме лер қолдан-қолға көшті. Гитлершілер сазайын тартудан құтылуға тырысты, бі рақ оларды пулеметтер мен автоматтардың оғы құт қар ма ды. Кешке қарай С.Неустроев пен В.Давыдовтың батальондары ғимараттың үлкен бөлігін басып алды. К.Самсонов батальонының бөлімшелері солтүс тік-шығыс бөлікті жəне бірінші қабаттан бірнеше бөлмені басып алды. Бірақ ұрыстар əлі де жүріп жатыр» деп [2], Мартын Мержанов «Бұл осылай болған» деп аталатын соғыстан кейін жазған ең бе гін де айтып өтеді.

«Гиммлер үйінде» орналасқан фашистер тегеурінді қарсылық көрсет ті. Əр жерден жиі-жиі өрт шығып тұрды. Бұл фашистердің Ке ңес əс кер ле рі не қарсы қолданған айласы еді. Кеңес əскерлері бо са ған қабат тар дың барлық есіктерін ашып тастап, көше жақ бетіндегі терезелерге қа лан ған кірпіштерді ұрып түсіріп жатты. Кеш батқанға дейін со зыл ған шайқас тіпті қиындап кетті. Фашистер қараңғылықты пайдаланып, қарсы шабуылға шығып отырды. Үйдің төртінші қабаты үш рет қол дан-қолға көшті. Кеңес əскерлері «Гиммлер үйінің» алты қабатты еке нін білгендерімен, ішіндегі бөлмелерді, қабаттан-қабатқа кө те рі летін есігі қанша жəне қай жағында екені беймəлім еді. Осылардың бəрі ұрыс кезінде қиындық туғызды. Себебі, фашистер бір есіктен төмен түсіп, екіншісінен көтеріліп, Р.Қошқарбаевтың взводының жауын герле рін ту сырттарынан шабуылдап, шығынға ұшыратты. «Гиммлер үйі» үшін ұрыс түнімен толастамай, 30 сəуір күні таң ата ғана алынды.

«Гиммлер үйін» фашистерден тазарту шабуылына 674-ші полктің В.Давыдовтың бірінші батальоны ғана қатысты. Ал бірінші болып осы батальоннан «Гиммлер үйіне» кірген Р.Қошқарбаевтың взводы еді.

1945 жылдың 30 сəуірі күні таңға дейін «Гиммлер үйі» үшін жүргізіл ген соғыстан сəл демалып, қалғып кеткен Р.Қошқарбаевты батальон парторгі аға лейтенант Кəкімжан Исаков жұлқи оятты. Р.Қош қар баевқа төменгі қабатта (батальон штабы орналасқан) парт ко мис сия ның адамдары партия мүшесіне алынғандарға билет беріп жат қан да рын хабарлады. Осы сəтті генерал-полковник В.М. Шатилов та атап өтеді: «Гиммлер үйінің» астыңғы қабаттарының бірінде партия ко мис сиясы ның мəжілісі болып өтті. Онда взвод командирі, комсомол мү ше сі, 1924 жылы туған қазақ жігіті лейтенант Рақымжан Қошқарбаев партия қа та ры на қабылданды. Ол өзінің өтінішінде: «Рейхстагты коммунист ре тін де шабуылдағым келеді», – деп жазыпты» [3].

Осы салтанатты сəттен кейін таңға дейін алған «Гиммлер үйін» аралап жүрген Р.Қошқарбаевты батальон командирі В.Давыдов ша қы рып жатқанын Рахматуллин деген жауынгер хабарлады. Р.Қош қар баев бұйрық ты естігеннен кейін, оны орындауға дайын екендігін жет кіз ді. Ал уа қытша  взвод командирі Р.Қошқарбаевтың ұсынысы бойынша Николай Гончаров тағайындалды.

Екі жақтан да снарядтар, оқтар атылып жатыр. Қауіп екі жақтан да күшейді. Байқаусызда Кеңес əскерлерінің де снарядынан жаралануы əбден мүмкін еді. Сол себепті Р.Қошқарбаев Г.Булатовпен бірге суға толы шұңқырға тығылды. Судың суығынан екеуі де тона бастады. Р.Қош қар баев бір амалын табуға бар ойын салуда. Сонымен қатар өмір мен өлім арасында ойына анасынан бастап, өмірінде жолыққан бар лық жылы жандарды есіне ала бастады:

«Менің шекем зырқылдап ауырып отыр, тегі, көп ойлағанның əсе рі тисе керек. Мұндай қиын жағдайда бастан кешкеннің бəрі еске тү седі екен. Есім кіріп, етек жапқаннан бергі өмірімде көрген-біл ге нім нің бəрі көш керуеніндей көз алдымнан тізбектеліп өтіп жатыр. Тай тө бе балалар үйі... Фрунзе училищесі... Отан үшін шəйт болған майдандас жол дас та рың ды ойлап, солардың бейнелерін көз алдыңа елестету бə рінен де қиын екен» [4].

Фашистердің оғына қарсы Кеңес əскерлері де қарсы снарядтар атып жатыр. Қарсы шабуылға шыққан жауынгерлерді фашистер оқпен ат қылай бастады. Біразының құлап түскенін Р.Қошқарбаев өз көзімен көр ді. Ал кейінгі жылдары шыққан статистика бойынша Берлин шай қа сын да қаза тапқандардың саны... Осындай шығындар Жеңісті алып берді. Əрбір жауынгер өздерін құрбан ете отырып, соғысты. Олар дың ішінде əске ри оқуды оқып, қатарға енді қосылғандары бар, соғыстың бас талған уақытынан күресіп жүріп, дəл Берлинге жеткенде қайтыс болған дары да, жасы да, кəрісі де бар еді.

«Осы жолы қанша адам мерт болды екен» деген оймен Р.Қош қарбаев туға өзінің жəне жауынгерінің есімін жазып қойды. Жа зу да ғы ойын: «алда-жалда өліп қалсақ, кейінгі жауынгерлеріміз білсін де ге нім ғой» [5], – деп Григорий Булатовқа жауап бергенінен білеміз.

Атыс саябырлап, көк түтін болған кезде, Р.Қошқарбаев пен Г.Бу латов Рейхстагқа қарай жүгіріп, алдыңғы есікке жетті. Рейхстагтың табал ды ры ғын аттар сəтінде Р.Қошқарбаев аяғынан (дəлірек айтсақ, санынан) оқ тиіп, жараланды. Бірақ жараланғанына қарамай, Жеңіс туын екін ші қабаттың терезесінің астына орнатты. Жеңіс туы не ғұр лым биігі рек жерге бекіту керек болатын. Сырт жағын ағашпен ай қыш-ұй қыш шегелеп тастаған үлкен есік, тас бағаналар мен мəрмəр дің гек тер, кірпіш тен, іші əлденеге толы қаптармен кептеліп, бітеліп тас тал ған үлкен терезелерден биік жерге ілу мүмкін емес еді. Екінші қа бат қа таяу астыңғы терезесінің бір-екі кірпішін снаряд жұлып тү сір ген дік тен, Жеңіс туын сол жерге орнатуға тура келді. Р.Қош қар баев Г.Булатовты көте ріп (иығына шығады), туды бекітуін бұ йы ра ды. Ту бекіген сəтте жел тұрып, ту толқындатып, желбірей түс ті. Бұл Жеңіс туы еді. 1418 күн ге созылған соғыстың 1410 күні ор на ған туы еді. Жеңістің нышаны еді.

Ерлік оңайлықпен жасалмайды. Кездескен қиыншылыққа төзе отырып, кедергілерді жеңе отырып келетін, ащытердің жемісі. Ерлік жасаған да əрбір адамда қорқыныш сезімі пайда болады. Осы сезімді намыс, абырой, жауапкершілік қана жеңе алады. Пенде болғандықтан, осы сезімдер Р.Қошқарбаевтың бойында да болды. Бірақ бұғып, тығылып жатпай, артқан сенімді ақтап, алған бұйрықты екі етпей орындап шықты. Қорқыныштың болғанын Р.Қошқарбаев та мойындайды: «Егер біз «ойы мыз ға ештеңе кіріп шыққан жоқ, өлімнен қорыққанымыз жоқ» – десек, оған кім иланар! Міне, міне, өліп кетеміз-ау, қаңғыған бір снаряд тың тобықтай жарықшасы тиеді-ау енді деп əр сəт ой ла ға ны мыз шын ғой. Жаңағы бір сəтте ең соңғы жүз метрдей жерді құ йын қу ған қаң бақ тай домалай жүгіріп өткенде де, енді-енді бір оқ қуып же тіп, қа да ла түсер де, қыршындай өмірді қырқып кетер-ау деген қа уіп ті ой бір сəт мидан шықты ма екен? Жоқ, шыққан жоқ! Рейхстагқа жете бере тиді емес пе, бір оқ қара санға. Ал ол жанды жерге де тиюі мүм кін еді ғой. Қайран тіршілік, неткен қымбат едің!» [6].

Г.Булатов та өзінің сезімін: «Енді біз өлмейміз. Онсыз да мына үш жүз метр жерден өтіп, Рейхстагқа жеткенше (екеуіміз, яғни Р.Қош қарбаев ты айтып отыр) жүз рет өліп, жүз реет тірілдік емес пе!» – деп жет кіз ді. Г.Булатовтың сөзі рас еді, 300 метрді 7 сағат бойы (сағат күндіз гі 11-ден кешкі 6-ға дейін) жер бауырлап жеткенше дейін сан өліп, сан тірілді.

Аман-есен Рейхстагқа жеткен кезі туралы Р.Қошқарбаев: «Аманесен жеттік пе, жетпедік пе дегендей екеуміз бір-бірімізге күле қа рай бе ре міз. Бірақ, екеуміздің де көзімізде жас. Денемізде бір түрлі ді ріл бар. Бұл шамасы толқу, қуаныш сезімі болар» [7] – деген. Нағыз те бірен тер сəт Туды тігу сəті еді. Ту 30 сəуірдің сағат кешкі 18.30-да ілінген еді.

Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағының халықтары, соның ішінде қа зақ халқы үшін үлкен сынақ болды. Əйгілі қолбасшы, соғыс батыры Бауыр жан Момышұлы «Соғыс қазақ халқының тарихын күрт өз герт кен, бұ ры лыс əкелген, миллиондаған отандастарымыздың арасында өш песіз, жазылмас жара қалдырды» дей отырып, ол «Қазақстан Ұлы Отан со ғы сы жылдарында» тек біздің замандастарымыз ғана емес, адам герші лік, игілік сезімдер тұрғысынан болашақты да тол ған ды ра тын та қырып» деп өз ойын жалғастырады.

Бұл тақырып халық өмірімен, тағдырымен тығыз байланысымен, те рең ді гі мен ерекшеленетін болғандықтан, бүгінгі тарихтың да, бо лашақ тың да күн тəртібінен ешкім де алып тастай алмайтын, еш қан дай оқи ға лар мен күтпеген жағдайлар əсерін тигізе алмайтын та қы рып қа жатады. Соғыс аяқталғаннан бері арада көп уақыт өтсе де, та қы рып қазір гі замандастарымыздың жадында жаңғыртып, сезімдерін тол қы та ды.

Ұлы Отан соғысы – қасіретті соғыстардың бірі. Бұл соғыс Ке ңес Одағының 1710 қаласын, 70 мыңнан астам селосы мен деревнясын өрте ді. Ауыл шаруашылығында егістік жерлер 36,8 млн. га-ға қыс қар ды. Елдің онсыз да нашар техникалық жабдықталуы күрт төмендеп кетті. Кеңес Одағы ұлттық байлықтың 30%-нан айырылды. Ал ең баға жетпес байлық адам шығыны көп болды. Екінші дүниежүзілік со ғысқа қатысқан мемлекеттер халқының тікелей жəне жанама шы ғы ны 50 млн-ға жуық адам болды. 

Ал Кеңес өкіметі кезінде жоғары жақтан жиналған мəліметтер бойынша қаза болған адамдардың саны үнемі төмендетіліп берілді. Ке зінде И.Сталин 7 млн. адам қаза болды десе, Н.Хрущев 20 млн. деген санды жариялаған. Жариялылық кезінде КСРО Қорғаныс министрлігі 28 млн. адамның қаза болғанын жария еткен. Шетелдік зерттеуші М.Хай нес соғыстағы КСРО жалпы жоғалтқан адам саны 42,7 млн. деп санайды. Бірқатар Ресей ғалымдары 30 млн-нан астам деген мəліметті келтіреді.Бұл соғыста Қазақстан 400 000 (төрт жүз мың) адам жоғалтты деп саналады. Бұл да өте төмендетілген ақпараттық сан. Статистикалық комитеттер соғыста қаза болғандардың нақты санын есептеуді қолға алуда. Мысалы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Б.Ғ. Аяған: «майдан ға кеткендердің санына 1939, 1940, 1941 жылдары Кеңестік Армияға алынғандар кірмеген. Соғысқа дейінгі əскерге шақырылғандар соғысты əскер қатарында қарсы алды. Сонымен бірге сол кездегі есепке алу дың кемшіліктерін ескеру қажеттігі бар» деген ойда [8].

«Ерлік елеусіз қалмауы тиіс. Халқымыздың ерлігі – дүниедегі елеулі ерлік, ерліктің шыңы» деп Б.Момышұлы текке айтпаса керек, Р.Қошқарбаев тың ерлігінің еленбегеніне қатты қапаланып, көптеген басшыларға (Қазақ КСР-нің Бірінші хатшыларына Ж.Шаяхметов, Д.А. Қонаев мырзаларға) хат жазып, Кеңес Одағының Батыры атағын беруді өтінеді. Р.Қошқарбаевтың ерлігінің соғыстан кейінгі жылдары зерттелуі Б.Момышұлының тікелей араласуымен жүзеге асты.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ƏДЕБИЕТТЕР МЕН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ

Қозыбаев М.Қ. Тарих зердесі (Заман асуы). 1-кітап. Алматы: Ғылым, 1998. 344 б.
Мержанов М. Бұл осылай болған. Алматы: Қазақстан, 1977. 134 б.
Сонда. 245-246 бб.
Қошқарбаев Р. Жеңіс жалауы. Рақымжан Қошқарбаевтың Ұлы Отан со ғысы жайлы естелігі. Алматы: Жалын, 1978. 168 б.
Аупбаев Ж. Халық ала алмаған қамал. Егемен Қазақстан. №1(21987), 1 қаңтар, 1999 жыл, 5-б.
Аупбаев Ж., Мыңбай Н. Халық алған қамал. Егемен Қазақстан. №90, 11 мамыр, 1999 жыл, 3-б.
Рейхстагқа ту тіккен Рақымжан Қошқарбаев: Естеліктерді құрастырып, алғы сөзін жазған О.Темірханов. Алматы: Жібек жолы, 2005 жыл, 216 б.
Алпыс екі жылдан кейін аяқталған ақиқат. Алтын Орда. 11–17 мамыр, 2007 ж., 1-2-5 б.

 

Ж.Н. ЖАҚСЫКЕЛДИНОВ,

Мемлекет тарихы институты, кіші ғылыми қызметкер, тарих магистрі Астана қ., Қазақстан

Қазақстан тарихы 16.04.2015 жариялады
116,025 сұрақ
294,324 жауап
152,839 пікір
60,310 қолданушы