Қайта келмес балалығым...

"Өткенін ұмытып, болашаққа сапар шегу - жүзуді ұмытып теңізге секіргенмен тең" дейді ғой. Өткен күндерді сағынамын, аса бұзықтық жасай қоймасам да, балалық шағым қызықты өтті. Қатарластарымның балалық шақтары да менің балалық шағыма ұқсас та шығар, барлығымыз бір қоғамда өмір сүрген сон.

Қаланың қақ ортасындағы көп қабатты үйде өстім, менімен қатар балалар көрші подъезде де, өз подъезімде де жетерліктей болды.
Күн сайын доп теппесек балтырымыз сыздайтын, қар жауғаннан кейінгі футболдың қызығы бір бөлек. Доп көрінбейтін қараңғылық түскенде, аулаға жиналып "тығылмашақ" ойнау дәстүрге айналған. Сырт киімімізді ауыстырып "опасная точка" жасаймыз. Жаздың ми қайнар ыстығында подъезде отырып алып, табан астына асықты қойып, бетонға үйкелейміз. Беті тегістелген сон шегемен шұқылап отырып, ортасынан және екі жағынан тесеміз. Ескі больницаның қоқыстарын аралап жүріп, қорғасынның ұсақ-ұсақ қалдықтарын жинаймыз. Көшеден кордон, пакет, өртеуге жарайтын мусор тауып әкеліп, қорғасынды консервінің қауашағына салып ерітеміз. Алдын ала дайындалған асықтың формасына, тескен асығымыды балшыққа жатқызып әдемілеп құямыз. Мерген сақа, бапка, ұшқалақ деп сақаларымызға ат та қойып аламыз.

Ойын арасында шөлдегенде балконның алдына келіп мамалап айқайлаймыз. Мама боклшакамен су лақтырады, лақтырмасына қоймаймыз ғой енді. Мен 4-ші қабатта тұрдым, жерге түскенде міндетті түрде боклашканың түбі тесіледі. Түскен жеріне жүгіріп барып үлгеріп төгілмей қалған суды таласып-тармасып ішеміз кезектесіп. Кімнің мамасы су лақтарса, сол бірінші ішеді деген жазылмаған заң бар.
Бізден 4 жас үлкен Баука деген бала болды, тапал бойлы, сары бала. Таңертең біз ұйқыда жатқанда ол қала аралап бутылка жинайды, кешкісін тапқан ақшасына юпи алып, бірзі әбден қызықтырып болады. Юпидан бір ұрттау үшін көшенің арғы басына теуіп жіберген добын сүрініп-қағынып бірінші әкелуге тырысамыз. Юпиі таусылғанша - ол біздің басшымыз. Кейбір кездері біз де соған еріп бутылка жинаймыз, сынбаған пивоның бутылкасын тапсақ алтын тапқандай қуанамыз. Есімде, пиво бутулкасы 4 тг, арақтың бутлкалары 2-3 тг өткізетінбіз. Баука футбол жақсы көретін, кейде зауқымыз соқпай, футбол ойнамаймыз деп қалсақ, өткен жолы бір ұрттатқан юпиін есімізге түсіріп, енді ішкізбеймін деп кииді. Содан кейін ойнамай көр ал.

Ересек балалар бізді төбелестіретін. Күні кеше дос болып жүрген баланы, аяқ астынан жауындай көріп төбелесеміз де кетеміз. Төбелеспеймін десен біраз уақытқа дейін есіміңе "қорқақ" деген тіркес қатарласа жүреді.

7-ші сыныпқа көшерімде ойламаған жерден қала шетіндегі жер үйге көшіп келдік. Күшік асырауға қызыққаным сонша, сол күннен қалмай туысқан ағаларымның құлақ етін жеп бірден үш күшік алдырттым. Қаладағыдай емес, көліктер аз, көше кең. Менің көшіп келуімді күтіп жүргендей жаңа асфальтта төселді, теп-тегіс. Велосипед тебуге таптырмайтын жер. Отбасымның бюджеті үйдің ремонты мен ішіп-жеуімізден артылмайтын. Қатарластарымның велосипедтеріне қызығып жүргенімді сезіп, сезіп деймін-ау, өзім де айтып қоймаған сон маған да біреудің пәлен жыл айдаған ескілеу "урал" велосипеді бұйырды. Орындығына отырсам педальға аяғым жетпейді, Биік төбешікке сүйреп барып, аяғым жетпесе де төмен қарай жүйіткіп түскеннің өзіне мәз болатынмын. Кейіннен ортасынан айдауды үйрендім. Талай рет рульді игере алмай қалып канал жақтағы шеңгелге қойып кеттетінмін. Жырып кеткен жерлері түнімен ашытып, дөңбекшіп шығатынмын.

Бастапқы жылдары огород екпедік, 3-4 бала жиналып, алыс жақтағы біреулердің үлкен огородтарына ұрлыққа түсеміз. Алдымен шарбақтың астын қазамыз, сол тесіктен кезектесіп кіріп, помидор, огурцы, қауынға түсеміз. Қауынды былай қарай шығып тасқа ұрып жарып, қолмен жейміз. Қайтар жолда каналға суға түсіп, түк болмағандай үйімізге тараймыз.
Ұрлығымыз бұнымен ғана шектелмейтін, мектеп жақтағы ескі автобустардың ішінде ойнап жүргендей боламыз да, астын қопарып мыс, алюмин іздейміз. Тапқанымызды теңдей бөлісіп, айызымыз қанғанша компьютерный клюбқа жұмсаймыз. Сабаққа кеттім деп сумка арқалап, компьютер ойнап, сабақ ерте бітті деп үйге келе салатынбыз.

Кейбір кездері үйімізден 1-2 кортошка алып шығып, жиналып от жағып, шоғына кортошка пісіреміз. Күйгенін күйгенімен жей бересін ернің қап-қара болып. Сондай күдердің бірінде, досым екеуміз соның үйінің артында кортошка пісіруге от жаға бастадық, оттың жәй жанғанына шыдамсызданып, сарайдан боклашкаға толы солярка әкелді де құйып жіберді. Боклашка бір жақта, екеуміз екі жаққа ұшып түстік, кекіліміз күйіп қалған. Қораның арты қоршалған жыңғыл пытырлап өртеніп, күшейіп бара жатыр, үстіміздегі киімді шешіп отты ұрғылап сөндіріп жатырмыз, онымыздан түк шықпады. Ол кезде суды көшенің басынан флягпен таситынбыз, уйінің алдындағы флагтағы суды сасқанымнан иттің итаяғына құйып шашып, жүгіріп жүріп сөндірдік-ау. Кейін білдік, солярка дегеніміз таза бензин екен.

Велосипедтің қызығымен жүріп, жезқазғанға баратын трассаға шығып аламыз, ол трассада тесік көпір бар, көпірдің үстінде де көліктер сирек жүретін теп-тегіс тас жол. Қызығатынымыз да сол трасса. Биік төмпешігіне шығып алып, төмен қарай жүйіткігенде, жылдамдықпен келе жатқан көліктерден де қалыспайтынбыз. Қазір ойлаймын-ау, сол кезде біріміз құласақ түгіміз қалмай шашылып қалады екенбіз.

Мүмкін біз кеш жетілген буын да шығармыз, көпшілігі айтып жүргендей. Менің балалық шығамда барлығымыздың да ата-анамыз жұмысбасты болып, бала тәрбиесіне уақыттары бола бермейтін. Баланы үйірмеге қатыстыру деген ол кездері өте сирек. Метрикамызды ұстап алып өзіміз күреске де қатыстық, футболға да қатыстық. Үлкендер "ойнап жүрген шығыр" деп қолдаулары болмаған сон спорттан да қатырып нәтижие шығарған біз болмадық.

Өткен шағымды бір еске алғым келген, айтылмаған талай қызықты күндер қалды, шүкір, балалық шығым қызықтан кенде емес.
Ақ парақтағы ойлар 15.04.2015 жариялады
116,035 сұрақ
294,371 жауап
152,840 пікір
60,340 қолданушы