Зинақорға өсиет [сұрақ жабық]

Адам болып жаратылдық, басы бүтін бағалы,
Сол бағаға сай келе ме мына қоғам талабы?
Ер азамат «сері» болып,
Аяулылар «пері» болып,
Сол бағаның құны кеміп барады.
 
Демеймін мен бәрінің де рухы — жетім, құны — кем,
Серімін селкілдеген сезімсізден түңілем.
Орындаймын деп кері кеткен серіліктің талабын.
Дөп баса алмай, шоқ күйдірген табанын:
Баяндайын сол жігіттің тілімен:
 
Жігіт едік әрқашанда алшы тұрған асығы,
Кеудеде қан, бойда қуат, білекте күш тасыды.
 Қарсы келіп алысқандар қалды тұрмай иленіп,
Бізді көрген кей мықтылар алыс жүрді именіп.
 
Енді ойланам: ер болсақ та білек күші тасыған,
Әңгімеміз өте арзан, исі шыққан, сасыған.
 Жүректерде мейірім жоқ,қара дақтар қатқан нық,
Қарқ-қарқ күліп істеп жүрген күнәмізбен мақтандық.
 
Жәбірлейміз біреулерді, тіпті тонап,ұрамыз,
«Зина» еді мақтан етер ең сүйікті күнәміз.
 Ісіміз де, сөзіміз де тек сылдыр су, май емес,
Денемізге, жасымызға ой-өреміз сай емес.
 
Уақыт өтіп зымырады, көп күнді артқа тастадық,
Жиналдық та біз бір күні «сасық сұхбат» бастадық.
 Бздің сабаз, сері жандар таудан, тастан қайтқан ба,
Бір-бірінен асып түсті «зина» жайын айтқанда.
 
 
Бірі айтты: «Мен бәріңнен асып түскен батырмын,
Себебі мен, он бестегі оқушыны қатырдым»...
 Дедім мен де: «Сен балақай бүгін менен ұтылдың»-,
Деп келдім де сөйлемімді «қатырдыммен» бітірдім.
 
Арамызда мақтанбаған қалды «сары қу» ғана
Даусын қырнап, бір жұтынып,қарап тұрды қулана.
 «Мен сендердей тым тұрақсыз,өте ақымақ емеспін,
Бір аруға бір ай барам, одан кейін елеспін.
 
«Сүйемін»деп, «Күйемін»деп ресторанға шақырам,
«Жарым етіп аламын» деп, тура бір ай қатырам.
 Қазір міне, тура сондай бір сорлыдан келемін,
Анда-санда беріп қоям тиын-тебен керегін.
 
Обалы не, ол бір байғұс алады деп сеніп жүр,
Жай айтамын,қатты айтамын бәріне де көніп жүр.
 Бойы ұзын, шашы иықтан, сұлу көздің қарасы,
Күйеуінен қайтып келген, бар екен бір баласы.
 
Осы емес пе мен сендерден бір сатыға асқаным,
Мас боп қалды,өз үйіне жаңа апарып тастадым.
 Уақытша болып жүрмін қазір оның сыңары,
«Пәлен»деген ықшам аудан, жүзінші үйде тұрады.»
 
Тұла бойым мұз боп кетті, сәйкестік пе, бұл қалай?
Тұрып кеткім келді орнымнан ары қарай тыңдамай.
 Екі бетім нарттай жанып, ысып, шулап құлағым,
Сәл шыдадым, түк сездірмей аты жөнін сұрадым.
 
Сөйтсем іште ар-намысым көтермепті бекер бой,
Қор қылғаны туған менің қарындасым екен ғой.
 Ол «сары қу»өртенгенім, күйгенімді білсін бе,
«Қайдан білдің аты-жөнін, сенде барып жүрсің бе?»-
 
Деді дағы қарқ- қарқ күліп қайта-қайта сұрады,
Шарасыздық шарлап алды, жан жүрегім жылады.
 Қорғай алмай қарындасты намыс қалды тапталған,
Не дейін енді, жаңа ғана өз күнәммен мақтанғам.
 
Мен қатырған арудың да намысы тік құлады-ау,
Ол да менндей бір жігіттің қарындасы шығар-ау.
 Шайтан болып көрінді де жан достарым қолдайтын,
«Ал, жігіттер,қайттым үйге, денсаулығым болмай тұр...»
 
Сыртқа шықтым,өлгім келді, бұл өмірден түңілдім,
Ашуланып қарындасым тұрған үйге жүгірдім...
 Кіріп келдім,үй тып-тыныш, жоқ секілді бір адам,
Қарындасым шынымен мас, жатыр сезбей сұлаған.
 
Жүзім кетті қап-қара боп,қаным тепті басыма,
Өлтіруге бел байладым тіпті сондай асыға.
Ұрып...әлде, буындырып өлтірсем… тез табады,
Шайтан маған көмек беріп әртүрлі ой салады.
 
«Уланыпты» деп айтсын деп барлық газды аштым да,
Есік жауып қалдым ойға сатыға аяқ бастым да:
 Бір құрсаққа сыйыса алған бауыр ек қой біз кеше,
Бір дүниеге сия алмайтын не боп қалды ендеше?..
 
Газды жаптым,қия алмадым қарындасты көрікті,
Шарасызбын екі көзге бердім енді ерікті.
 Мен өзіңді лас өлімге қимаймын ғой қарағым,
Кім береді санамдағы сан сұрақтың жауабын?..
 
Бұл қоғамды кінәладым күнәлі істен құралған,
Ақырында таптым жауап Қасиетті Құраннан.
 Құдай мені кешер деген үмітім бар күтулі,»-   
Деп көздері жасқа толып,әңгімесін бітірді.
 
Ойланайық біз де бір сәт, мұнда бізге сабақ бар,
Санаңда бір сұрақ туса, соған лайық жауап бар.
 Серіліктен бастау алса бүкіл қайғы, бүкіл мұң,
Қарындасты қорлап біткен «серілікке» түкірдім.
 
 Есқожаев Ермек

https://m.youtube.com/watch?v=bKnbA-ypLOY
Сұрақтың жабылу себебі: Ешқайсысың ашушы болмаңдар!
Поэзия 14.04.2015 жариялады

1 пікір

Әсерлі екен...
116,265 сұрақ
295,203 жауап
152,913 пікір
61,095 қолданушы