Есентай Mall, Достық Plaza, Mega Park-3. Бір-бірінен несі артық, несі кем?

Мен кеткен екі жылдың ішінде Алматыда үш бірдей зəулім ғимарат салынып үлгерді:Есентай Mall, Достық Plaza, Mega Park-3.

"Тығыз орналасқан ғимараттары онсыз да сыймай жатқанда несіне сала береді осы?! Шығатын тауы - анау, мінетін Көктөбесі - мынау, аттап басса - кафе-ресторан, жетпей ме солар?" деп түрпектеп қояды ішімдегі қызғаныш. Қызғанбай қайтем, бірінен-бірі асып тұрған гламур орындар.

Не керек, блогсапарымның Алматыдағы жазбасы аталмыш қаланың соңғы трендінде көш бастап тұрған осы əйдік-əйдік үш сауда ойын-сауық орталығы жайында болмақ. Тұтынушы ретінде үшеуін де асықпай аралап, байқалған артықшылықтары мен кемшіліктерін тізіп шығуға тырыстым.

Есентай Mall

Есентай Mall

Есентай Mall. Мен Астанаға қоныс аудармай тұрып-ақ, 2012 жылы ашылған болатын.

Бес қабатты ғимаратқа кірген сәттен-ақ биік талғам мен қымбат сәннің иісі бұрқ ете қалады.

Мұнда қолжетімсіз (әрине, өз шамамызға қарап айтып жатырмыз) киімдер, қолжетімсіз аксессуарлар. Әлемдік брендтердің түпнұсқалық өнімдерін дәл осы ғимараттан табасыз. Тіпті қызметкерлерінің өзі аса бағалы, тым жоғары талғаммен киінген.

Есентай Mall

Есентай Mall

Есентай Mall

Бірінші қабаты тек бутиктерден тұрады. Екінші қабаты да дәл солай. Үшінші қабатынан да киім-кепшік, парфюм, аяқ киім, аксессуарлар қарауыңызға болады. Мұндағы бағаны ескере отырып, орта есеппен болжамдасам, бастан-аяқ, өлдім дегенде, 500 000 теңгеге киініп шығасыз.

Есентай Mall

Есентай Mall

Дүкен аралаудан аяғыңыз талып кетсе, үш қабатта да демалып алуға арналғанорындар бар. Ғимараттың іші тым күңгірт, еңсені басып, тез шаршататын секілді.

Есентай Mall

Есентай Mall

Сенбі болса да, Есентайда халықтың қарасы аз. Менің орнымда болсаңыз, сізде де"Көрпесіне қарай көсілетін қазақтар бұл "мұражайға" тіпті, суретке түсуге де келмейді ме," деген сұрақ туындауы мүмкін. Сөйтсем, мұндағы қызықтың бәрі төртінші қабатта екен. Бұл - фуд-корт.

Есентай Mall

Дәл осы төртінші қабатта Eсентайдың кинотеатры бар - Kinopark 11. Бір фильм сеансының құны, орташа алғанда - 1500 теңге. Одан қымбаты да, арзаны да табылады, мен ойлағандай аспандағы баға емес екен. Халықтың төртінші қабатта ғана құжынайтынындай-ақ бар.

Ал, бесінші қабаттаа... бесінші қабатта да кинозалдар және Италия мейрамханасы орналасқан.

Есентай Mall

"Гламур орында азық-түлік дүкені жоқ" деген сеніммен минус бірінші қабатқатүскенмін. Бар екен. "Esentai Gourmet" гламур азық-түліктер дүкені. Шынында, аты қарапайым халыққа таңсық әрі бағасы да, сәйкесінше, "сирек кездесетін" өнімдерді көрдім. Көзіме оттай басылған кейбір таныс тауарлардың әдеттегі бағасынан 200 және одан да жоғары теңгеге қымбат екенін байқадым. Мынадай әдемі орында қымбат бағаның болуы орынды да...

Есентай Mall-дың 3 қабат көлік тұрағы, SPA салоны, финес залы бар. Барлық банкоматтарды таба аласыз.

Сонымен менің көзқарасым бойынша, Есентай Mallдың артықшылықтары:

- "Super Вторник" - әр сейсенбі сайын кез келген фильмге ересектер 700 теңгемен, студенттер 500 теңгемен, балалар 300 теңгемен кіре алады екен;

- Демалысқа қарамастан адамның аздығы; тыныштық, өте тыныш орын;

- Ғимараттың дәл алдынан көлігіңізден түсіп қалып, машинаны арнайы қызметкерге (валет-парковщик) тапсырып, паркингке орналастырта аласыз.

Кемшіліктері:

- Интернет жоқ. Тіпті СОСО атымен аталған WI-FI-дың белгісі де жоқ;

- Бағасы (жеке көзқарасым, біреу үшін артықшылығы болуы мүмкін) қымбат;

- Жолдың бойында орналасқан. Шықсаң - Әл Фараби дыңғырап жатыр. Келіп-кетіп жатқан көліктерге өте ыңғайсыз.

-------------------------------------------------------------

Достық Plaza. 2014 жылы ашылды.

Достық Plaza

Ғимаратқа жақындағаннан-ақ менің назарымды аударған ерекше дүниелер болды -Қазақ Хандығының 550 жылдығына арнап орнатылған мүсіндер. Қазақтың бетке ұстар тұлғаларын таныстырып жазған деректері де сүйсінтті.

Достық Plaza

Ал Достық Plaza-ның ішіне енгенде ашық түстерден көңілің көтеріліп, кең тыныстап қаласың. Талғаммен үйлестірілген қазақы ою көзге оттай басылады. Мүмкін маған ғана сондай әсер берді ме, бұл ғимаратта қазақтар көп жүргендей болды)).

Достық Plaza

Үш қабатының  біріншісі біріңғай қандай да бір бутиктерге арналмаған. Бұл жерде өзімізге таныс та, таныс емес те брендтердің дүкенін көреміз. Кофейня да бар, техника сататын дүкендер де бар. Аралас. Ең бастысы, қалтамыз көтереді. "Бір ғимаратта болса ғой" деп аңсайтын бүкіл брендтердің бір ғана ғимаратта шоғырлана қалғаны сондай керемет.

Достық Plaza

Бірінші қабатта азық-түлік дүкені де бар. Алматылықтарды білмедім, астаналық достарыма өте таныс - Galmart. Тауарларының бағасы қымбат та емес, арзан да емес. Әрине, базардың бағасынан әлдеқайда жоғары.

Достық Plaza

Екінші қабатта да киініп, аяқ киім қарап, аксессуарлар таңдап, арасында кофеден ұрттап қойып, жүре беруге болады. Бұл этажда отандық өнімдерден Аида Кауменованың бутигі әлемдік брендтермен иық тіресе тұрғаны қуантты.

Бұл ғимараттар бастан-аяқ киініп шығу үшін, кем дегенде, 50 000 теңге керек.

Үшінші қабатта үлкеен орынды алып жатқан орындықтар бар. Бұл жер - фуд-корт. Түрлі түстердің ретімен орналасқан үстелдердің санын көріп, мұнда келетін адам санын елестете беріңіз. Алайда, мұндағы тағам ұсынатын дәмханалар саны үстел мен орындықтардың санына сәйкес келмейді. Аз. Сол баяғы KFC, Burger King, Hardees, аса танымал емес мейрамханалардың тағы бес-алтауы, болды.

Тамаққа тойып аласыз да, кинотеатрға топ ете қаласыз. Cinemax - әдемі, сәнді, көзді арбайды.

Киноға билеттер бағасы, орта есеппен - 1800 теңге. Студенттерге 1200 теңге, күн сайын.

Мұнда 1300 орындық көлік тұрағы, банкоматтың барлық түрлері бар.

Достық Plaza-ның артықшылықтары:

- WI-FI кез келген смартфонға қосылып кетіп, иесінің мазасын алмайды - арнайы орнатылған құрылғыға жеке куәлігіңіздің скринін саласыз да, арнайы кодтар арқылы қосылып аласыз. Бұл қондырғы үш қабатта да бар;

- кез келген қабатта отыратын жұмсақ орындар (пуфик, кресто, диван) бар;

- барлық қабатта фотоға түсуге арналған әдемі қабырғалар бар;

Кемшіліктері:

- Адам өте көп, шулы. Тамақтанатын орында он есе шу бар.

- Студенттер үшін кино сеанстарына жеңілдіктер жоқ, бары - қымбат;

- Балаларға арналған алаңқайды таба алмадым.

------------------------------------------------------

Mega Park - 3. 2014 жылы ашылды.

Мегаға кірмес бұрын, саптай тізілген көліктердің жанынан өту керек. Парковкасы сыртта орналасқан, көліктерге өте ыңғайлы.

Mega Park - 3

Сыртының да, ішінің де бірінші не екінші Мегадан аса айырмашылығы білінбейді.Жанға жайлы, тыныштандыратын аурасы бар орын.

Үш қабатты. Бірінші қабатында суретке түсуге арналған 2-3 арнайы қабырға, Есентайдағыдай аса қымбат, Достықтағыдай аса көп болмаса да, біршама киім бутиктері бар.

Бұл қабаттан косметиканы да, Macro center деп аталатын маған бейтаныс азық-түлік дүкенін де, техника сататын бутиктерді де таба аласыз.

Mega Park - 3

Екінші қабатта да түрлі бутиктер, мейрамханалар, арнайы дем алып отыратын орындар бар.

Mega Park - 3

Үшінші қабатта үлкен, биік, өте әдемі фуд-корт бар.

Дәл осы қабатта кинотеатр да бар. Chaplin. Кино сеансына орташа баға - 1400 теңге.

Mega Park - 3

Mega Park-3 артықшылықтары:

- кино уақытын күту залы бар. Өте әдемі, іш пыстырмайтын ойын үстелдері мен кітап сөрелері - уақыт өлтірудің тамаша құралы.

- кілт сөз сұрамайтын WI-FI-ы зырылдап тұр;

- адам көп те емес, аз да емес. Миды шаршататын шуыл жоқ;

- балаларды ойнатуға арналған Happylon алаңқайы бар.

Кемшіліктері:

- Студенттер үшін кино сеанстарына жеңілдік жасайтын арнайы күн жоқ;

- Киім бутиктерінің, бутиктердің саны шектеулі, қажетті дүниенің бәрін тауып кету мүмкін емес.

Бұл ғимараттарға әлі барып үлгермеген, өз көзіңізбен көрмеген болсаңыз, осы жазғандарымды ескерерсіз.

Маған ешқандай артықшылық-кемшілікке сүйенбей-ақ Mega Park-3 ұнады. Ол Астанадағы Керуенге қатты ұқсайды. Достық Plaza-ны адамы көп Хан шатырға ұқсаттым :)

#qazaqia2015 #блогсапар #қазақия #Алматы

Эльвира Ергалина

Қазақия2015 12.04.2015 жариялады
116,265 сұрақ
295,203 жауап
152,913 пікір
61,090 қолданушы