Латын әріптерімен қазақша жазу жобасы

Сәлеметсіздер ме? SZH.KZ сайтының оқырмандары. Мен блог-ты алғаш рет жазып тұрмын,егер қателіктерім болып жатса кешірім өтінемін.
Сонымен менің айтқым келетіні, латын әріптерімен қазақша жазу жобамды таныстырып өтсем деп едім. Жалпы латын әріпімен қазақ жазуының көптеген нұсқалары бар.
Қазақ тіліне тән 28 дыбыс және 3 кірме дыбыс бар. Сонда барлығы 31 дыбыс бар болады. Ал ч,щ,ч,я,и,ь,ъ,э,ё,һ,ю бұл әріптер бізге мүлдем қажет емес.
Көп нұсқаларда [қ] әріпін латынның [Qq] ,[к]-ні [Kk] әріпімен беруді ұсынады. Менің ойымша [қ]-ны [Kk] арқылы берген дұрыс сияқты. Неліктен десеңіз қазіргі ғаламторда көп қолданушылар [Kk]-ны [қ] ретінде оқи береді. Мысылы:Kalaisyn? Kal kalai? т.б. Көбі қ-ны кирилдің к әріпімен жазып кетіп жатады да, қ әріпі тасада қалып қояды. Kk арқылы берсек қ-ның дәрежесі артама деп ойлаймын. Сәйкесінше [Qq]-ны қазақтың [Өө] әріпімен таңбалаймыз.
Ал [к] әріпін [Cc] арқылы таңбаласақ дұрыс болады. Мысалы: coca cola т.б таныс сөздерде [к] болып оқылады.
Кейбір нұсқаларда латынның [Cc] әріпін қазақтың [ш] арқылы беруді ұсынған. Ш-ны [Sh] арқылы берген дұрыс.
Латынша [Ff]-ті кирилдің Фф дыбысымен таңбалағанша, қазақтың Ғғ әріпімен таңбалаған тиімді. Ф-ны [Ph] арқылы бердім.
Аа-Aa,Ұұ-Uu арқылы таңбалап сәйкесінше Әә-Ae ae,Үү-Ue ue арқылы таңбалаймыз. Ә,ү-дыбыстары сөздің бастапқы буындарында кездесетіндіктен сөзді көп ұзартпайды.

Мен артық таңбалар қоспай тек латынның 26 әріпі арқылы беруді ұсынамын. Бұл қазақ әріптерін латын нұсқада кез келген пернетақтада теруге мүмкіндік береді.

Латын әліпбиінде 26 әріп бар. Бізде 31 дыбыс.Ал алфабитті құрып көрейік

Аа-Aa
Әә-Ae ae
Бб-Bb
Гг-Gg
Ғғ-Ff
Дд-Dd
Ее-Ee
Жж-Zh
Зз-Zz
Йй-Jj
Кк-Cc
Ққ-Kk
Лл-Ll
Мм-Mm
Нн-Nn
Ңң-Hh немесе Xx
Оо-Oo
Өө-Qq
Пп-Pp
Рр-Rr
Сс-Ss
Тт-Tt
Уу-Ww
Ұұ-Uu
Үү-Ue ue
Шш-Sh sh
Ыы-Yy
Іі-Ii
Вв-Vv
Фф-Ph ph
Хх-Kh kh

Өз пікірлеріңізді айтсаңыздар. Қателіктер болса кешірім сұраймын
Өз ойым 11.04.2015 жариялады

1 пікір

Bolmaitynga uksaidy...
116,035 сұрақ
294,403 жауап
152,841 пікір
60,365 қолданушы