Ғалымдар адам миын компьютермен қосу жолын ойлап тапты

Адам мен технологияның сембиозы

Адам мен технологияның сембиозы

АҚШ-тағы Массачусетс Технологиялық университетінің мамандары адам миын компьютермен қосатын құрал ойлап тапты.

Ғалымдардың айтуы бойынша, құрал Паркинсон ауруы сияқты әртүрлі дерттерді жеңу жолында үлкен қадам жасауға көмектеседі.

Қалыңдығы адамның бір тал шашындай болатын құрал мимен байланыстырылатын жеті каналдан тұрады.

Инновациялық құрал мидан ақпаратты қабылдап және тасымалдап қана коймай, әртүрлі аурулармен зақымдаған ми жасушаларын емдейді.
Ғалымдар адам миын компьютермен байланыстыруға дайын екендігін айтады. Алайда, құрал қолданысқа түсу үшін әлі де бірнеше клиникалық зерттеулер жүргізілуі керек.

Қызықты деректер 9.04.2015 жариялады
116,035 сұрақ
294,371 жауап
152,840 пікір
60,340 қолданушы