"Соғыс болды ма?", "менің соғысым ба?", және т.б. сұрақтарға жауап

Ұлы Жеңіске 70 жыл!

1. "Соғыс болды ма?" 
"И кет-ей, жындысың ба, болды да!" дегім-ақ келеді. Бірақ ресми жауап беру міндетінің қамыты оған мұрша бермейді. Сондықтан жауап былай: болды, тіпті 1 196 164 қазақстандық қатысты оған! 

2. "Менің соғысым ба?"
Осы "Ұлы Отан" деген тіркеске тіреліп қалғандар көп осы күні. Яки, "Қазақстан емес соғысқан, КСРО!" дегенге саяды. Не дейміз, онда құқықтық негізде жауап берейік. Қазақстан 1941-45 жылдары өз алдына халықаралық қатынастардың субъектісі болған жоқ, былай айтқанда - әлемдік қауымдастық үшін Қазақстан деген мемлекет болған жоқ. Ал КСРО - болды. Бұдан шығатын қорытынды: сол жылдары өмір сүріп, қан мен тер төккен сенің бабаларыңның отаны - КСРО.

Жалпы айтарым, төгілген қан - сенің және менің, екеуміз бен оның, олар мен бұлардың интеллектуалдық ойтолғауларынан тыс адал. Бабаларымыз өз заманы үшін жауап берді. Соғыс кезінде бұтаның артына тығылып тұрып бұтына жіберген ең қорқақ жауынгер - әлеуметтік желіге жылы жерден жазып отырған сенен мың есе артық, қадірлі юзер.

Байқап қарасаңыз, жер бетінде бір де бір халықтың фольклорынан "бабам қорқақ еді!" деген не ертегі, не дастан таппайсыз. Тау-тасты кезіп, Отансыз қаңғырып жүрген халықтардың ауыз әдебиетінен де "Бәленбай деген батырымыз көзін адырайтып, мұртын едірейткенде - жаулары жүрек талмасынан сұлап түсетін" деген аңыз естіріңіз анық. Оның қасында тап кеше болған соғыста ажалмен бетпе-бет келген өз атаңды жоққа шығару - қастық болар.

Ерлан Оспан, kaharman.kz жобасының жетекшісі

Сұрақ-Жауап сайты 8.04.2015 жариялады

2 пікір

Ия, кейде тіпті "Егер немістер бізді басып алғанда, бәріміз Мерс мініп, Бавар сырасын сіміріп жүрер едік" деген пікірлерді де естіп қалам, ондайларға "ия ішерсің аттыкын" дегім келеді, (фишистердің басып алған территорияларындағы ауылдарды бүкіл бүкіл тұрғындарымен өртеп жіберген оқиғалар болғанын білмей ме екен)
Ия, бір тұрғыдан қарағанда КСРО үшін соғысқандай көрінер, бірақ негізгісі, соғыста әр ұлт өз ұрпағының болашағы үшін, өз елінің амандығы үшін, өз жерінің азаттығы үшін күресті. Соның арқасында қазіргі таңда бейбіт өмірде "аузымызға келгенді оттап" жүргенімізді ұмытпайық. Немістер жеңгенде орыстан да зорақысын жасайтын еді. Себебі, олар ол кезде КСРО-ны, әрі кетсе МОСКВА-ны ғана білді. Ал Қазақстан және қазақ деген ел олар үшін болды деп ойламаймын. Сондықтан, соғысты жоққа шығару бұл үлкен қателік екені даусыз. Кешегі жеңіс болмағанда, бүгінгі таңымыз бұлай атпаста ма еді? Кім білген?!
116,053 сұрақ
294,506 жауап
152,845 пікір
60,451 қолданушы