Балықтан 5 есе жылдам адам Майкл Фелпс

Майкл Фелпс,жылдам жүзу

Олимпиада ойындарының тарихындағы жүлде қоры (22) бойынша рекорд орнатушы. 18 дүркін олимпиада ойындарының жеңімпазы, 50 метрлік бассейнде 26 дүркін әлем чемпионы – америкалық Майкл Фред Фелпс. Лақап аты «Балтимор оғы».

Майкл Фелпстің ерекшелігі неде?

Дене бітімі

Қарапайым адаммен салыстырғанда Фелпстің аяғы және кеуде бөлігі пропорционалды емес (аяқтары қысқа, кеуде бөлігі ұзын). Адамның қолының серпуінің ұзындығы бойымен сәйкес келу қажет. Ал, оның қолының серпінісі 201 см, өзінің бойынан 8 см ұзын. Аяқ-киім өлшемі – 47.

Тынымсыз жаттығу

Аптаның 6 күнін бассейнде және 3 күнін жаттығу залында өткізеді. Пекин олимпиадасына дайындалу барысында күніне 6 сағатын бассейнде дайындалғандықтан, жерде қалыпты жүруді ұмыта бастаған.

Су

Майкл Фелпс ауыз суды өте көп пайдаланады. Ол 91литр суды 1 күнде ішіп тауысып, Гинесс рекордтар Кітабына енген.

«Фелпс диетасы»

1 күнде 8000-нан 10000-ға дейін Ккал тамақтарды жейді. Ол 3 дені сау ер азаматтың тамақтануымен бірдей. Тек таңғы асының өзі өзге адамдардың толық 1 күндік асымен бірдей.

https://www.facebook.com/gylym

Қызықты деректер 6.04.2015 жариялады
116,053 сұрақ
294,506 жауап
152,845 пікір
60,451 қолданушы