Киіз үй және оның жабдықтары

Қазақтар шаруашылықтың шалқуына ілесе тас үй, тасқора, тас үңгірлерді тастап, дөңбек үйлері, дөңбек қоралары, кірпіш үйлері бар тұрақты қоныстар құрып мекенденумен бірге көшпенді тұрмысқа лайықты киіз үй қаңқасын, киізүй жамылшыларын жарыққа шығарған. Демек киіз үй – көшпенді тұрмыстың төл туындысы. Халқымыздың үйағаш басатын шебер үйшілері, ша­ңы­рақшылары, үйдің ағаш мүкәмәлін, ағаш ыдыс-аяғын жа­сайтын даңғайыр ағаш шеберлері артына ағаш ісмер­лігінің мол қазынасын қалдырды да, үйағашылық, үйшілік өнері – дара ұлттық ерекшелігімен бүгінге жетті. Киіз үй мал ­шаруашылық өңірлерінде қазір­ де пайдаланып отыр.

Киіз үй атаулары

Абылайша - керегесіз, уықтан тігілген шағын киіз үй.

Ақ шаңқан үй - сүттей ақ, аппақ киіз үй.

Ақтағыр - екі қанатты, екі үзікпен жабылатын шағын киіз үй.

Жаппа - керегесіз, киізбен жабылған баспана.

Жолым үй - уыққа киіз жауып, уақытша тігілген шошақ үй.

Қара құрым үй - киізінің тозығы жеткен, ескі үй.

Қара үй, киіз үйді кейбір жерде қара үй деп атайды.

Қараша үй - қоңыр түсті, жыртық, тесік, ескі үй.

Орда - еңселі, салтанатты киіз үй.

Отау - ұлға енші беріп, бөлек шығарған киіз үй.

Тоңқайма - бірнеше уықпен ғана көтерген киіз үй.

Ұраңқай - уық тәрізді сидам ағаштардан басын түйістіріп тігілген киіз үй.

 

Киіз үйдің сүйегі:

Шаңырақ 

Бақалақ, күлдіреуіш, қаламдық, табақ, тарам, тоғын.

Уық

Қалам, қары, иін, уық бау.

Кереге

Балашық, ерісі, желі, көк, қанат, сағанақ.

Киіз үй жиһаздары 

Абажа - ас,тағам салуға арналып жасалған сандықтың (кебеженің)үлкен түрі

Абдыра - киім-кешек,әр түрлі бұйымдар салатын үлкен сандық.

Ағаш төсек - жату үшін пайдаланатын үй жиһазы.

Адалбақан - киім және т.б. үй мүліктерін ілуге арналған жиһазы.

Асадал - тамақ пен ыдыс-аяқ сақтауға арналған үй жиһазы

Бөгіре - кішкене қол сандық (шай жабдықтары үшін)

Жағылан - былғарыдан істелген сандық.

Жоза - жерге отырып, тамақ ішуге арналған аласа үстел.

Жүк аяқ - жүк астына қоятын төрт аяқты бұйым.

Кебеже - ас, тағам салуға арналып, ағаштан жасалған үлкен сандық.

Сандық - әр-түрлі бұйым салуға арналып,ағаштан не металдан жасалатын үй жиһазы.

 

Киіз үй жабдықтары

Аяқбау - көшер кезде уықтардың аяқ жағын буып байлайтын жіп.

Бақан - киіз үй тікенде, шаңырақ көтеруге,үзіктер мен түндіктерді көтеріп жабуға  керекті  ашалы ағаш.

Бас арқан - киіз үйді желден,дауылдан сақтауүшін,туырлықты бастыра,қазыққа байлайтын арқан.

Басар - қатты жел тұрғанда,киіз үйдің үстіне бастыра,қазықтарға байлайтын ұзын екі арқан.

Басқұр - керегелердің бастарын тартып,үйді айналдыра байлайтын жалпақ бау.

Белбау - киіз үйдің туырлығын керегеге бастыра тартатын ұзын арқан.

Белдеу - туырлықты айналдыра буатын арқан.

Дөдеге - сән үшін үзіктің шетіне айналдыра бастыратын өрнектелген киіз.

Жел арқан - киіз үйдің жел жағына байлайтын арқан.

Желбау - дауылды жел болғанда,шаңырақты тартып байлайтын бау.

Құр - киіз үйдің керегелері менуықтарын және үзіктің ішкі жағын байлайтын ені 2-3 елідей, тоқып немесе есіп жасалған жалпақтау бау.

Тегеріш - киіз үй керегесі, уығының сыртынан қысып,айналдыра ұстайтын әрі сәндік қызметін атқаратын жалпақ бау.

Туырлық - уықтың орта тұсынан керегенің үстін жабатын киіз.

Түндік - киіз үйдің шаңырағын жабатын киіз.

Уыққап - көшкенде, сынбас үшін,уықтардың екі басына кигізілетін киіз.

Үзік - уықтың үстіне жабылатын киіз.

Қазақ салт-дәстүрлері 12.01.2015 жариялады

1 пікір

Жақсы дүние екен, бұндай көшірмелердің сілтемесін көрсеткен жақсы болады.
115,849 сұрақ
293,674 жауап
152,787 пікір
59,778 қолданушы