Ағзамыздың энергетикалық қорын қалпына келтіретін 7 тағам

пайдалы тағам

Ағзамыз өнімді және дұрыс жұмыс істеу үшін энергия қорын әрдайым толтырып отыру керек. Назарларыңызға энергия қорын қалпына келтіруге көмектесетін 7 тағамды ұсынамыз.

1. Албырт (лосось)
Албырт - өте дәмді, сонымен қатар өте пайдалы. Ол омега-3 майлы қышқылдарына бай. Бұл балықты тамаққа қолдану жүрек ауруларының профилактикасы болып табылады. Сонымен қоса, албырттың құрамында зейінділік пен өнімділікті арттыратын аққуыз өте көп.

2. Бадам
Бадам ағзамыздың энергия қорын толтыруға көмектесетін жасұныққа, қанықпаған майлар мен аққузға өте бай. Сонымен қатар, оның құрамында теріге пайдалы Е витамині көп болады.

3. Көк шай
Көк шайдың құрамы көңіл күйді көтеретін және жүрек жұмысын жақсартатын антиоксиданттар мен катехиндерге өте бай.

4. Авокадо
Авокадоның құрамына пайдалы майлар мен калий кіреді. Сонымен қатар, ол қан құрамындағы холестеринді азайтатын олеин қышқылына бай. Авокадоның жасұнығы мен майлары қан құрамындағы инсулинді қалыпты деңгейде ұстап тұрады.

5. Қырыққабат
Гүлді қырыққабаттарда, ақбас қырыққабаттарда, брюссель қырыққабаттарында ағзаны көптеген созылмалы аурулардан, рактан қорғайтын индол және изотиоцианаттарға бай нәрлі заттар көп кездеседі.

6. Қара шоколад
Қара шоколадтың флавоноидтары қан тамырларының дұрыс жұмыс атқаруын қамтамасыз етеді, ал майлары қан құрамындағы холестеринге әсер етпейді. Қара шоколадты (какао 70%-дан кем емес) пайдалану ағзадағы кортизолдың (стресс гормоны) деңгейін азайтады, және мидың когнитивті функцияларын жақсартады.

7. Жидектер
Таңқурай, қара бүлдірген, қаражидек антиоксиданттарға, фитонутриенттерге ,оның ішінде қан қысымын түсіретін антоциандарға өте бай. Құрамдарындағы жасұнық қандағы қанттың мөлшерін қалыпты деңгейде ұстауға көмектеседі.

Асыңыз дәмді болсын! 6.04.2015 жариялады
116,264 сұрақ
295,192 жауап
152,913 пікір
61,078 қолданушы