Альцгеймер ауруы

Билингвизм, альцгеймер ауруы

Билингвизм (екітілді > лат. bi- 'екі' + lingua 'тіл'.) – тұрмыстық, я өзге де жағдайларда екі тілде теңдей қарым-қатынас жасауға қабілеттілік. Бүгінде екі тілде еркін, не белгілі бір деңгейде қарым-қатынас жасаушылар жайлы бірқатар зерттеулер бар. Мысалы, Ротман зерттеу институтының (Rotman Research Institute) мамандарының айтуынша, билингвизм альцгеймер ауруын тежейді. Ғалымдар зерттеу мақсатында осы диагноз қойылған 211 науқасты 2007 және 2009 жылғы мәліметтер бойынша мұқият тексеріп шығады. Басты назар алғашқы белгілердің пайда болған кезі мен науқастардың тіл білу деңгейіне беріледі. Сараптама соңында 102 науқас қос тілге қабілетті болған да, өзгелері сөйлегенде де, жазғанда да бір тілді пайдаланған. Бұдан өзге факторлар, я айырмашылықтар екі топ арасында байқалмаған.

Зерттеуді қорытындылай келе, дәрігерлердің екі тілге қабілетті науқастарға альцгеймер ауруының нақты диагнозын біртілділерге қарағанда 5 жыл кеш қойғанын байқаған. Мұны зерттеушілер тобының жетекшісі, профессер Фергус Крек (Fergus Craik) «Neurology» журналында жарық көрген мақаласында адамның екі тілге қабілетті болуы мида белгілі бір интеллект «резервін» қалыптастыратын айтып, бұл резерв ауруды түгелдей жоймаса да, күресетінін жазады.

Одан бөлек, Торонто қаласының Йорк университетінде Эллен Бьялисток бастаған зерттеушілер тобының 450-ден астам Альцгеймер ауруының диагнозы бар науқастарды қамтыған зерттеу қорытындысы да қостілділіктің (одан да көп тілді білудің де) пайдалы екенін айтады. Зерттеушілерді компьютерлік томография нәтижесінде ауру сатысы бірдей екі адамның қостілдісінде ми жұмысының әлсіреуі мен нашарлауы кеш байқалатыны таңқалдырды. «Ауру мидың бұл бөлшегін зақымдаса да, науқастар өзінің қабілеттерін жоғалтпайды, — дейді Эллен ханым.ерттеуші «My Health News Daily» ғылыми басылымына берген сұхбатында бұл қабілет ауруды мүлдем жояды деп айту қате, алайда бұл ауру барысында біраз уақыт бойы науқастың когнитивті қабілеттерін сақтау мүмкіндігі жоғары екенін түсіндірді.

Салауатты өмір салты 6.04.2015 жариялады
116,054 сұрақ
294,517 жауап
152,845 пікір
60,461 қолданушы