Қызықты деректер 6.04.2015 жариялады

микроқозғалтқыш,нанобот

Зерттеушілер тұңғыш рет тірі ағза ішіне емдік заттарды жеткізетін микроқозғалтқышы бар наноботтарды қолданды.

Сан-Диего Калифорния университетінің зерттеушілері микроскопиялық машиналарды тірі ағза ішінде енгізіп, емдік заттарды белгілі бір жерге ешқандай қолайсыз әсер, зақымдау тудырмай жеткізе алатын механизмды ашты. Олар ойлап тапқан наноботтардың әсерін тексеруге әдеттегідей зертханалық тышқандар қолданылды.

Бұл кішкентай роботтар түтікше пішінді, ұзындығы 20 мкм, диаметрі 5 мкм болып келеді. Түтікшелер арнайы полимерден жасалып, мырыш қабатымен қапталған. Олар жануардың ас қорыту жолдарына жіберіледі, асқазанға жеткенде мырыш асқазан сөлінің құрамына кіретін тұз қышқылымен әрекеттеседі.
Секундына 60 мкм жылдамдықпен қозғала отырып, асқазан қабатынан шығады. Осы кезде оларға қондырылған механизм іске қосылады. Бұл механизм наноботтары ішек қабырғаларына қадалып, емдік заттарды шығаруға мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижесінде, наноботтар жануарлардың ас қабылдауына қарамастан, ішек қабырғасында 12 сағат бойы тұра алатыны байқалды. Бұл олардың тиімділігінің бір дәлелі болып табылады.

Тышқандардың асқазаны мен ішек жолдарына толық анализ жасау барысында наноботтар ағзаға ешқандай кері әсер тигізбегендігі байқалды. Себебі, мырыштың өзі аз мөлшерде - тірі ағзаға қажетті микроэлемент.

Калифорния зертеушілерінің бұл жаңалығы наноботтар көмегімен ағзаға емдік заттарды жеткізудегі алғашқы қадамы болып саналады.

https://www.facebook.com/gylym/

117,642 сұрақ
302,058 жауап
153,341 пікір
64,825 қолданушы