Немістердің заттары неге сапалы?

Неміс сапасы, сапа

Бұл сұраққа жауап табу үшін арнайы зерттеу жұмысын жүргізген емеспін. Бірақ Германияда көзбен көріп, аралас-құралас болған немістердің сөздері мен іс әрекеттерінен түйгенім мынадай болды:

  • немістер бос, артық сөзді жақтырмайды. Істейтін шаруасын артық сөзсіз-ақ зың қып істейді;
  • немістер үшін уақыт, жалған атақ-даңқтан да маңызды нәрсе бар. Ол -- сапа. Жұмысты асықпааай, баппен істейді;
  • жауапкершілік пен ұят бар. Жасаған тауары үшін халықтың алдында абыройсыз болып қалуды қаламайды.
  • әр істі өз маманы істейді, әдетте. Менеджментті оқып, қаржы саласында жұмыс істеп жүргендерді көрмейсіз. Өйткені қаржы саласының "адасқандарсыз да" өз мамандары жетерлік;
  • байлыққа қатты қызықпайды. Байлық үшін ары мен абыройын тәрк етпейді. Көптеген немістер үшін өмірдің мәні: өмір сүруіне, қыдыруы, жалпы, өмірдің ләззатын алуға қажетті ақшаны бере алатын жұмысты тұрақты түрде істеу.
Сағын Қалдыбеков
Қызықты деректер 6.04.2015 жариялады

1 пікір

Немістерде тәртіп бар, ұрлық жоқ, біреудің еңбек ақысын жемейі, пара алмайды. Екіншіден, олар майда-шүйде біреудің көйлегін, біреудің итін сөз қылып, өсек айтып отырмайды.
116,053 сұрақ
294,506 жауап
152,845 пікір
60,451 қолданушы