Кока-Коланың қандай пайдасы бар?

Кока-кола ─ сергітетін алкогольсіз сусын, көптеген елдерде кеңінен тараған The Coca-Cola Company компаниясының өнімі. 2006-2010 жылдар арасындағы әлемдегі ең үздік бренд болып саналды. Дегенмен, жарнамасы жер жүзін жаулап алған осынау сусынның адам ағзасына зияны шаш етектен. Тіпті, дәрігер мамандар ішектің созылмалы ауруымен, асқазан, өт жолдарының және несеп жолдары ауыратындарға бұл сусынды тұтынбауға кеңес береді. Сосын құрамында қанты көп болғандықтан соңғы уақытта кока коланың салдарынан қант диебетіне шалдыққандар саны да артқан. Жалпы, коланың осындай «теріс» қасиеттерін біреу білер, біреу білмес. Тіпті білгеніне қарамай тұтынып жататындардың бар екені де белгілі. Сондықтан да, бірінші байлық – денсаулық екенін оқырманның есіне сала отырып, кока-кола сусынына шөл қандырудан бөлек, тұрмыста қолдануға болатын бірлі-екілі пайдасы туралы ақпарат ұсынғанды жөн санадық. Керек екен деп тапсаңыз кәдеңізге жаратыңыз. Сонымен...

1. Егер ыдысты күйдіріп алған болсаңыз, ішіне кока-кола құйып қайнатыңыз. Бір сағаттан соң ішіндегісін төгіп, ыдысты жуып алыңыз. Ыдысыңыз көз алдыңызда жаңарып, жарқырайды.

2. Кез келген суретті ескі етіп көрсетуге болады. Ол үшін суретті кока-колаға аз ғана батырып, кептіру қажет. Бірақ суретті толықтай суға салмаңыз, әйтпесе құртылады.

3. Кола - шаш бояуын кетіреді. Егер шашыңыздың бояған түсі ұнамаса, кока-коламен жусаңыз бірден бұрынғы түсі қалпына келеді. Кока-кола сонымен бірге шашқа арналған ең мықты кондиционер. Алдымен шашыңызды кока-кола қосылған сумен шайып, артынша кептіріңіз.

4. Ескі тиындарды кока-кола сусынына салсаңыз, су жаңа тиындар болып шыға келеді.

5. Шәйнектің ішіне кока-кола құйып, оны бір күнге қалдырыңыз. Қақ толығымен кетеді.

6. Тоңазытқыш, унитаз, шұңғылша, газ-плита, машина доңғалақтарын (баллондарын) кока-коламен тазалау қажет.

7. Коланы тамаққа тұздық ретінде аз мөлшерде пайдаланса жақсы. Ет тұздығын дайындар кезде, тұздыққа 1:1 есебінде кока-кола араластырсаңыз, өте дәмді болады! Кока кола сусынын тамақ дайындауға да қолдауға болады. Өзіңізге ұнаған соуспен араластыруға болады. Коланы өзіңізге ұнаған соуспен араластырып, дайын болған қоспаны етке жағып қойсаңыз, таңертең маринадталған ет дайын. Тауық етіне мұндай қосынды карамельді дәм мен иіс береді.

8. Бұрап шығарылатын бұрандаманың қатып қалғанын байқасаңыз, оның үстіне кока-кола құйыңыз. Сол кезде тоты бірден кетеді.

9. Асыл бұйымдарды тазартуға болады. Бірақ тастары жоқ бұйымдарды ғана тазалаған жөн.

10. Ұзақ жолда жүрек айныған кезде кока-коланың газын шығарып ішетін болсақ, жүрегіміздің айнығаны бірден басады екен. Бұл сусын тамақ ауырғанда, диареяда көмекші бола алатын тәрізді. Дегенмен, жоғарыда айтылғандай қант диабетімен, асқазан, ішек жолдары ауруларымен ауыратындарға ішуге кеңес берілмейді.

11. Ауруды уақытша басатын (обезболевающее) қасиеті бар дейді білетіндер. Өйткені, сусынның химиялық құрамында кәдімгі дәрілерде кездесетін қоспа бар көрінеді. Көктем, жаз айларында қала сыртына шығып дем алғанда жәндік, шыбын – шіркей шағып алғанда ашып немесе ауырып тұрған жеріңізге осы кока коланы құйып жіберсеңіз жеңілдеп қаласыз.

3. Кока кола тотты жақсы кетіреді. Үйдегі қолданыстан шығып қалған металл заттарды бірнеше сағат осы сусынға салып қойып, ысқылап жусаңыз сол зат тазарып шыға келеді.

14. Кока кола терезені жақсы тазартып жуады. Сусынның құрамындағы лимон қышқылы терезеңізді немесе автокөлігіңізді жуу кезінде жақсы нәтиже көрсетеді.

15.Кока кола дақты және иісті жақсы кетіреді. Кір жуғыш ұнтақпен бірге араластырып киімдеріңізді жусаңыз нәтиже жаман болмайды.

16. Үйден біртүрлі иіс шықса, шелектегі суыңызға кока-кола қосып, еденді жуыңыз. Иіс жоғалады.

17. Үстіңізден де қолаңса иіс шығатын болса, коланы үстіңізге құйып, ысқылап, артынан таза сумен шайыныңыз. Иіс жоғалады.

18. Кока-кола тойып, асқазаныңызды көтере алмай тұрғанда, бір стақан кола ішіп алсаңыз, кішкене уақыттан соң жеңілденіп қаласыз.

19. АҚШ-тың солтүстік штаттарында жол полициясы адам жарақаттарына соқтырған апаттардан кейін кейінгі асфальттағы қанды жуып кетіру үшін қолданады екен.

20. Малдың ішек-қарынын кока-коламен тазалап жуып, иісін кетіруге болады.
Пайдалы кеңестер 12.01.2015 жариялады
116,250 сұрақ
295,169 жауап
152,911 пікір
61,061 қолданушы