КӨКЖАЛДЫҢ КЕГІ [сұрақ жабық]

КӨКЖАЛДЫҢ КЕГІ

Бүгінгі аңшылық сапарым өте сәтті өтті. Таңертең-ақ қасқырдың апанын оңай тауып алдым. Екі бөлтірігін ойнатып отырған қасқырға бірден көзім түсті. Көп ойланбастан қасқырды атып тастадым. Сөйткенше бөлтіріктерін итім жайратып салыпты…

Үйге келе сала, мен әйеліме еш қиналмай алған олжамды айтып, мақтана түстім. Сол кезде алыстан қасқырдың ұлыған дауысы құлағыма келді. Бірақ, бұл дауыс әдеттегі ұлушы қасқырлардың дауысынан ерекше болды. Құлақты кернеген дауыстан мұң мен сағыныш лебі сезілгендей болды…

Келесі күні қатты әрі тәтті ұйқымды сырттан естілген дыбыс бұзды. Мен үйден жан ұшыра жүгіріп шықтым. Сырттағы көрініс маған қатты ауыр тиді. Табалдырықтан аттай алмай, сілейіп тұрып қалдым. Дәл есігімнің алдында үлкен қасқыр тұрды. Итім болса, байлауынан қанша ұмтылса да жібін үзе алмапты. Ең қорқыныштысы — ашулы, әрі мұңлы көкжалдың жанынан кішкентай ғана қызымды көруім еді. Ол қасқырдың біресе құлағынан, біресе құйрығынан тартып ойнап жүр екен. Мен не істерімді білмей қатты састым. Қызым — өзінің ит емес қасқырмен ойнап тұрғанын білмегендіктен, сескенер емес. Аузыма: «Қызым!» — деген сөзді алуға шамам келмей, қол-аяғым дірілдеп, үрейім үдейе түсті.

Өмірімде бірінші рет — қасқырмен көзбе-көз кездесіп тұрмын. Оның қып-қызыл ашулы көздерінен, кешегі мен атып алып келген қасқырдың арланы екенін байқау — қиын емес еді.

Мен бірден: «Қызыма тиіспе, одан да — мені өлтір» деп сыбырлай жөнелдім. Жанарыма жас толды. Мұны байқаған қызым: «Әке, сізге не болды?» деп ойнап тұрған қасқырдың құлағын жібере сала жаныма келді. Мен қызымды дереу құшағыма алдым. Денемнің дірілі әлі басылар емес. Сөйтіп тұрғанда қасқыр кілт бұрылып, жөніне кете барды. Маған да, қызыма да еш зиян тигізбей кетті… Қаншығы мен бөлтіріктерін өлтіргенім үшін — ол менен кек алды. Бірақ, қанмен емес. Ол өзінің менен артық, менен мейірімді екенін көрсетті… Ол өзінің ішкі қайғысы мен мұңы арқылы — менің біреудің балаларын өлтіргенімді сездірді…

http://vk.com/wall-66972868_22876

Сұрақтың жабылу себебі: Ешқайсысың ашушы болмаңдар!
Ақ парақтағы ойлар 5.04.2015 жариялады
116,054 сұрақ
294,517 жауап
152,845 пікір
60,459 қолданушы