Белгісіз Поэзия 5.04.2015 жариялады

«ҒАЛАМНЫҢ СҰЛУЛАРЫ ТАТЫМАЙДЫ…»

«— Оқушым сөмкеңді ұста, киініп ал,
Қайта ғой, қонақ кепті, үйіңе бар»
Деп ұстаз мектебімнен қайтарған ед,
Тыңдаушым, қонағы кім, кейін ұғар!

Күйсе де сағыныштың отындамын,
Қонақтар болсын мейлі жақындарым.
Ата-анам қалдырмаушы ед сабағымнан,
Білмедім, неге жедел шақырғанын.

Алысамын ойыммен сенделемін,
Үйге қарай аяңдап мен келемін.
Сағынған соң алыстан ат терлетіп,
Келген шығар ағалар, жеңгелерім.

Келгені ме апалар-жезделердің,
Олар келсе, үйіме, тез келермін.
Айтқан кезде ұстаздың келбетінен,
Қандай қонақ шақыртқан сезбегенмін.

Бұл қонақ ішінде көп наласы бар,
Кешегі мұңын шаққан бала шығар.
Көшені бойлап үйге ойлап келем,
Деседі жорамалым нағашылар.

Қашан да баласына жаны құштар,
Анам ба, ақ жүрегін алып ұшқан.
Баласын айлар бойы көрмегесін,
Шақыртқан сол екен-ау сағыныштан.

Қалаға емделуге жөнелгеннен,
Ізінен хат жазғанмын өлеңменен.
«— Сағынып кеттім сені құлыным-ау,
Сауығып емханадан келем» деген.

Қуанышымды қалайша жасырамын?!
Үйге қарай апалап асығамын.
Анам менің той жасап жатқан болар,
Аман келіп, қаладан асыл жаным.

Арасынан халықтың қара-құрым,
Табалмады анасын бала құлын.
Күтсе-дағы сарғайып анасының,
Келмегенін білмеген бола-тұғын.

Бәрі мынау ауылдың адамдары,
Жылағандар тұс-тұстан қараңдады.
«— Анаң қазір келеді» деді біреу,
Аласұрып жүрегім алаңдады.
Сағынышты адамым санамдағы,
Анам еді, айтыңдар анам қане?!

Көлік келді сол күні қала жақтан,
Жатыр біреу үстіне мата жапқан.
Тек есімде көпшілік сол адамды,
Үйге қарай көтеріп бара жатқан.
Ақ сүт беріп өсірген анам екен,
Ақ жамылып қимылсыз ана жатқан.
Сонан бері кішкене жүрегімді,
Айықпастай сағыныш жара жапқан.

Шуағын төгіп тұрған жаны нұрлы,
Елестеп Анам болып сағым тұрды.
Сағынып, «Келсе екен, тез» деп жүргенімде,
Тағдырым өмір бойы сағындырды.

Түседі күлген кезі кейде есіме,
Күлкісі, қуанышы — сый-несібе.
Ғаламның сұлулары татымайды-ау,
Анамның — күліп тұрған бейнесіне…

Вконтакте əлеуметтік желісінен

Сұрақтың жабылу себебі: Ешқайсысың ашушы болмаңдар!

2 пікір

Жылағым келді! Өте,өте жақсы жазба екен.Рахмет сізге Жанар996 ханым!
Ұнағанына қуаныштымын :) назарыңызға рахмет))
117,268 сұрақ
299,815 жауап
153,153 пікір
63,873 қолданушы