Қыздарға кеңес... [сұрақ жабық]

Қызым, саған айтам, сен — өзің тыңда…

Өмірден көргенінен көрмегені көп не үйреткісі келіп тұр деген боларсыз. Вконтакте əлеуметтік желісінен оқып, сіздермен бөлісуді жөн көрдім. Жақсы жар таңдауда барлық қыздар білуге тиіс екен.

1.Таңғы ұйқысын қимайтын жігітпен — тұрмыс құрма!
Таңғы жалқаулық — түс ауғанда шабыт әкелмес…
 
2. Қарынды жігітке — назар аударма! 
Өзін тежей алмаған адам, өзгеге қамқор бола алмас…

3. Ашуланғанда қолына не түссе соны лақтыратын адаммен бас қоспа! 
Бүгін, ол — зат лақтырса, ертең — сені де лақтырады… 

4. Ата-анасының бетінен алатын жігіттен — аулақ жүр! 
Оларды аямаған адам — сені тіпті де оңдырмас… 

5. Жайбасар, ынжықтан — аулақ бол! 
Бүкіл тірлікті саған жүктеп, өзі бейғам отыра берер… 

6. Құрбыларыңның көзінше саған ұрысатын жігітке жолама! 
Түкке тұрмайтын сылтаумен сені тастап кетуі мүмкін… 

7. Әркімге жарамсақтанған жағымпаз жігіттен аулақ бол! 
Ондайлардың әр қатынасы үшін қорланып жүрерсің… 

8. Саған үнемі өзі бірінші болып, хабарласпайтын адамға жолама! 
Шынайы махаббат шақырусыз-ақ өзі келеді… 

9. Көңілің барынша толмайтын адамға тұрмысқа шықпа! 
Кейде «Онсыз тұра алмаймын» деген адамынан да ажырасатын кез өмірде бола береді…

10. Болып-толған адамға — ешқашан сенбе! 
Өмірінде қателеспеген, қиындық көрмеген жан — бұл дүниенің қадірін біліп жарытпас… 

Дегенмен, қызым! Жаны жайсаң, ниеті таза, адал адамды танып, тапсаң — көңілін қалдырма, оны кеудеден итерме!

Сұрақтың жабылу себебі: Ешқайсысың ашушы болмаңдар!
Пайдалы кеңестер 5.04.2015 жариялады

10 пікір

Әлемнен бұндай идеал адам табыла қоймас.
Тура осы қасиеттерден аулақ адамдарды табуға болады.
бирак оте аз аз
Аулақ бол, бүйт-сүй дегенде тұрған ештеңе жоқ. Тағдырыңа не жазылса соны көресің деген бар. Ол шындық.
Сақтықта қорлық жоқ!
Мен бәрібір деп отырған жоқпын. Жанар996 ханым! Бірақ тағдыр жеңеді.
•Orynbasar тағдырды өзің жазасың, адамда әрқашан таңдау бар
Ако дұрыс айтасыз! Бастысы таңдауды дұрыс жасау. Орынбасар тағдырға жазылды енді көнеміз деп қарап отырмаймыз ғой, Алла əрекетке қарай береді. Мен оны өтірікке шығарып жатқан жоқпын.
Тағдырды адам пайда болмай тұрып Алла Тағала жазады. Мейлі жақсы, мейлі жаман. Бірақ адам жаман тағдыр жазылса егер жақсы іс-әрекет жасаса өзгереді дегенді мен оқығанмын. Қандай кітап ол десеңіздер айтамын. Ойдан шығарып алып,сіздермен сөз таластырғанда маған түкте шықпайды. Оқығанымды айтып отырмын. Қатты кетсем кешіріңіздерші!
Қайда жүрсе де ,Адеми-ай
116,035 сұрақ
294,403 жауап
152,841 пікір
60,365 қолданушы