Бауыржан Момышұлы жайлы ел аузындағы әңгімелер-2

Бауыржанның тілшілерді қабылдауына байланысты жұрт аңыз етіп айтатын үш оқиға бар екен:
Бірде Момышұлына радиодан магнитофонын арқалап тілші келеді. Тілші шашын әйелше қоя берген жас жігіт екен.

-        Әй, сен кімсің? - дейді Бауыржан оны көрген бойда.

-        Радиожурналистпін, ағай. Сізбен сөйлесейін деп келіп едім.

-        Өзің әйелмісің, еркекпісің, мен сонынды айт деп тұрмын саған.

-        Еркекпін, ағай.

-        Кругом! - дейді Баукең оған ежірейіп. Сасқан жігіт ұршықша айналып кейін бұрылып, есікке қарап тұрады.

 - Сен еркек болсаң,онда шашынды еркекше алдырып кел. Марш!

Жігіт салы суға кетіп кеңсесіне қайтады. Қыскартайын десе шашын қимайды, қысқартпайын десе – тапсырма қинайды. Сөйтіп жүргенде бір күн өте шығады. Ертеңінде оны бастығы шакыртады.

-        Момышұлымен әңгіме дайын ба? – деп сұрайды бастық.

-        Жок.

-        Неге?

-        Шашыңды еркекше алдырып келмесең,сенімен сөйлеспеймін деп куып шықты.

-        Шашынды неге алдырмайсың?

-        Кимаймын.

Бастық ашуланады.

-        Ол материал программада тұр. Шашың тұрғай басынды алдырсаң да бүгін материал осында болсын! - деп бұйырады ол жігітке. Жігіт амалсыздан шаштаразға барып шашын жұқарттырады. Содан соң Бауыржанға қайтадан барады.

Екінші аңызда Бауыржан Кубадан келгенде бастығы Момышұлынан интервью әкел дегенде бір
журналистің «Мені Бауыржанға жұмсағанша тордағы арыстанның жалынан бір сипап қайт деп бұйырыңыз» дегені айтылатын.

Үш. Болгариядан Алматыға келген Пенков деген журналист Момышұлына жолығып, одан интервью алмақ болады. Бірақ Момышұлы ол кезде Москвада жатса керек. Бауыржанның «Бухарест» мейманханасында жатқан адресін алып, журналист оны іздеп барады. Сонда журналист (...)* қағазына қарап алып, алғашқы сұрағын қояды: «Сізді соғыста батыр болды дейді. Шыныңызды айтыңызшы: ешқашан қорыққан жоқсыз ба?».

Шынымда айтайын ба? – дейді Бауыржан оған.
Тек қана шыныңызды айтыңыз , - дейді журналист жымиып.

Бауыржанның үстелінің үстінде үлкен бір пышақ жатыр екен. Ол көзі аларып, мұрты тікірейіп, сол пышақты бас салады да, орнынан шапшаң атып тұрып, журналистке қарай құлаштап сермеп кеп қалады. Жаңа ғана күліп отырған журналисттің түсі құп-қу боп кетіп, орындығымен шалқасынан құлап түсе жаздайды.

Сіздің бірінші сұрағыңызға жауап бердім ғой деймін.

Бауыржан осылай деп журналистке бас иеді. Журналист апалақтап басын изейді.

Енді екінші сұрағыңызды қойыңыз ,- деп қолындағы пышақты үстелдің шетіне лақтырып жіберіп, орнына отырады.

 

Бауыржан Момышұлы тағдырындағы тосын жағдайлар

Бауыржан бір кісінің үйінде болған екен дейтін ұзын құлақ. Сонда Бауыржанға бір тарелканың үстіне бір тарелканы қойып, оның үстіне бір кішкентай тарелканы орналастырып, соған кішкентай ғана ас салып ұсынған екен дейді. Бауыржан сонда бос тарелкаларды бірінен соң бірін сырғытып тастап, алдына ас салынған кішкентай тарелканы ғана қалдырып: «Осы үйдің тамағынан табағы көп пе деймін» деген екен әзілдеп.

 

Бауыржан бұрын Дзержинский көшесінде, шағындау пәтерде тұрса керек. Қалалық советтен кеңірек пәтер сұрайды. Бір күні оған қалалық советтің кызметкері телефон соғып, «сіздің өтінішіңіз орындалды, келіп кең пәтердің ордерін алыңыз» дейді. Бауыржан барып бес бөлмелі пәтердің ордерін алады. Пәтерімді көрейін деп жаңа үйге барса, есік алдында мұңайып тұрған қартаң орыс әйеліне кездеседі.

- Неге мұңайып тұрсыз, шешей? - дейді ойында ештеңе жоқ Бауыржан әйелдің қасына тоқтап.

Әйел қалалық советтің осыдан екі бөлмелі пәтер бермек боп уәде етіп келгенін, бірак дәл ордер берерде ол уәделерінен тайып қалғандығын айтады.

-  Маған деген үйді бір үш бөлмелік пәтермен біріктіріп, бір полковникке беріпті.

Қайтейін, менің де балам соғыста өліп еді. Әрине, ол солдат еді,-дейді.

Мұны естігенде Бауыржанның барлық түгі сыртына теуіп шыға келеді. Жирен мұрты едірейіп, электр сымының біріне бірін жақындатқан екі ұшындай болып, шытыр-шытыр ете қалады.

- Мұңаймаңыз, шеше, қазір ордер беретін жерге барыңыз - пәтеріңіз өзіңізге тиеді,-дейді де Бауыржан мініп келген машинасына отырып алып, қайтадан калалық советке тартады.

- Мен маған біреуге берілген пәтерлерді бер деген жоқпын, - дейді ол бағана қолынаордер ұстатқан қызметкерге келіп.- Мына ордерді жыртыңыз да, пәтерді бұрын уәде етілген адамдарға беріңіз!

Осылай деп ол қолындағы ордерді қайтарып береді. Қалалық совет кызметкері қалбалақтап:

-  Ол адамдарға пәтер кейінірек беруге ұйғарылған еді. Сіз пәтер сұраған соң сол екеуін қосып, сізге қамқорлық жасайық деген едік...

- Молчать! - дейді Бауыржан көзі ежірейіп, мұрты одан сайын тікірейе түсіп. –Маған мұндай қамқорлықтың керегі жоқ. Жиырма минуттан кейін маған телефон соғып, бұл пәтердің бұрынғы иелеріне берілгендігін хабарлаңыз. Понятно вам?!

- Түсінікті, түсінікті, жолдас Момышұлы. Тек сіздің берген пәтерден неге бас тартып тұрғаныңыз түсініксіз.

- Ол солдаттың анасы ғой! Солдаттың анасы деген сөздің мағынасын түсінесіз бе? Солдатгың анасы - Россияның анасы! Енді ұғынықты ма сізге?

Қызметкер басын изейді. Расында да ол бірсыпыра уақыттан кейін Бауыржанның үйіне телефон соғып, жаңа пәтердің бұрынғы иелеріне ордер жазылып бергенін хабарлайды.

- Ордер алғанда олардың қуанышында шек болған жоқ,-дейді қызметкер. - Әсіресе

қарт ана қатты қуанды.  Сіздің Бауыржан  Момышұлы  екеніңізді білгенде  және Сіздің «Солдатгың анасы - Россияның анасы» деген сөзіңізді айтқанымда ол жылап жіберді. «Кітаптарын   оқығанда   Момышұлы   дәл   сондай   азамат   шығар   деп   ойлаушы   едім, қателеспеген екенмін» деді.

- Хабарыңызға рақмет, - деп Бауыржан трубканы іліп қояды.

Содан бірсыпыра уақыт өткеннен кейін Бауыржанға Фурманов көшесінен басқа пәтер берілген екен.

 

Гоголь мен Фурманов көшелерінің қиылысқан жерінде медицина институты болатын. Ректоры Санжар Аспандияров деген кісі еді. Өзі Халық Комиссары. Әліме қарамай дәрігер боламын деп сол кісіге бардым. Қабылдаттырды. Жатақханадан орын бергізді. Алғашқы сабаққа бардым. Алғашқы сабақтан кейін-ақ ол институттан қашып құтылдым.

Мәселе былай болды.

Алғашқы сабақта бәріміздің үстімізге халат кигізіп, подвалдағы үйге алып барды. Үйге кірісімен жалаңаш жайрап жатқан өліктердің үстінен шықтым. Оларды көрісімен денем дір ете қалды. Ертіп кірген дәрігер:

-  Бұның атын мәйітхана деп атайды. Мұнда... - дей бергенде-ақ мен зыта жөнелдім.

Есік алдына шығып, халатын өткіздім де, институтты тастап қаштым. Артымнан жаңағы басы жок, аяғы жоқ тыр жалаңаш өліктер тырақайлап қуып келе жатқандай көрінді. «Жок, оқусыз қалсам да бұл институттың қарасын көрмеймін» дедім қашып бара жатып. Қанша қашсам да, содан он жыл кейін өліктердің ортасын кешіп жүретінімді білмеппін ғой мен.

Өз естеліктерінен.

Мен ҚАЗАҚПЫН! 4.04.2015 жариялады
116,265 сұрақ
295,203 жауап
152,913 пікір
61,091 қолданушы