Бизнес-Жоба: Дөнер Кебаб

Бизнес-Жоба: Дөнер Кебаб
Жоба: Дөнер Кебаб жүрекжалғар ашу
Жоба мақсаты: Петропавл қаласының тұрғындары мен қонақтарына жылдам дайындалатын, арзан, әрі дәмді, сонымен қатар пайдалы тағам ұсыну.
Өнімділігі: күніне 100 дөнер.
Өнім: Дөнер Кебаб
Жобаның құны: 1 млн теңге
Өзін өзі ақтауы: 2-3 ай

Тағам – мәңгілік бизнес! Дөнер Кебабтың артықшылығы жылдам әрі дәмді дайындалады. Ал бастысы өте тойымды. Бағасы да арзан. Оны көбіне жұмысбасты адамдар тұтынады. 1 сағат бойы түскі ас ішуге уақыты жоқ жандарға тез тамақтануына, немесе жолда жеуіне ыңғайлы. Және бұл тағам талайлардың жәй ғана сүйікті асына айналып үлгерді.
Меню:
• Дөнер Кебаб
• Қымыз
• Айран
• Газдалған басқа да сусындар
• Бауырсақ
Маркетингтік сараптама: Халық чебурек, самасдан жалықты, немесе олар сапасыз, сондықтан жемейді. Фаст-вудтың да зиян екенін біледі. Аса бас қатырып қажеті жоқ, жәй ғана бұл тағам модаға айналды. Сұраныс бар!
Стратегия: Ашатын жерді дұрыс таңдай білсең аса жарнаманы да қажет етпейді. Телефон арқылы тапсырыс қабылдап, жеткізіп беру қызметін іске қосу керек. Шикізат алу үшін жергілікті құс фабрикасымен және қымыз өндіретін, сусындар сататын компаниялармен келісімге тұру керек. Сапалы көкөніс сататын точка табу(саяжайшылармен келісуге болады).
Қаржы құю:
Жер арендасы(54 кв\м), егер мемлекеттік жер болса компейка тұрады.
Жүрекжалғарға бутик салу, егер таныстарға жатса 500 мың теңге, ал оның ішіне үстел, орындық тағы басқаларын алу үшін 200 мыңдай кетер.
Дөнер Кебаб дайындайтын құрылғы комплектте 300 мың теңге.
Тоңазытқыш пен бутикті әрлейтін баннерлер Кока-Коладан тегін алуға болады.)
Қызметкер: Бір тәжірибелі нағыз шебер азпаз болса, сол жетеді. Түрік болса, тіпті қатып кетер еді.
Табыс: Я бәрімізді қызықтыратын осы. Қанша табыс табуға болады? Байып кетуге жетпесе де, қалтаңды қампитады.
Тойымды Дөнердің өзінің құны 300 тг, сен үстіне 100 тг қосып сатасың. Яғни бір Дөнерден пайда 100 тг. Бір күнде 100 дөнер сатуға болады. Яғни 10 000 тг. Бір айда 300 000 тг. Минус қызметшіге 100 000 тг. Өз қалтаңа 200 000 тг қалады. Бұл минимуммен есептегенде. Плюс шырындардан түсетін пайда бар. Минус салық(оны әзірше қақпаймын).

Бизнес, Идеялар 10.01.2015 жариялады

8 пікір

Дұрыс айтады: "Тағам – мәңгілік бизнес!" smiley

сен жаздыңба?
Тігіп кетуге болмайды жобаны.
Жақсы жоба екен, осындай ойлар бастарыңа қалай келеді )
жаңадан вирусты сөз ойлап тауып алыпсыңғой өзіңе. )))

сенің слоганың солма
Намаз оқитын клиенттер де болуы мүмкін. Сондықтан, дөнерге қосатын ет өнімдерін мейілінше халал технологиясымен дайындалған нүктелерден тапсырыспен алған жөн.
Иә.                       .
Керемет :)
116,249 сұрақ
295,157 жауап
152,907 пікір
61,044 қолданушы