Сенімді достарым

Жас кезімнен аз да болса ойыма түскендерін жазғым келді, шүкір, достарыммен мақтана аламын

Мен де жас болдым, жас кезде адамның әр нәрсеге қызығушылығы болатыны белгілі, Оқушы кезімде пивоға онша үйір болмадым, мектепте аса бұзақылық жасай қоймадым. Студент кезде ортам өзгерді, өзімді үлкен адамдай сезініп, үйге ұйқы үшін және қарным ашқанда ғана келетін болдым. Мектепте алған фундаментім жақсы болған сон алғашқы курста сабақтан қинала қоймадым, ал жолдастарым мектепте қатырып оқымағанда, студент кезде де оқымауды ұйғарды. Басымыз қосылып, ол кезде 4 баламыз, 500 тг шығарсақ әжептеуір заттар алатынбыз "демаламыз" деп. Оның үстіне біздің ыңғайымызға қарай бір бала ағасы екеуі квартира жалдап тұрады, ағасы айына 2-3 күнге ғана келіп кетеді. Қалған уақытта ол біздің штаб квартирамыз. "Царь" деген арақтың дүкендерде енді шыға бастаған кезі болса керек, сапасы жақсы еді. Оған қосымша алатынымыз: кесілген колбасаның төрттен бірі, кішкентай пакетиктегі сәбіз салат, 4 ролтон, 2 бөлке нан, мойнез, кетчуп, қалғанына сигарет.. Алғашқы кездері аптасына бір рет жиналсақ, біртіндеп екі күннің бірінше менюіміз жоғарыдағыдай болатынды шығардық. Бәр шыны "царь" аздық етіп, екіншісіне тәлтіректеп барып қайтып жүрдік. Талай "полициядан" тәлтіректеп қаштық, талай ұсталдық. Төртеумізді арнайы бір группаға жинап қойғандай, бір жолдасымның "көкесі" ішкі істер бөлімінде полковник болып шықты, ұсталып қалсақ та ешқандай құжаттар толтырылмай, босатыла кететінбіз. Бір рет әлімізге қарамай ақаннан көп  алып, түнгі 2-3 шамасызда арқамыз қозып көшеге шығып, бар даусымзбен айқайлап, тізіліп тұрған машиналардың үстіне шығып алып, кім көрінгенмен соқтығып, жұлысып, бір есімізді жиғанда әдеттегідей теориядан қалып қойып, ұйқының сазайын беріп жатыр екенбіз. Таңертен көзіміз ісіп, ұйқы қанбай корпусқа сол күйімізбен барамыз. Әрине, содан кейін басына бідене қонады ма...Төртеумздің өз міндетіміз бар еді, біреуіміз пәтер шығарады, біреуіміз полициядан құтқарады, ұйымдастыра біледі, біреуіміз кез келген қиын сәттерде алып шығады, мен үлгерімім тәуір болған сон сабақ жағынан өзімді ғана емес, жолдастырымды да алып шығуға тырысатынмын. Соңғы курсыма кейін талай істі былықтырып жүрдік, бірінші курстан-ақ оқудан шығып кете сақтап, жиналысқа саланығанымыз да бізді тоқтата қоймады. Сол кездегі үлкен проблемаға менің тікелей қатысым болып еді, группаластарымнан бөлек класстастарыммен бірге болған жиындарда, басқа жақтан балдарымен соқтығып, солар корпусқа іздеп келген. Сол кезде мүлдем қатыстары болмаса да группалас жолдастарым менің проблемама белсене араласты. Жиналысты менің кінәлі екенім анықталып, оның үстіне тұрып жатырған ауданым қаланық хулигандары көп жер болған сон да, оқудан шығаруды белсене кірісе бастаған. Әйтеуір несі керек, "жоғары жақтағылардың" біреуі үлгерімім жақсы екенін ескеріп, кураторымның да жақтасуымен істі жылы жауып қоя салды ескертумен. Талай нотация оқылды...

Енді біздің өзгере бастағанымыз туралы жазсам... Соңғы курстарда екі сабақтан экзамен қатар келді, біреуі қиын, екіншісін өзім теорияда қызығып оқығаным, қиын емес деп есептеп дайындалмадым экзаменге. Біріншісінен алғашқылардың бірі болып жеңіл тапсырып шықтым, екіншісіне келгенде "мынадай тема өттік па не?" деп ауышып, 1 балл жетпей қалып стипендиямен қош айтыстым! Өмірімде экзаменннен төмен баға алмаған маған ол қатты соққы болып тиді. Ешкімнің тынышталдыруын тындағым келмеді, музыканы наушникпен қатты қойып алып, трассаның бойымен жүре бердім біреуі болмаса біреуі қағып кетер деп. Намыстандым, мен үшін өліммен тең болды. Қызыл дипломының біреуіне үміткер деп сеніп жүрген кураторыма қарауға бетім шыдамады. Экзаменннен кейін болатын практикада больницаның ішінде группадан бөлек басқа отделениеде бір өзім практикамды өттім, сөйлескім келмеді ешкіммен. "Енді алкогольге жуымаймын" деп үзілді кесілді тоқтамға келдім. Негізі оған мхббт машақаттарыммен жүріп, дайындалмаған кінәлі бір адам болса, ол өзім ғана едім. Кейін уақыт өте оған да бойым үйреніп, жолдастырыммен қайтадан жинала бердік, Алкогольді бірінші бастап қойдым, бұрынғыдай әзілдесеміз, ойнап күлеміз, ал мен ішпеймін. Күндер өте жолдастарымның да ол жаман сусынға жолауды қойды. Семестр біткен сон қайтадан стипендияға іліктім, жеке өмірім де дұрыстала бастады.

Қырғын өмір сүріп тастаған адам болмасам да, бұл өмірден түсінгенім адам әр қателігі үшін мына өмірде де, о дүниеде де жауап береді екен. Жақсылық жасасан, өзіне келеді, жамандық жасасан да келетіні тек өзіне.

Діни көзқарасымды бұл жерде жазбай-ақ қояйын, себебі иман адамға ерте ма кеш па түбі келеді, дұрысты ертерек түсініп, ертерек иман келтіту. "Кезінде мынадай едің ғой, сені бұлай өзгереді деп кім ойлаған" деп айтқан достарым аз болған жоқ. Ештене демеймін, мойындаймын кезінде жасаған қателіктерімді, көп өателескенімді де мойындаймын және үнемі кешір сұраймын. Өзін құдай деп санаған Фараон да суға батып өліп бара жатып Құдай жалғыз, өмірді беретін де, қайта алатын да жалғыз бір құдай бар екенін мойындап кеткен екен. Өмірінің соңғы сәттері жақындағанда ғана бір Аллахтың бар екенін сенім білдіріп жатады көптеген адамдар.

Қазір де төртеуміз, жалдастартарым, біргеміз. Барлығымыздың да жұмысымыз, өз өміріміз бар, арасында жиналып, мәселе туындаса ақылдасып, бір бірімізге қол ұшын беріп жүреміз. Талай қиыншылықта сыналған, талай қуанышты сәтті жанымнан табылған мен жолдастарыммен мақатана аламын. Альхамдулиллах, мен бақыттымын.

Өз ойым 1.04.2015 жариялады

2 пікір

МашАллах!!! Достықтарыңыз ұзағынан болғай. Жігіттердің арасындағы достыққа тəнтімін.  Сондықтан ба қыздармен емес жігіттермен достасқан ұнайды.
Йә.Әрине.Достық деген ұлы ұғым,оны сезін біл,ұғын!!!
116,053 сұрақ
294,506 жауап
152,845 пікір
60,451 қолданушы