Сəбидің тісі шыққанда... [сұрақ жабық]

Сəбидің тісі шыққанда
Жаңа туған нәресте өсіп, сүт тістері көрінгенде мазасызданып, әке-шешесі де абыржиды. Осындай кезде балалар дәрігерімен ақылдаса отырып, жас сәбилердің тіс күтімі туралы нұсқаулықтарды бұлжытпай орындау қажет.
* Дәріханада немесе балалар дүкенінде оларға арналған су құйылған тіс сақиналарын сатып алып, тоңазытқышта (мұздатқышта емес) салқындатып, баланың шайнауына беріңіз. Салқындық қызыл етті тыныштандырып, ауруды тияды.
* Алты айдан асқан сәбиге шайнау үшін суық суға малынған түкті орамалды да беруге болады.
* Текше мұзды таза шүбереке орап, иек етін абайлап сүртіңіз. Мұз иек етіне тимесін.
* Сәбидің алғашқы тісі шыққанда ауруды салқындатылған шай қасық жеңілдетеді. Сәби беймазалана бастағанда қасықтың артын қызыл етке басады.
* Қызыл ет ауруын салқын тамақ та басады. Жұмсақ нанды шағын-шағын кесіп, тоңазытқышқа салады да, бала жылай бастағанда бере қояды.
* Балаға мұздатылған бананның бір жапырағын береді. Салқын шырын қызыл етті тыныштандырады. Банан әбден жібігенде дереу алып тастайды.
* Тіс шыға бастаған кездегі аурудан кейде әке-шешенің әлпештеуі көмектеседі. Баланы көтеріп алады, онымен ойнайды немесе бөлмеде жетектеп жүреді. Баланың назары басқаға ауып, ауруын ұмытады.
* Төрт тамшы қалампыр майын бір-екі ас қасық су маймен араластырады. Оны баланың қызыл иегіне жағудан бұрын әркім өзінің тіс етіне жағып, тітіркендірмейтініне көз жеткізуі қажет. Тітіркендірсе, су майды көбірек құяды. Қалампыр майының өзін қызыл етке жақпайды.
* Ылғалды мақта томпонға үш тамшы түймедақ майын тамызып, күніне екі рет сәби қызыл етін сүртеді. Ол теріні де, қызыл етті де тыныштандырады.
* Шығып келе жатқан тістен ауруды арнайы балалар гелі және сондай гель сіңірілген мақта томпон жеңілдетеді. Балалар гелінде спирт болмайды, ауруды басатын дәрі бар.
* Алғашқы бірнеше тіс шығысымен оларды күніне екі рет жұмсақ тіс щеткасымен не түкті орамалмен ұдайы тазалап тұрады.

Сұрақтың жабылу себебі: Ешқайсысың ашушы болмаңдар!
Пайдалы кеңестер 1.04.2015 жариялады
116,035 сұрақ
294,403 жауап
152,841 пікір
60,365 қолданушы