Бауыржан Момышұлы жайлы ел аузындағы әңгімелер

Б.Момышұлы

Б.Момышұлы Калинин қаласында тұрғанда жатын бөлмесінің кішігірім терезедей форточкасы болған. Ол қысты күнгі аяздарда оны ашып тастап ұйықтайды екен. Бір күні сол суық бөлмеге жауынгер серіктерінің бірі кіріп, «Мынау қазақ жататын орын емес, қасқыр жататын жер ғой» деп екінші бөлмеге қарай қаша жөнеліпті.  

 

Момышұлы Кубаға барған кезде ел ішінде жолаушы жүрген Кубаның Қарулы күштер министрі Рауль Кастро оған сәлем айтып: «Кубаны өз үйіндей көріп, мен барғанша жайғасып жата берсін» дейді. Бауыржан «Кубаны өз үйімдей көрермін, бірақ қонақ екенімді де ешқашан естен шығармаспын» деп жауап қайтарады.  Рауль Кастро министрлікке қайтып келіп, Момышұлын кабинетінде қабылдайды. Сонда Бауыржан министрдің анада айтқан «өз үйіндей көрсін» деген сәлеміне орай, пиджагін шешіп, орындықтың иығына іліп, галстугін алып, көйлегінің түймелерін ағытып, асықпастан министр нұсқаған орындыққа отырады. Бар сән-салтанатымен киініп отырған министр Бауыржанның бұл қылығын ұнатпай, біраз үнсіз отырады да:

   - Куба жерінде қалай тұрып жатырсыз, полковник? – деп сұрайды. Сонда Бауыржан:

  - Мен Куба жерінде өз үйімдегідей тұрып жатырмын, бірақ қонақ екенімді ешқашан ұмытқан жоқпын. Біздің қазақ жұртында: «Қонақ аз отырып, көп сынайды» деген мақал бар, - деп жауап береді.

 - Өз үйіңдей көр деген өзің ғой, мен өз үйімдей көрсем, сен оны қалай көрер екенсің? – деп министрді сынайды. 

Қызықты деректер 30.03.2015 жариялады
116,025 сұрақ
294,324 жауап
152,839 пікір
60,310 қолданушы