Момышұлы мақалдары

Момышұлы нақылы

Өмірінің қатесін ешкім де өз аузынан айтып бермейді.

Бір адамның өмірі мың адамға сабақ.

Ойланбаған орға жығылады.

Қайрат қамал. бұзады.

Ер шекіспей бекіспейді, есер шетінеспей кетіспейді.

Бүгінгі батырды қадірлеу – ертеңгі ұрпақтың ұранын ардақтау.

Үлкенді – ізетте, кішіні – күзетке.

Айдандана шапқаннан ажал да сескенеді.

Қол көтерген дұшпаннан гөрі қорамсаққа қолы жетпей өлген жауды сыйлау керек

Қар ерігенмен, Қаратау ерімейді.

Ер өледі, ел қалады.

Есімі ел жүрегінде сақталған ер ғана бақытты.

Ақылдың артықтығы, кеңестің көптігі жоқ.

Ақша өз өңешімді тығындау үшін ғана жиналмайды.

Елін сыйлаған ер жұтамайды.

Ара-тұра дүниеден тарықпаған адам дүниенің қадірін білмейді.

Жара жаралыны қинайды.

Әркім жеткен жеріне дейін барады, жеткен жерінде қалады.

Арыстан боп қимылсыз жатқаннан тышқан болып жорғалап жүрген артық.

Ауру болсаң, әкімдіктен не пайда?

Бір жаралыға жәрдем беріп, оны аман алып қалған жауынгер – он ұл тапқан анадан артық.

Сөз шындығы – қайратты қару.

Армия – менің екінші анам.

Ананың әлдиін білмеген ұл болмайды. Уставты білмеген солдат болмайды.

Сұңқарлар қанаттас самғайды, тұлпарлар қабырғалас зымырайды.

Елін сүйген жауынгер ер болады.

Жігерсіз сөз жүрекке жетпейді.

Басқа жазушылар қағазға жазса, біз жауынгерлердің жүрегіне жазамыз. Басқалар сиямен жазса, біз қанымызбен жазамыз.

Тәртіп – жауынгердің бірінші қаруы.

Командирдің бұйрығы – бағыныштыларға заң.

Командир – әскери педагог.

Өз халқын құрметтеп, сүймеген адам опасыз, оңбаған адам.

Жауға деген өшпенділік пен Отанға деген сүйіспеншілікті (...)* әр командирдің жүрегіне ектім.

Ардақты ананы қадірлеймін. Ары бар азаматты ардақтаймын. Талабы бар жасты құрметтеймін. Маңғазсынған ағаны ұнатпаймын. Көзге мақтап көлгірситін ініні жек көремін.

Шын дос сыртыңнан мақтайды.

Әркімге бір өлім хақ.

Сын айту үшін - шын айту керек. Билік айту үшін - біліп айту керек.

Білмей айқан билік - былшыл.

Оқиғаны ой болжайды.

Ой ырғағын сөз жеткізеді.

Саналы ер сөзсіз санасыз салмақтайды.

Жығылсаң - арпалыса жығыл, құласаң - нардан құла.

Ерлік - елдің қасисеті. Жүректілік - жігіттің қасиеті.

Ерсіз ел болмайды. Жүрексіз жігіт болмайды.

Соғыс – адамзат өмірінің ең ұлы трагедиясы.

Соғыс –адам өмірін қинайтын ең ауыр, ең ащы азап.

Соғыс – тірілердің тамұғы.

Әйелді қорлаған еркекті өмір өкінішсіз жібермейді.

Әйел – өмірдің анасы, ал асыл перзент анасын ешкімге қорлатпайды.

Әйел – киелі халық, оның киесі өзін қорлаған еркекті бір атпай кетпейді.

Құдай мені мінез жағынан сыйымсыз ғып жаратқан. Әйелдеріме мен сондықтан сыймадым. Ал сыйған әйелім менің маңдайыма сыймады.

Адамды бұзатын – атақ, ақша, арақ. Төртіншісі әйел демеймін. Алғашқы үшеуінің буына бөртіп, әйелдерді біз – еркектер бұзамыз.

Комплиментті қатындар ғана жақсы көреді.

Сайқал ғана бетіңе қарап қылмыңдайды.

Әйелдің сайқалы бірді ғана арбайды, әдебиет сайқалының мыңға зияны тиеді.

Мен ҚАЗАҚПЫН! 30.03.2015 жариялады
116,035 сұрақ
294,403 жауап
152,841 пікір
60,365 қолданушы