Ленинградтағы ең тарихы мол көше

Гоголь көшесі, Ленинград

Ленинградтағы Гоголь көшесінде сәнді сарай, салтанатты шіркеуден ештеңе жоқ. Кәдуескі көше, кәдуілгі үйлер. Бірақ осы қоңырқай үйлердің бүкіл совет халқының жүрегіне жылы тиер тарихы бар. Әр үйдің пұшпағына көз салып, мрамор тақтаға жазылған әр жазуды оқып шықсаңыз, сіз де түсінер едіңіз.

23/8 үй. Осы үйде отырып Достоевский «Ақ түн», «Неточка Незванова» және басқа шығармаларын жазған. Петрашевшілер үйірмесінің жұмысына байланысты ол осы үйде тұтқынға алынып, сонау Сібірге, Омбы түрмесіне айдалған. Қазақ ғалымы, ол кездегі жас офицер Шоқан Уәлихановпен сол жақта достасқан.

17 үй. Бұл үйде осы көшенің «иесі» - Гогольдің өзі тұрған. Хлестаков, Тарас Бульба бейнелері осы үйде дүниеге келіп, осы табалдырықтан аттап, бүкіл дүние жүзіне мәңгілік сапар шеккен.

Бұл үйде бұрын Дюманың рестораны болған, Пушкин осы табалдырықтан талай рет аттаған. Осы ресторанда ол даналықтың жендеті Дантеспен танысқан.

14 үй. Бұл үйде 1905 жылы 26 қарашада Петербург жұмысшы депутаттары Советі атқару комитетінің мәжілісі болған. Ол мәжіліске В.И.Ленин қатысқан.

13 үй. Мұнда бұрынғы «Вена» ресторанында В.И.Ленин  партия қызметкерлерімен кездескен. Осы үйде бірсыпыра уақыт Тургенев тұрған. Чайковский осы үйде мекен еткен, оның сүйегі осы үйден шыққан.

Әлемге саяхат 30.03.2015 жариялады
116,035 сұрақ
294,371 жауап
152,840 пікір
60,340 қолданушы