Маршал Блюхер мен оның "Ата ордені"

Маршал Блюхер

Василий Константинович Блюхер шаруа семьясынан шыққан, өзі жұмысшы боп өскен кісі. Дүниежүзілік бірінші соғысқа солдат боп қатысып, ауыр жараланған. Жарасының ауырлығы сонша оны екі рет өлді деп есептеп, лазареттен шығарып, мәйітханаға апарып тастаған. Бірақ ол екі ретте де есі кіргеннен кейін, моргтағы өліктердің арасынан шығып, қайтадан лазаретке барған. Өмірде темірден қатты болаттан берік адамдар болады. Василий Константинович сондай жандардың бірі еді. Сөйтіп ол 25 жасында армиядан босатылады, қайтадан жұмысшы боп істейді. Партияға өтеді. Елде Совет өкіметін орнатуға жан-тәнімен атсалысады. Ол кісінің бұдан кейінгі ересен ерлік істерін айтып жеткізу қиын. Василий Константиновичтің өмірі жай өмір емес, тек қана ерліктен тұратын өмір еді. Оның он сегізінші жылы дутовшыларды талқандағаннан кейін, бүлікшіл Чехословакия корпусы мен ақ бандылардың қоршауында қалған совет әскерлерін бастап, бір жарым мың километр жол жүріп, Орал тауынан өтіп, Қызыл Армияға қосылуының өзі өзгеше жыр. Осы ерлігі үшін ол ата орденмен наградталды.

АТА ОРДЕНІ – Совет одағында тұңғыш шығарылған Қызыл Ту ордені. Ол азамат соғысының майданында қаһармандық ерлік көрсеткен Қызыл Армия жауынгерлерін наградтау үшін шығарылды. 1918 жылы 30 қыркүйекте ВЦИК мәжілісінде Қызыл Ту орденін бірінші кімге беру туралы мәселе қаралады. Сонда Яков Михайлович  Свердлов орнынан тұрып, ең бірінші советтік орденді Блюхерге беру жайында ұсыныс жасайды. Одан екі жыл кейін, 1920 жылы Еңбек Қызыл Ту ордені, ал 1930 жылы Ленин ордені мен Қызыл Жұлдыз ордені, 1935 жылы «Құрмет белгісі» ордендері шығарылды. Одан кейінгі ордендер Отан соғысы кезінде шықты. Қызыл Ту Совет еліндегі ең тұңғыш орден болса, Блюхерге оның ең біріншісі берілді. Одан кейін сол  Қызыл Ту орденімен тағы төрт рет наградталды.

Қызыл Ту ордені

Ал Қызыл Жұлдыз орденімен ең бірінші боп наградталған – ол да Блюхер. Бұл орден оған Қызылтулы Дербес Қиыр Шығыс Армиясының (ОКДВА) шекара күзетіндегі табыстары үшін берілді. Сөйтіп, 1930 жылы мамырда Блюхер 5 Қызыл Ту ордені мен Қызыл Жұлдыз орденінің ең тұңғыш кавалері болды. Ол кезде Қызыл Ту орденімен бір рет наградталудың өзі Кеңес Одағының Батыры атағын алғаннан кем емес-ті.

Василий Константинович Каховка, Перекоп, Волочаевка жерлеріндегі ұрыстарға тікелей басшылық етіп, Қызыл Армияның даңқын көкке көтерген кісі. Ол – Кеңес өкіметінің қас жауы Колчактың әскерлерін талқандаушылардың бірі. Партия қайда жұмсаса сонда барды. Сунь Ят-сен бастаған Қытайдың революциялық үкіметінің әскери бас кеңесшісі де болды. 11 жыл ОКДВА-ны басқарды, Қиыр Шығыстың Отанның берік қамалына айналуына бар күшін жұмсады. Сондықтан да ол тағы да екі рет Ленин орденімен наградталды.

Қызыл жұлдыз ордені

1935 жылы оған С.М.Буденный, К.Е.Ворошилов, А.И.Егоров жәек М.Н. Тухачевскиймен бірге Совет Одағының маршалы атағы берілді. Сөйтіп ол ең алғашқы бес маршалдың бірі болды.

Тірідей аңызға айналғаны «Дальневосточная» әнінің сол кездегі нұсқасы дәлел бола алады:

Стоим на страже

Всегда, всегда,

Но если скажет

Страна труда:

Винтовку в руки!

В карьер! В упор!

Товарищ БЛЮХЕР,

Даешь отпор!..

Мен ҚАЗАҚПЫН! 30.03.2015 жариялады
116,265 сұрақ
295,203 жауап
152,913 пікір
61,091 қолданушы