Селфи - індет пе, әлде...

"Селфи ауру ма? Әлде індет пе?" деген сауал қойылған екен. Біразымыз бұл сауалға жеңіл қараймыз. Себебі селфимен ауырған адамды көрген жоқпыз. Психологиялық ауатқу деcе дегендей-ақ. Ерекше селфи жасау үшін бүгін біраз еңбектену керек екенін көзіміз көріп келдеі. 

ХХІ ғасыр техника дәуірі дейміз-ау, бірақ... Компьютер, телефон, ғаламтор адам өмірін жеңілдетуге арналған. Десе де осы бір аталмыш дүниенің бүгінде құлақкестісіне айналғандаймыз. Бір сәтке кіріп шығамын дейміз де, сағаттап отырып аламыз әлеуметтік желілерде. Соңғы уақытта мынадай тіркестерді де есітіп жүрміз: "Соткасыз қазақ, сорлы қазақ" - дейді, Сіз не дейсіз? Жә, әңгімені әріден бастап қайтем, мен айтпайақ бәрі түсінікті. Бүгінде еңбектеген баладан, елуден асқан кісілерге дейін Фейсбук, Вконтакте, Инстаграм т.с әлеуметтік желілерді қолданады. Кешіріңіздер, тағы да, әріге кетіп қалдым. Әңгіменің өзегі мынау - Селфи. Шынында да селфи дерт пе әлде..? Осы сауал мені де қызықтырады. Әуелде бұл сөзді қабылдай алмағанымызбен, бүгінде күнделікті тіршіліктің бір бөлігіне айналып кетті. Селфидің пайда болғанына ғасырдан астам уақыт өткенін білесіз бе?!  Шамамен осыдан 114 жыл бұрын адамзат тарихында автопортрет дейтін термин қалыптасты. Ұлы ханшайым Анастасия Романованың 13 жас кезінде алғаш рет өзін-өзі түсірген суреті «селфи»-дің бастауы еді. Өзінің бейнесін өзі айнаға қарап түсірген ханшайымның айтуынша: «алғаш суретке түскен кезде қатты қобалжу, діріл болған». Селфи- (ағылшын тілінде self - өз дегеннен туындаған) - көбінесе қолында ұстап тұрып, смартфон немесе фотоаппарат арқылы адамның өз-өзін түсірген суреті, яки автопортреті. Селфилер әлеуметтік желілерде жарияланып, кең қолданысқа енді. Бірнеше адам болып түскен селфиді «топтық селфи» деп атайды.

Бүгінгі қоғамда селфиді індет деп қарастырып отыр. Олай деулеріне де негіз бар, әрине. Бұл үрдіс 18-24 жас аралығындағы адамдардың арасында кең тараған. Олар өздерінің «селфиін» барынша әдемі етіп көрсету үшін түрлі әрекеттерге барады. Британдық жасөспірім Дэнни Боуман күніне 200 селфи жасаған. Әр селфиге кеткен уақыт ол үшін маңызды. Тіпті, бір тәуліктің 10 сағатын селфилетіп өткізген. Қанша суретке түссе де, өзіне өзі баға бере алмаған. Бірде-бір селифі сәтті шықпаған соң бозбала өмірімен қош айтысқан. Өзін жегідей жеген 19 жастағы жігіт осы аралықта 13 кг салмақ тастапты. Осы жағдайдан соң, әлем ғалымдары селфиді психологоиялық аурудың бір түрі деген тоқтамға келді. Селфилеткіш әлеуметтік желінің белсенді қолданушылары үшін бүгінде "инстаграм" желісі іске қосылған. 

Селфиді қоғам - індеті немес дерті деп айта алмамыз ба? 

Біз не десек те селфидің салдарынан ажал құшқан жандардың қатары күн санап көбейіп келеді. Атап айтар болсақ:

21 жастағы мексикалық Оскар Отеро Агилар суық қарумен (тапанша) селфи жасауы желідегі мәртебесін көтеруге себеп болған. Осылай деп ойлаған жігіт, досының оқтаулы тұрған тапаншасымен селфи жасау кезінде абайсызда шүріппесі басылып кетіп, оқиға орнында көз жұмған.
Солтүстік Каролинаның тұрғыны Кортни Сэнфорд есімді 32 жастағы келіншек өзінің ажалын селфиден тапқан. Қаза табардан бұрын, машинасында ойнап тұрған әуеннің ырғағына елітіп, боянып, таранып отырған оның Фб-ғы соңғы жазбасы: «жақсы ән көңіл көтеруге жақсы». Кейін анықталғандай Кортни көлік апатынан қазақ тапқан.
Колетт Морено АҚШ азаматы. 26 жастағы жас бойжеткен тойынан бір күн бұрын, құрбыларымен демалуға жолға шығады. Қуаныштан есін жия алмаған ару құрбыларымен бірге селфи жасап, көліктің тізгінін ұстап отырғанын естен шығарса керек. Осылайша жол апатынан қаза тапқан.
Селфидің жиі пайдаланылатын орындарының бірі жуынатын бөлме (ванна). 17 жастағы бойжеткен өзінің жаңадан алған iPad құрылғысына селфи жасау кезінде мерт болған. Кейіннен белгілі болғандай, қуат көзінде тұрған құрылғы су тиіп зақымдалған екен.
Ресейдің астанасында 19 жастағы екі жігіттің мәйіті метро тұрағынан табылған. Виктор және Иван есімді екі жігітті ақымақтық жасауға итермелеген, тағы да, осы селфидің дерті. Келе жатқан метроның үстінде тұрып секіріп көрмек болған екі жігіт, құлаған жерінде көз жұмған.
Испаниялық азамат Андухар 21 жасында өзінің ажалын селфиден тапты. Поезд үстіде өзін суретке түсірмек болған жігіт айтпай келген өлімнің құрбаны болды.
Санкт-Петербург қаласының 17 жастағы өрімдей қызы Ксения, түнгі поездің келе жатқан сәтін көпір үстінен тұрып түсіруге қызыққан. Қайғылы жағдай болған жерге келген сарапшылардың айтуынша, қыз көпірден 1500 вольттық тоқ көзінің үстіне құлаған.

Ал, бүгінде селфиді сүйетін жұршылыққа арнап, арнайы монопод құралдарының түр-түрі жасалған. Тек барасыз, таңдайсыз, аласыз, селфилетесіз де әлеуметтік желілерге жайғастырасыз. Іс бітті! Әлеуметтік желідегі достарыңызды таң қалдырам деп, артық қадам жасап жүрмеңіздер. Бәрі өз орнымен болғанға не жетсін.
Фото топтама.

Суреттер ғаламтор желісінен алынды.

ФотоСурет әлемі 30.03.2015 жариялады
116,035 сұрақ
294,371 жауап
152,840 пікір
60,340 қолданушы