Түрлі-түсті киімді жуу [сұрақ жабық]


Түрлі-түсті киімді жуу
Жаңадан сатып алған киіміңізді жумас бұрын тексеріп алыңыз. Киімнің шетін сулап, оның үстіне қағаз қойып, ыстық үтікпен үтіктеңіз. Егер қағазға бояу жағылса, мұны бөлек жуу қажет. Себебі мұндай киімдерді әр жуған сайын бояуы шығып, өңсіздене бастайды. Содан соң 2-3 жуғаннан кейін ескі киімдер қатарын көбейтеді. 
 

Қызыл, көк, сары және жасыл түсті киімдердің қанық өңі ұзақ уақыт сақталсын десеңіз, сірке суы қосылған суға (1 литр суға 1 шай қасық) жуыңыз. Ал қара түсті киімдерді жуатын судың температурасы 60ºС-ден аспағаны жөн. Оны шаятын суға аздап тұз қоссаңыз, (1 литр суға 0,5 шай қасық) киімнің өңі ашыла түседі. 

Сұрақтың жабылу себебі: Ешқайсысың ашушы болмаңдар!
Пайдалы кеңестер 30.03.2015 жариялады
116,035 сұрақ
294,371 жауап
152,840 пікір
60,340 қолданушы