Онтолингвистика– баланың сөйлеу қабілетін, қалыптасуын, тілінің дамуын зерттейтін сала

Онтолингвистика,баланың тілі,бала тілі бал

Онтолингвистика – (ағыл. «first language acquisition» – «ана тілді меңгеру») ХХ ғасырдың соңында енген баланың сөйлеу қабілетінің пайда болуы, қалыптасуы және жасына қарай индивидуалды тілінің дамуын зерттейтін сала. Алғашқыда баланың сөйлеу қасиеті мен тілді үйренуіне байланысты болғандықтан, психолингвистиканың бір бөлігі ретінде қаралды, алайда орыс баласының грамматикалық дамуы жайлы Дэк Слобиннің АҚШ-та 1960 жылы жасаған баяндамасынан кейін аталған салаға қызығушылық танытқандар көп болды да, сол ғасырдың соңында бөлек сала деп танылды.

Көбіне бұл салаға үлес қосатын үздік зерттеушілер санатына белгілі бір балаға бақылау жүргізіп, зерттелу объектісінің сөйлеу қабілетіне қатысты өзгерістерді үздіксіз жазып отыратын филологтер мен лингвистер жатады. Мысалы, Ресейдегі онтолингвистиканың негізін қалаушы ретінде өз баласының сөйлеу қабілетіне ұзақ жылдар бойы бақылау жасап, 1961 жылы шықса да, өз құндылығын әлі де жоғалтпаған «Балалар тілін зерттеу» атты еңбектің авторы Александр Николаевич Гвоздевті айтады.

Баланың сөйлеу қабілетінің қалыптасуын бірнеше сатыға бөліп қарауға болады және әрбір зерттеуші өз объектісінің қарымына қарап түрлі нұсқалар ұсынатынын ұмытпаған жөн. Алғашқысы – сөйлеуге дейін дыбыстар, я әріптер (бір жасқа дейін), екіншісі – «ата», «апа» секілді дара сөздер кезеңі (12-18 айлық), үшіншісі – екі сөзден тұратын тіркестер кезеңі (18-20 айлық), соңғысы – толық емес, алайда көпсөзді түсінікті тіркестер кезеңі (екі жас немесе жоғары). Зерттеушілер дені сау екі баланың бірінің тілі кеш шығып, екіншісі сөйлеуді ерте үйренуін гендік фактор мен баланы қоршаған коммуникациялық ортаның әсерінен деп түсіндіреді.

https://www.facebook.com/gylym/

Қызықты деректер 30.03.2015 жариялады
116,054 сұрақ
294,517 жауап
152,845 пікір
60,461 қолданушы