Қарлығаштың адамға достығы

Рабғузи қиссаларындағы - "Қарлығаштың адамға достығы".

                                                    "Қарлығаштың адамға достығы"

  Нұхтың кемесінің түбін тышқан тесіп қояды. Тесіктен кемеге су кіреді. Сонда Нұх: "Кімде-кім тесікті бекітсе, тілегін орындаймын", - дейді. Бір жылан шығып, тесікті бітейді. Ол Нұхқа келіп: "Дүниеде ненің еті тәтті болса, соны бер!" - дейді. Ненің еті тәтті екенін татып білу үшін Нұх масаны жібереді. Күтеді. Ол кешігеді. Масаны тауып алуға қарлығашты жұмсайды. Қарлығаш масаны тауып алып: "Ненің еті тәтті екен?" - деп сұрайды.

  - Бәрін татып көрдім, адамның етіне тәттісін көрмедім, - дейді.

  Қарлығаш: "Оның дәмі тіліңде бар болар, мен көрейін, аузыңды ашшы", - дейді. Маса аузын ашады. Қарлығаш тұмсығымен масаның тілін жұлып алады. Екеуі Нұхқа келеді. Маса қатты-қатты үн шғарғанымен, быжылдап ештеңе түсіндіре алмайды. Нұх:

  - Бұл не айтып тұр, неге сөйлемейді? - дейді.

Қарлығаш: 

  - Маған айтқан. Құрбақаның еті тәтті деп тұр, - дейді. Жылан содан кейін құрбақаның етін жейтін болды.

Қызықты деректер 30.03.2015 жариялады
116,053 сұрақ
294,506 жауап
152,845 пікір
60,451 қолданушы