Адамның дұрыс таңдауы

Бәлкім осы тақырыпты қозғап отырғанға жас шамам бойынша кіші болармын. Бірақ осы өмірде барлық ата-апаларымыз айтып отыратын бір ақыл осы болғандықтан өз ойымды, бәлкім ақылым деп айтсамда болар. Ақылымды, ойымды қосқым келеді. Айтады: осы өмірде қыз бала болсын, ұл бала болсын екі нәрсені дұрыс таңдау керек деп айтады. Оның біріншісі - мамандық болса, екіншісі - дұрыс жар таңдау. Әрине дұрыс мамандық таңдау барлық адамға керек. Себебі сенің мамандығын сенің болашағын. Ертеңгі күні өкінетін бір өзін боларсын. Мысал ретінде өзімді алсам. Мен мамандықты өз қалауым бойынша таңдадым. Мамандығым маған ұнайды. Ал кейбір адамдарды қарасан өз мамандықтары ұнамай жұмыс жасауға зауқы болмай отырады. Әрине, барлығымыз ата-анамыз таңдаған мамандыққа барып жатамыз. Ол бізге ұнасын, ұнамасын басқа амалдың жоқтығынан.Ең бірінші жүрек қалаған мамандықты таңдау керек. Сондықтан ең бірінші мамандықтан қателеспеу керек. Мамандық таңдамаған жасөспірімдер қазірден бастап болашақты ойлаған жөн.

Екінші, әрине ол жар таңдау. Жар таңдағанда адамның сыртқы келбетіне қарап емес сол жанның ішкі жан дүниесіне үңілу қажет. Ертеңгі күні болашақ балаларынның мейірімді анасы, сенің аялы жарын, ата-ананның сүйікті жары болатын адамды таңдау керек. Өмір бойы бір адаммен ғана тұратындықтан сол жанды ерекше байсалдылықпен таңдаған жөн. Қазіргі жастардың барлығында махаббат бірінші отырда тұр, Махаббат ол өткінші сезім. Бүгін болса, ертең жоқ дегендей. Сондықтан махаббаттын екінші орынға, сыйласытқты бірінші орынға қойған абзал болар. Қазір жас отаулардың ажырасуы көбейіп барады. Оның барлығы махаббат жоғалғаннан емес, сыйластықтың жоғалуынан деп білемін.

Сонымен, мен бұл блогта айтқым келгені: "Асыққан сайтанның ісі" дегендей әр шешімді бөлшегіне дейін зерттеп бітпейінше асығыс шешім қабылдамаңыз. 

Ақ парақтағы ойлар 27.03.2015 жариялады
116,035 сұрақ
294,371 жауап
152,840 пікір
60,340 қолданушы