Белгісіз Интернет қолданушы үшін 12.01.2015 жариялады
Егер сіздің жұмысыңыз компьютерге және интернетке қатысты жұмыс болса сіз виртуалды флешка ретінде Dropbox қызметін пайдаланып көрсеңіз болады.

Бұл қызмет арқылы сіз өз құжаттарыңызды, суреттеріңізді, видеоларыңызды интернет бар кез келген орында Dropbox-қа сақтап қоюыңызға болады деген сөз.

Сізде егер сенсорлы смартфон бар болатын болса, сіз ашық ауызды қорапты Dropbox деген жазуды көрген боларсыз. Сіз осы Дропбокстан аккаунт ашу арқылы өз смартфоныңыздағы барлық суреттерді сақтап қойсаңыз болады. Сол арқылы түсірген суреттерім жоғалып кетеді-ау деп қорықпайсыз.
117,378 сұрақ
300,580 жауап
153,171 пікір
64,139 қолданушы