Мен сүйетін жер бетінде біреу бар... [сұрақ жабық]

 

Ұнайды оған менің жазған өлеңім.
Содан шығар жырды жиі төгемін.
Бұрын "оны" жек көруші ем жаныммен,
Бірақ қазір қатты жақсы көремін. ..

Келгенімен көктем құшақ жайып күз,
Қоштаспадық тура жолдан тайып біз.
Мен де оны, ол да мені ұғады, 
Бірімізге біріміз де лайықпыз..

Шаршағанда шимай шумақ емдейді,
Жақтырмаса жақтырмасын ел мейлі.
Менің оны тастайтұғын ойым жоқ,
Ол да менен айырылғысы келмейді. .

Сондықтанда мұны миға меңгеріп,
Ұғына біл, жиі жеңбей пенделік.
Бақытты боп жүргенімде араға,
Бақытсыз ғып кете көрме сен келіп...

Ұсынбақ боп ұлы сезім қымбатын,
Қалдырарсың бұл серіні сынға тым.
Кешір саған қарағанда ол менің,
Жұдырықтай жүрегіме тым жақын...

Батар таңға атар тағы таңды із ғып.
Сені анаң өсірсе де бал қыз ғып. 
Мен сүйетін жер бетінде біреу бар, 
Оның аты- ЖАЛҒЫЗДЫҚ....

(Белгісіз автор)

Сұрақтың жабылу себебі: Ешқайсысың ашушы болмаңдар!
Поэзия 27.03.2015 жариялады

1 пікір

Лайк болса басар едім аямай-ақ...
116,035 сұрақ
294,371 жауап
152,840 пікір
60,340 қолданушы