Белгісіз Поэзия 27.03.2015 жариялады

Мазалады жанымды, сірә, кешкі ой,
Сезім-самал...өзіңсіз тұрады еспей.
..."Ливерпульді" сүйгендей сүйем сені,
Кетіп қалып жүрмеші Суарестей!

Кейде ұялып, өзіңнен көп қысылам,
Бақыт құсын аялап, көкке ұшырам.
Ронaлдуның соққысы түк те емес,
Саған деген жүректің соққысынан!

Хаттарыңды күтемін бар сабырмен,
Сен де мені сағынсаң аңса бірден.
О, сүйіктім, жанымда өзің жоқта-
Мессиі жоқ кәдімгі "Барсамын" мен.

Өзгешесің өзгеден, дара ақылың,
Анық еді жүректе қалатының.
...Саған ғана тұрақты болып қалам,
Мен өйткені Джеррардтың фанатымын.

(Жандарбек Жұманов)

Сұрақтың жабылу себебі: Ешқайсысың ашушы болмаңдар!

2 пікір

Жақсы шығарылған +1.
Зря я не читал блоги в этом сайте, қызықтың бәрі осында екен
117,203 сұрақ
299,332 жауап
153,127 пікір
63,732 қолданушы